Глоссарий Дене тәрбиесі – қозғалыс жүйесіндегі тәрбие түрі, арнайы дене шынықтыру білімін игеру, физикалық сананы тәрбиелеу.
Дене мәдениеті – қоғамның жалпы мәдениетінің бөлігі, дене тәрбиесінің жетістік бөлігі.
Саяхат – дене тәрбиесінің бағалы бөлігі, адамдардың табиғаттағы демалысы.
Гимнстика – денсаулықты нығайту мақсатында қолданылатын негізгі физикалық жаттығулар жүйесі.
Төзімділік – ағзаның белгілі бір уақытқа жұмыс жүктемесіне төзуі.
Күш – адамның сыртқы күш әсеріне төтеп беруі.
Жылдамдық – адамның белгілі бір әсерге аз уақыт жұмсауы.
Иілгіштік – адамның үлкен амплитудамен қозғалыс жасауы.
Шапшаңдық – адамның жаңа қозғалысты тез игеруі және бейімделуі.
Техника-тактикалық дайындық – бұл негізгі қозғалыс бейімдерін шығармашылық жағынан игеру.
Көкпар – ат үстіндегі ойын.
Аударыспақ – ат үстіндегі күрес.
Тоғыз-құмалақ – арифметикалық ойын.
Физикалық дайындық – дене тәрбиесінің жан жақты негізгі бөлімі.
Қолданылған әдебиеттер тізімі М.И.Адамбеков., М.Ш.Тұяқбаева, Е.Қ. Уанбаев
Жалпы білім беретін мектептерде дене тәрбиесі сабағын жүргізу әдістемесі (Әдістемелік ұсыныстар, 2012 ж.)