Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының критерийлері


Ата-аналармен жеке кездесу



бет11/12
Дата07.03.2022
өлшемі38,19 Kb.
#134437
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысы

Ата-аналармен жеке кездесу
Сынып жетекшілерінің, мұғалімдердің ата-аналармен жеке кездесуі мектеп өміріне дәстүрге айналған. Оқушылардың отбасына бару, ата-аналарды шақыру арқылы сынып жетекшілері олармен кездеседі. Ата –аналармен әңгімелесудің барысында баланың мінез-құлқы, ынтасы мен қабілеті, қызығушылығы мен бейімділігі, отбасы мүшелерімен ,жолдастарымен қарым-қатынасы жайлы түсінік алады. Сонымен бірге, сынып жетекшілері ата-аналарды балаларының үлгерімі ,қоғамдық жұмыстарға белсенділігі кейбір қылықтары жайлы мәліметтермен таныстырады. Оқушылардың күн режимі, оларды еңбекке баулу, үйге берілген тапсырмаларды орындау жайлы ата-аналарға педагогикалық еңес береді.
Ата-аналарды мектепке шақырып сөйлесудің де маңызы зор. Ата-аналармен сөйлесу мазмұны әртүрлі тақырыптарға байланысты. Мәселен, бала жақсы оқыды ,тәртібі де жамна емес, бірақ қоғамдық пайдалы жұмысқа қатысуға ынтасы жоқ. Бұл жөнінде ата-аналарды күн бұрын ескерту, оларға дұрыс кеңес беру өте қажет. Ғылымның кейбір салаларында баланың дарындылығын дамыту мәселесі жайлы, ал кейде ата-аналарды баланың өрескел қылықтары үшін де шақыруға тура келеді.
Міне, осы жағдайларға ата-аналармен кездесіп, оларға педагогикалық кеңес беру сынып жетекшілерінің, мұғалімдердің, мектеп басшыларының борышы, нақты көмегі. Мектепте кездесу үшін ата-аналар күні белгіленеді. Осы күні олар мектепке келіп, тәрбие оқу мәселелері жайлы пікір алысады, қажетті педагогикалық кеңестер алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет