«Бастауыш мектепте «Музыканы» оқыту әдістемесі»


Тақырып №3: Шетелдегі музыкалық тәрбие беру



Pdf көрінісі
бет13/85
Дата08.02.2022
өлшемі1,22 Mb.
#117960
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   85
Байланысты:
мухика лекциа

Тақырып №3: Шетелдегі музыкалық тәрбие беру 
жүйесінің ерекшелігі 
1.
З.Кодайдың музыкалық тәрбие беру жүйесі
2.
К.Орфтың музыкалық тәрбие жүйесі 
3.
ХІХ-ХХ ғасырдағы Батыс Европа мемлекеттеріндегі 
музыкалық тәрбие жүйесі. 
1.
 
З. Кодайдың музыкалық тәрбие беру жүйесі 
Шет ел музыка тәрбиесінің жүйесі ретінде венгр 
композиторы, педагогы 
Золтан Кодай
(1882-1967) мен неміс 
педагогы-музыканты Карл Орфтың (1895-1982) музыкалық 
бағдарламалары озық болып табылады. Бұл екі жүйес бір-бірінен 
өзгешеленгенімен ортақ қасиеттері бар: ұлттық музыкаға 
негізделеді. Балаларда музыкалық мәдениетін дамыту, олардың 
музыкалық қабілетін белсенді дамытуға сүйенеді.
З.Кодай пікірінше: венргелерге тән пентатониканы балалар 
меңгергеннен кейін ғана батыстық мажор-минор жүйесіне 
баулуға болады. Керісінше болған жағдайда пентатоника жат 
болады.
З.Кодай бағдарламасының негізінде халық музыкасы жатыр. 
Музыкалық 
фольклорда 
эстетикалық 
және 
этикалық 
құндылықтар, ұлттың өзіне тән ерекшеліктері оның назарын 
аударды. Әр түрлі ырғақтық және әдістемелік элементтерді венгр 
халық әндерінің үлгілерінде біртіндеп қиындату тәсілі арқылы 
үйретеді. 1943 жылы Кодай мектепке арналған әндер жинағын 
баспадан шығарды. Венгр музыкасы пентатоникаға негізделген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет