Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының критерийлері


Ата-аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшінің қызметі



бет9/12
Дата07.03.2022
өлшемі38,19 Kb.
#134437
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысы

Ата-аналармен атқаратын жұмыстарында сынып жетекшінің қызметі
Сынып жетекшісі жоғарыда аталған міндеттеріне сай 5 қызметті атқаруы тиіс.
1.Ата-аналарды сыныптағы оқу-тәрбие процесімен және әдістемесімен таныстыру. Сынып жетекшісі ата-аналар жиналысының бірінші отырысында осы мәселеге байланысты өзінің ұстанымы мен педагогикалық көзқарасын баяндайды. Оның мақсаты және міндеттерімен, соған сай өзінің әрекет ету бағдарламасы және тәсәлімен, тәрбие жоспарымен таныстырды. Ата-анамен бірлесіп оны жүзеге асыру жолдарын қарастырды. Осындай отырысқа сол сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерін және мектеп әкімшілігін шақыру мүмкіншілігі қарастырылады. Мұғалімдер өздері жүргізетін пәндердің ерекшеліктері , мазмұны мен әдістемесі және оқушылардың үй тапсырмасын орындау жұмыстарына қатысты мәселермен ата-аналарды таныстырады.
2. Ата-аналармен педагогикалық психологилық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру. Сынып жетекшісі бұл бағытта ата-аналардың педагогикалық және психологиялық білімдер жүйесін меңгеруіне, балаларды әлеуметтік ортадағы мінез-құлқын жақсы білуіне сай, оларға ағартушылық қызмет атқарады. Қазіргі мектеп жағдайында ата-анлардың жалпы білім деңгейі сөзсіз артуда. Бұл олардың педагогикалық көзқарастарында қателіктердің болмауына сенімдерін орнықтырады. Дегенмен де педагогикалық- психологиялық зерттеулер нәтжесі ата-аналардың педагогикалық –психологиялық мәдени деңгейлерінің төмендігіне үнемі назар аударады. Сол үшін, бүгінгі таңда қоғамның және ата-аналардың оған деген сұранысы күнннен-күнге артуда.
Осы орайда , әрбір сынып жетекшісінің алдында тұрған міндет ата-аналар және мектеп жағдайына тура келетін жұмыс істеу формаларын таңдау. Сондықтан, мұнда мектеп тәжірибесінде ат-аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарына қатысты өзін-өзі ақтаған кейбір дәстүрлі формаларды атаймыз.
3. Ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру. Мұнда тәрбиелеу ортасын кеңейту, оқу тұлғасының дамуына ықпал ету өрісін арттыру, сабақтан тыс тәрбие әрекетін ұйымдастыру, осы әректтер барысында мұғалімдер, ат-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынасын жақсартуды көздейді.
Мекте тәжірибесінде ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстырудың формаларын қолданылады :
- сабақтан тыс әртүрлі шараларға қатыстыру (мәдени жорық, саяхат, кеш, спорттық жарыстар, т.с.с.) ;
- жалпы мектеп көлемінде өтілетін дәстүрлі шараларға қатыстыру (мектеп бітірушілермен кездесу, соңғы қоңырау, жаңа жыл шыршасы, халықарлық әйелдер мейрамы, наурыз, оқушылардың жазғы демалысын өткізу, т.с.с.);
- балалардың сабақтарына, олимпиада, кештерге , апталықтарға, ата-аналардың ашық есік күніне т.б.
- мектептің кәсіптік бағдар жұмыстарына қатысу ( еңбек адамдарымен кездесу, өндіріске саяхат, кәсіби бағдар бөлмесін жабдықтау жұмыстары ) ;
- өздерінң мамандықтарына сай факультатив және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру;
- балалардың аула клубтарын құруға;
- мектептің және сынып кеңестерінің жұмыстарына;
- мектептің және сыныптың жөндеу жұмыстарына, ауланы көгалдандыруға қатысу, кітапхана қорын молайтуға, көрмелер ұйымдастыруғ;
- мектептің неиесе сыныптың әртүрлі шараларын ұйымдастыру және оларды өткізуге өндіріс және фирмалар арқыл материалдық көмек көрсету т.б.
4.Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға педагогикалық-сихологиялық кеңес беру.
Бұл бағытта кейбір отбасында бала тәрбиесіне қатысты туындап отырған мәселеге қатысты көмек көрсету, ақыл-кеңес беру.
5.Ата-аналар белсенділермен жұмыс және ата-аналардың әртүрлі қоғамдық ұйымдармен, жұртшылықпенөзара әрекеттесуі. Сынып жетекшісінің бұл бағыттағы жұмыстары ата-аналардың комитетін құрып, оның мүшелеріне белгілі бір бағытта тапсырмалар беру, олардың жұмыстарын ұйымдастыруға кеңкс беру, қолғабыс көрсетуден басталады.
Кейбір ата-ана өз балаларының сыныпта атқарып жүрген қоғамдық жұмыстарына барынша қолдау көрсетеді. Мысалы, баласы спорттық шараға, мәдени жорыққа жауапкер болса, оның ата-анасы да өз мүмкіндігінше баласына қолдау көрсетіп, оған қажетті материалдарды табуға көмектесіп отырады. Мұндай ата-аналарды сынып өміріне араластырып отыру да сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысына жатып жатады.
Сонымен бірге сынып жетекшісі бұл бағытта ата-аналардың жалпы мектеп көлеміндегі және аумағындағы қоғамдық ұйымдармен де мектепке қатысты жалпы мәселерлерді ортақтаса шешуде бірлесе жұмыс жүргізеді (ата-аналар комитеті ,кеңесі, құқық қорғау мекемелері т.б.)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет