Сезімталдық тәрбиесі - тәрбие үдерісінің түпкілікті де аса маңызды және бір элементі. "Сезімсіз адам - кесек, ма-хаббатсыз адам - есек" - деп ұлы ғұлама А. Науаи айтқандай, адами көңіл шарпулары, яғни эмоция жұтаң ортада, ақиқат ізденісі жоқ, тіпті болмайды да. Ал балалық шақтағы көңіл сезімі - әрқандай әрекет-қылықтың қозғаушы күші. Сезімді әрлендіре, әрі оны арқау етумен тәрбиешілер көзделген талап-тар мен ережелердің дұрыс та тез қабылдануын қамтамасыз ете алады.
Алайда, тәрбие үдерісінің басты кезеңі - іс-әрекет қаншама ғанибет сұхбат, кеңес, түсіндірулер мен уағыздар болғанымен, олардан түсер нәтиже жоқтың қасы. Егер бала өз еркіндігін дербес жәрия ету мүмкіндігінен ажыралса, егер ол қателесіп, сұріне "маңдайын жарға ұрмаса", егер ол іс-әрекетке тікелей араласып тәжірибе топтамасы, әрекет-қылықтың көзделген нұсқау-талаптарын ұқпайды. Осыдан да балаларға барын-ша мол ақылға сай еркіндік беріп, олардың қылық-әрекетін іспен байланыстыра, білдірмей әрі әдептілікпен түзетіп, рет-теп бару қажет. Тұрмыста, мектеп тәжірибесінде бұл тәрбие кезеңі таза күйінде дербес өтпейді, ол әрдайым көзқарас, на-ным, сезімдерді қалыптастыру істерімен бірге орындалып ба-рады. Тәрбие үдерісі құрылымында педагогикалық мақсатқә сай, жоғары деңгейде ұйымдастырылған бала іс-әрекетіне, тәжірибелік жұмыстарына неғұрлым көп мән берілсе, тәрбие тиімділігі соғұрлым арта түседі.
Сонымен, тәрбие үдерісі барша кезендерді өтуі тиіс, сон-да ғана ол тиімді. Ал нәтижелілікке сүйеніш болар кезеңдер - білім, наным, сенім - тұрмыстық іс-әрекетпен ажыралмас байланысты болуы заңдылық.
Білім беру технологиялары және оны оқу-тәрбие үрдісіне енгізу жолдары.
Білім беру технологиялары жөнінде мынандай түсініктер бар
Білім беру технологиясы – бұл-
1. Оқытудың жоспарланған нәтижесіне жету үрдісін суреттеу / И.П. Волоков/
2. Оқу үрдісін жүзеге асырудын мазмұнды техникасы /В.П. Беспалько/
3. Өнер, шеберлік, біліктілік, жағдайды өзгерту, қайта өңдеу әдістерінің жиынтығы. / В.М. Шепель/ және т.б.
Педагогикалық технология – ғылымда оқытудың тиімді жолдарын зерттеуші және оқытуда пайдаланатын әдістердің, принциптердің жүйесі, сондай-ақ оқытудың нақты үрдісі ретінде қызмет атқарады.
Педагогикалық технологияның құрылымы:
1. Тұжырымдамалық негізі.
2. Оқытудың мазмұнды бөлімі.
3. Оқытудың жалпы және нақты мақсаты.
4. Оқытудың материялдық мазмұны.
5. Білім беру үрдісін ұйымдастыру.
6. Мектеп оқушыларының оқу қызметінің әдістері мен тәсілдері.
7. Мұғалімдердің жұмыс жүргізу әдістері мен формалары.
8. Білім беру және оны меңгерту үрдісіндегі мұғалімнің басқарушылық қызметі.
9. Білім беру үрдісін диагностикалау.