Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының критерийлері


Мектеп пен жанұяның өз-ара әрекеті



бет7/12
Дата07.03.2022
өлшемі38,19 Kb.
#134437
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысы

1. Мектеп пен жанұяның өз-ара әрекеті.
В.А Сухамлинский оқушылардың ата-аналармен жұмыс істеудің маңызына ерекше назар аударып: “Тек ата-аналармен бірге, жалпы күш жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бақыт беруі мүмкін”, - дейді. Олай болса, отбасы мектеппен бірге тәрбиелік ортаның тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтан педагогикалық әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің тым кеңдігіне қарамастан, ата-аналармен жұмыстың маңызы ерекше.
Қазіргі мектепте жағдай көптен өзгеруде : оқу және тәрбие процесінің құрылымы мен мазмұны, соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көз қарастары, олардың өзара қарым – қатынасы , сабақтың ұйымдастыру формалары мен өткізу техналогиясы, көптеген оқу пәндерін оқытудағы жаңа көзқарас, сонымен қатар сыныптан тыс тәрбие жұмысы. Мектепті басқару ісі біртіндеп демократиялық бағытты ұстануда. Яғни, педагогикалық әрекеттегі үшбұрыш – мұғалім –оқушы – ата- наға қатысты жағдай да жаңа демократиялық қарым-қатынасқа ие болуда. Олай болса, осы қарым-қатынасты реттеп отыратын әкімшілік –командалық жүйеде ендігі жерде келмеске кетті.
Бүгінгі мектептің ата-аналармен жұмысның кейбір дәстүрлі түрлері өзінің маңызын жоюда: ата-аналар лекториясы мен университеттері, ата-аналардың ашық күні, ата-аналардың жұмыс орнымен байланыс, баланың отбасына бару т.с.с.
Дегенмен де тәжірибелі мұғалімдердің көзқарастарында, ол олай болуы тиіс емес еді. Соған орай түйіні шешілмеген мәселелерді шешуде мұғалімдер мен оқушылар, ата-аналар мен оқушылар өзара байланыссыз жалқы қалып отыр. Әсіресе мұндай жағдай мұғалімдердің ата-аналармен ынтымақтастық қарым қатынасына кері әсерін тигізуде. Бүгінде бала тәрбиесіне олардың бір-біріне айтар ақыл-кеңесі ауадай қажет болып отыр.
Сондықтан да ата –аналар балаларды тәрбиелеу ісінде мектеппен қарым-қатынас, тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп есептеуі тиіс, өйткені , олардың өз балаларынтәрбиелеудегі жетістіктері сынып, мектп ұжымдарының оқу тәрбие жұмыстарының нәтижесіне байланысты. Бұл жағдай оқу – тәрбие процесінің мазмұнын, сапасын және тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектептің ынтымақтасып жұмыс істеулерін қажет етеді.
Мектептің ата-анамен жүргізетін жұмысының осы екі жақтың байланысы мен әрекет бірлігінің тұрақтылығынан көрінеді. Бұл тұрақтылықты ең алдымен сынып – жетекшісі қамтамасыз етеді. Ол мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты ұйымдастыруда жетекші қызмет атқарады. Мектептің баланы тәбиелеуге қатысты саясатын отбасының түсінуі, соның жұмысна байланысты. Мұндай жағдай да отбасыны негізгі тапсырыс беруші және баланы тәрбиелеуде метеппен одақтас ретінде қарастырған жөн. Сондықтан сынып жетекшісінің оы бағыттағы жұмысының негізіне мектеп пен ата-аналар және балалардың өз-ара қарым-қатынасы мен әрекетінде бірлікте, ынтымақтастыққа қол жеткізу, ол үшін баланың дамуына жағымды көңіл-күй, мен жағдай жасау. Оны нітижелі шешу мүмкіндігі, егерде тәрбие жұиысының негізінде сол ынтыақтастық әрекет оын алған жағдайда ғана болады. Ол өзар сенім мен құрмет, өзара көмек пен қолдау, бір-біріне шыдамдылық көрсету ынтымақтастықтың негізіне айналуы тиіс.
Дегенмен, мектеп оқушыларымен жұмыс істеу көп ізденуді, еңбек етуді қажет етеді. Әсірее сынып жетекшісіне жүктелер жауапкершілік мол. Оны оқушылардың ата-аналармен тығыз болған жағдайда ған талапқа сай жұмыстар жүргізуге болады. Сол үшінде ата-аналар өз тарапынан мектепке көмектесуге міндетті.
Сынып жетекшісінің ата-аналармен қоян-қолтық істеуі мақсатты түрде өте ұзақ мерзімді қажет ететін процесс. Ол, үшін отбасыны және оның отбасы тәрбиесіндегі ерекшеліктері мен жағдайын жан- жақты әрі жүйелі зерттеуді қажет етеді.
Олай болса сынып жетекшісіеің ата-аналармен жұмыс істеу қажеттілігі неде?
- баланың өмірін ұйымдастыруда, оның тәрбиесіне қатысты мәселелерді шеуде ортақ көз- қарастың болуы;
- баланың отбасы мен мектеп жағдайындағы дамуын және әлеуметтенуін тиімді ұйымдастыру мақсатында тәрбиенің бірыңғай ұстанымдарын қоюда;
- баланың әлеметтік-педагогикалық және психологиялық даму жағдайын ескере отыра, тәрбиенің мақсаты және міндеттерін дұрыс анықтау, оларды жүзеге асыру үшін;
- баланың жан-жақты үйлесімді дамуы үшін тәрбиелік ықпалды тиімді және нәтижелі ұйымдастыруда;
- балаға мектеп пен мектептен тыс тәрбие мекемелерінің, ата-аналармен жұртшылықтың педагогикалық қолдауын ұйымдастыруда;
- баланы түрлі ортада, әртүрлі жағдайда жан-жақты жақсы танып білуі үшін,;
- балаға ықпал етудің жалпы тәсілі мен техникасын ойластыруда, әртүрлі өмір жағдайында оның тұлғасына әсер етуде күш-жігерді бріктіру үшін;
- сынып жетекшісі, оқушылармен ата-аналардың жағымды көңіл- күйін, өзара жағымды түсіністік пен ынтымақтастық қарым-қатынасын орнықтыруда т.с.с.
Осыдан барып мектеп пен жанұя жағымды факторларға негізделген өзара қызметінің маңыздылығы түсінікті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет