«Бастауыш мектепте «Музыканы» оқыту әдістемесі»


 Лекциялық кешен (лекция тезистері)



Pdf көрінісі
бет5/85
Дата08.02.2022
өлшемі1,22 Mb.
#117960
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Байланысты:
мухика лекциа
лекций, Тақырып 13
 
Лекциялық кешен (лекция тезистері) 
Тақырып №1: Музыка өнердің түрі және тәрбие пәні 
ретінде 
1.
Музыкалық тәрбие әдістемесі пәнінің өзге ғылымдармен 
байланысы 
2.
Музыка өнердің түрі 
3.
Музыка тәрбие пәні ретінде 
1.
 
Музыкалық 
тәрбие 
әдістемесі 
пәнінің 
өзге 
ғылымдармен байланысы 


11 
Музыкалық тәрбие әдістемесі пәнінің өрісі кең болғандықтан 
оның мәнін тек өзге ғылымдармен байланысы негізінде ғана 
түсіндіруге болады. 
Философия ғылымы жеке тұлға мен қоғам проблемасын 
қарастырады. Оның міндеті – әлеуметтік дамудың жалпы 
заңдылықтарын 
анықтау. 
Философиялық 
ғылымдар 
(диалектикалық 
және 
тарихы 
материализм, 
ғылымтану, 
әлеуметтану, этика, эстетика және т.б.) музыкалық тәлім-
тәрбиенің мәні мен мақсаттарын анықтауга, оның адамның 
тұрмысы мен ой-санасына ықпал-әсерін дұрыс есепке алуға 
көмектеседі, тәрбие багытын дұрыс жобалуға септігін тигізеді. 
Ғылым мен қоғамда болып жатқан уақиғалар жөніндегі 
мағлұматтармен қаруландырады. 
Көптеген 
философиялық-әтикалық 
категориялар 
мен 
қағидалар тек жалаң теорияда ғана емес, музыкалық білім беру 
практикасында да орын тепкен. Оған дәлел өмір мен өнердің 
өзара әрекеттестігіне, адамның дүниеге деген көркемдік-образдық 
қарым-қатынасына негізделген Д.Б. Кабалевскийдің музыка пәні 
бағдаралмасының мазмұны болып табылады. 
Психология ғылымы жетістіктерінің музыкалық білім беру 
педагогикасы үшін маңызы зор. Психология – психикалық 
процестердің және адамның тұлғалық сапа-қасиеттерінің даму 
механизмі мен заңдылықтарын қарастыратын, сондай-ақ жеке 
тұлганың дамуын зерттейтін заңдарды жасайтын ғылым.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет