«Бастауыш мектепте «Музыканы» оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет11/85
Дата08.02.2022
өлшемі1,22 Mb.
#117960
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   85
Байланысты:
мухика лекциа

2.
 
Орта ғасырдағы музыкалық тәрбие тәжірибесі 
Ортағасырлық Европаның негізгі мектебі-шіркеу мектебі, ал 
оқыту тілі–латын тілі болды. У ғасырдан–ХУ ғасырға дейін 
Европадағы басым оқу-тәрбие орыны болып шіркеу мектебі 
есептелді.
Шіркеу мектептеріндегі ән айту тәрбиесінде хор тұлғаның 
қауыммен одақтасуына қызмет етті. Ән айтуға үйретуде есту 
арқылы жаттау тәсілі қолданды. ХІ ғасырдың соңынан бастап 
ашылған университеттің дайындық факультетіне артистік (өнер 
факультеті) жатты. Бұл музыка өнерінің осы кезеңде болашақ 
ұрпақты тәрбиелеудегі орнының жоғары болғандығының айғағы.
Батыс Европада орта ғасырда қоғамның барлық саласын дін 
басып алды. Озық ой-пікір айтқан әр адамды, діни тәрбиеге қарсы 
шыққан ойшылды шіркеу ел алдында масқаралап, жазалап 
отырды. Батыс Европада озық педагогикалық ой-толғам біраз 
уақытқа тоқтап, дамымай қалды. Сондықтан, орта ғасырда 
алдыңғы 
қатарлы 
педагогикалық 
ой-пікірді 
біз 
араб 
ойшылдарының еңбегінен, іс-әрекетінен көре аламыз.
Аса құнды мәліметтерді орта ғасырлық ұлы ойшыл 
Әл-
Фарабидің
оқыту мен тәрбие мәселелері қарастырылған 
трактаттарынан кездестіреміз. Оның «Екінші аналитика» 
трактатында педагогтық іс-әрекет негіздері қарастырылады. 
Ғалым сол кездің өзінде-ақ дидактиканың оқыту мен білім беру 


15 
мазмұнын, оқыту әдістері мен қағидаларын, дербес пәндерге 
оқыту ерекшеліктерін зерттейтіндігін білді. Ол математика, 
геометрия және музыка пәндерін оқытуда бірізділік және 
көрнекілік қағидаларын қолдануды ұсынған болатын.
Орта ғасырдағы араб ойшылдарының еңбегінің біртіндеп 
Батыс Европаға өтуі нәтижесінде, озық педагогикалық ой-пікір 
осында қайта жаңғыра бастады. Бұл кезеңді Қайта өрлеу дәуірі 
деп атау дәстүрге айналды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет