«Бастауыш мектепте «Музыканы» оқыту әдістемесі»


 Кеңес дәуіріндегі музыкалық тәжірибе (1917-1980)



Pdf көрінісі
бет17/85
Дата08.02.2022
өлшемі1,22 Mb.
#117960
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   85
Байланысты:
мухика лекциа

2. Кеңес дәуіріндегі музыкалық тәжірибе (1917-1980) 
Кеңес үкіметі 1917 жылы 7 қараша (25 қазан) Қазан 
төңкерісінен кейін билікке келді. Осы кезден бастап кеңестік 
дәуір қалыптасты. Бұл дәуірдегі тәрбие жүйесі тұлғаның 
қызығушылығын қоғамға тәуелді етіп қалыптасты.
Музыкалық тәрбие Қазан төңкерісінен кейінгі жылдары 
«еркін тәрбие» теориясының ықпалында болды, кейін «кешенді 
оқыту», «жоба әдісі» теориялары әсер етті. «Комплексті» және 
«бригада-лабораториялық әдістің» байланысы педагогикалық 
тәжірибеде көп қателіктер жіберілді: оқытк жүйесі бұзылды, 
сабақ берудің дербес түрі назардан тыс қалды.
1930 жылдан бастап Одақта музыкалық тәрбие беру 
мәселесін сыныптан тыс және мектептен тыс мекемелерде өткізу 
қолға алынды: балаларға арналған арнайы көркем тәрбие үйлері, 


19 
Пионерлер үйлері, Мәдениет сарайларында балалар секторы 
жұмыс істей бастады, балалар көркемөнер ұжымдары құрылды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында (1941-1945) музыка мектепте 
бастауыш сыныптар жоспарында ғана (1-ІУ) белгіленіп, сабақты 
бастауыш сынып мұғаліміне (маманға емес) жүктелді. 
Музыкалық психология, музыкалық тәрбиенің теориясы мен 
әдістемесі бойынша Б.М.Теплов, В.Н.Шацкая, Н.Л.Гродзенская 
еңбектері елеулі болды. 
1965 жылы «Музыка» деп аталған мектеп бағдарламасы 
жарыққа шықты. Бірақ жаңа атпен шыққан бағдарламаның 
мазмұны өзгеріссіз қалды. 1967 жылы тағы бір «Музыка» 
бағдарламасы шықты. Бұл бағдарлама мазмұны 1965 жылғы 
бағдарлама мазмұнына ұқсас, тек жаңа тақылыптар енгізілген. 
1970-1980 жылдардағы білім беру процесі музыкалық 
тәрбие мен білім беру ісін қайта қарастыруды талап етті. Оның 
себептері: Кеңес Одағындағы республикаларда музыкалық тәрбие 
әр түрлі ұстаныммен жүзеге асты, ауылдық мектептерді музыка 
пәні мұғалімімен қамтуда және жалпы білім беретін мектептерде 
балаларды алты жастан бастап оқытуға көшудің қиындықтары 
болды. Сондықтан музыкалық тәрбиеге арналған жаңа 
бағдарламалар, жаңа оқу құралдары шыға бастады. Балаларға 
музыкалық тәрбие беру ісі негізінен мектептен тыс мекемелерде 
жақсы жүргізілді.
Сондықтан, 1980 жылдары 
Д.Б.Кабалевский «Музыка» 
бағдарламасын
құрастырып, өзі іс тәжірибесінде көрсетіп берді 
(теледидар арқылы өзі жүргізген «Музыка» сабағы көрсетілді). 
Бұл бағдарлама Одақ республикаларында өзіндік ұлттық 
ерекшелік ескеріле пайдаланылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет