Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқытудың теориясы мен технологиясы



бет6/13
Дата13.02.2017
өлшемі3,12 Mb.
#9156
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Лекция 7. Тақырыбы: Табиғи материалдардан «подделка» және «икебано» композициясында безендіру технологиясы.

Мақсаты: табиғи материалдардан бұйым жасау технологиясы мен техникасы туралы білімін қалыптастыру.

Лекция мазмұны.
Табиғи материалдардан баланың ойын бұйымдарын жасауға әр түрлі материалдар қоланылады. Оқушы жұмыс орындау үшін, алдымен табиғи материалдардан қандай бұйымдар жасауға болады:


  1. табиғи материалдардан аумақты бұйым құрастыру.

  2. аппликация техникасында бұйымдар жасау.

Құрастырылатын бұйымның сапалы болуы үшін алдымен дайындық жұмыстарын жүргізген орынды.

Ол дегеніміз табиғи материалдарды жинау мерзімі, оны тазалау және сақтау. Табиғи өзен жағасындағы материалдарға тастар, ракушкалар, ағаштың тамырлары, кепкен жапырақтары, ылғал болса кептіру, ағаштың бұтағы, дәндері, шыршаның шишкалары, өсімдіктердің кепкен гүлдері, сабақтары, тамырлары, жемістері, ағаштың қабықтары, жеміс-жидектің дәндері мен қабықтары және т.б..

Бұл материалдардан бұйым немесе тірі заттың бейнесін жасау үшін алдымен кептіріп тазалап, содан кейін жұмыс орнына әкеліп аспаптарды дайындайды. Ол үшін тескіш, қысқыш, басқа ағаш немесе метал өңдейтін аспаптар қажет болады. Мысалы, құстың бейнесін жасау үшін, оның кеудесін шыршаның немесе қарағайдың шишкаларынан жасау қажет сонымен бірге ракшкалардан және жаңғақтың қабығынан да жасауға болады. Оның бас және аяқ бөліктерін темір сыммен немесе ағаштың бұтақтарынан жасайды. өз ара бекітулерді сым темір материалын немесе пластиллин қолдануға болады. Ағаш немесе өсімдіктер, гулдердің құрамды бөліктерінен икебано жасауға өте қолайлы. Олардың композциясын жасағаннан кейін ыдыстарға салып бөлмелерді безендіруге болады. Сондай – ақ, бұл материалдардан аппликация техникасында коллаждар жасауда өте тиімді. Гулдер мен сабақтардан құралған композиция жасап оны жазық бетке бекітіп рамкаға желіммен, жіптермен немесе сым темірмен бөлмені безендіру. Коллажда материалдың кейбір бөліктерін әрлеу жұмыстарымен толықтыру да орын алады.

Дәнді дақылдардың сабағынан әсем бейне кескіндерін жасауға тиімді. Мысалы, бидай, арпа, күріштердің сабағынан аппликация техникасында бұйым жасау өте қолайлы. Ол үшін сабақты алдын ала дайындап. Кейін суға салып жұмсартып, тіліп жазық бет аламыз. Оны жапсыратын жазық тақтайша да дайын болу керек. Тақтайшаның бетін тушпен бояу қажет. Туштың құрамына желім қосқан орынды. Бетіндегі туш кетіп қалмас үшін. Кепкеннен кейін эскиз бойынша желіммен сабақты тақтайшаның бетіне жпасырып отырамыз. өзара параллель түрінде. Эскиз бойынша бейне кескінін толық алғаннан кейін, оның бетін лактап тастаймыз. Бұл бұйымды жасауға тақтайша, дәнді дақылдардың сабағы, пышақ, үтік, тушь, лак материалдары қажет. Жұмысты орындау уақыты шектеулі.



Бақылау сұрақтары:

  • Табиғи материалдар деген не№

  • Табиғи материалдар түрі;

  • Материалдарды дайындау сатылары;

  • Поделка жасау тәсілдері.

Әдебиет:

1. Цейтлин Е.Н.Справочник по тру-довому обучению. - Москва «Просвещение», 1983г.

2. Кузнецов Н.П. Методика трудового обучения с практикумом в учебных мастерских» Москва 1981г.

3. Давлетова К.Ш.Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулудың әдістемесі мен практикумы» РИО ЗКГУ, 2005ж.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет