«Бастауыш мектепте «Музыканы» оқыту әдістемесі»


Қазақ даласындағы ағартушылық пікірлердің дамуы



Pdf көрінісі
бет21/85
Дата08.02.2022
өлшемі1,22 Mb.
#117960
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   85
Байланысты:
мухика лекциа

2. Қазақ даласындағы ағартушылық пікірлердің дамуы 
мен ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушы педагогтарының 
музыкалық тәрбие туралы ой-толғамдары. 
Қазақ даласындағы музыкалық тәрбие беруге қатысты 
мәліметтерді, әсіресе ағартушылық, педагогтық ой-пікірлерді біз 
қазақ елінің ғалым тұлғалары Әл-Фарабидің және оның із 
басарларының философиялық еңбектерінен, Ш.Уәлихановтың 
көзқарасынан, 
Ы.Алтынсариннің 
педагогтық 
әрекетінен, 
Абайдың әдеби шығармаларынан саралап аламыз. ХІХ ғасырдың 
екінші жартысында қоғамдық сананың дамуында жетекші рөлді 
ағартушылық-демократиялық 
ой 
атқарды. 
Қазақстандағы 
ағартушылық бағыт дүниежүзілік ағартушылық ойдан 
оқшауланбай, осы уақыттағы жалпыресейлік қозғалыстың 
ықпалы тиген дербес құбылыс ретінде дамыды. 


22 
Әбу Насыр Әл-Фарабидің (870-950) - ислам дүниесінің ең 
ірі, аты әлемге жайылған, «Екінші ұстаз» деген атқа ие болған 
ғұлама философтың «Музыканың Ұлы кітабы» атты еңбегінде: 
“музыка адамның ең күрделi эмоциялық сезiмiн бiлдiруге 
қабiлеттi,...музыкалық өнердiң түрлi бөлiктерiне оқып-үйрену 
нәтижесiнде қол жетедi” деген тұжырымы қазiргi кездегі 
педагогика ғылымының деректерiмен дәлелденуде.
Қазақстан 
демократтары 
ХУШ 
ғасырдағы 
Европа 
демократтары сияқты жалпы ұлттың атынан сөйледі. 
Шоқан 
Уәлиханов
өзінің зерттеу еңбектерінде жинаған халық 
шығармашылығы арқылы халықтың арман тілегі тұрмыс-
қаракетін, көз-қарасын баяндады, ұмытылып бара жатқан мәдени 
дәстүрлерге (поэтикалық, музыкалық, сәнді-қолданбалы өнер т.б.) 
көңіл аударып, оны халықтың адамгершілік - эстетикалық тәрбие 
құралы ретінде пайдаланғанын көрсетті. 
Абай Құнанбаев 
жастарды тәрбиелеудің әр түрлі жолдарын, 
ең алдымен отбасыда, мектепте әдебиет арқылы тәрбиелеуді 
ұсынды. Көркем сөздің, музыканың тәрбиелік маңызына тоқтала 
келіп, Абай айналасындағыларды, әсіресе жастарды тек өзінің 
тамаша өлеңдерімен, ғаклия сөздерімен, орыс классиктерінен 
аударған шығармаларымен және әсем сазды әндерімен, 
күйлерімен де тәрбиелеп, білім алуға шақырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет