Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының критерийлері


Тәрбие жүйелері және олардың дамуы



бет3/12
Дата07.03.2022
өлшемі38,19 Kb.
#134437
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысы

Тәрбие жүйелері және олардың дамуы.
Тәрбие үдерісінің құрылымы
Тәрбие үдерісі қапай жасалатыны, оның ішкі құрылымы қандай екенін білу оңай емес. Себебі бұл үдерістің ете күрделілігінен оның құрылымдық өлшем-шектеріде сан-алу-ан. Тәрбие құрылымын ажыратып тануда біз осы үдерістің мақсаттары мен міндеттерін, тәрбие үдерісінің мазмұнын, оның өту жағдайларын, тәрбиеші мен гәрбиеленуші ара-қатынастарын, тәрбиелік істе қолданылған әдістер мен фор-маларды, үдерістің уақыт шектеріндегі даму кезеңдерін арқау етіп жүрміз. Аталған құрылымдық негіздердің кейбірінің сипат-тамасын берейік.
Тәрбие үдерісінің құрылымы өз мақсаттары тұрғысынан шешілуі тиіс міндеттер бірізділігімен белгіленеді. Осы таңдағы бастауыш мектеп тәрбиесінің бағыттары төмендегідей:
- жан-жақты, үйлесімді дамыған адам қалыптастыру;
- жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаның адамилық сапаларын тәрбиелеу;
- оқушыларды ғылыми, мәдени, көркем өнерлік құнды-лықтарға араластыру;
- қоғамда болып жатқан демократиялық жаңалану мен тұлға құқықтары және міндеттеріне сәйкес өмірлік көзқарас, бағыт тәрбиелеу;
- оқушы мүмкіндіктері мен ниеттерін, қогам талаптарын бір-лікті ескерумен оның бейімділігін, қабілеттерін және қызығу-ұмтылыстарын дамыту;
- жеке тұлғалық және әлеуметтік мәнді, көп түрлі қызмет, іс-әрекеттерді ұйымдастыру;
- тұлғаның әлеуметтік аса маңызды қызметі - қарым-қатынасын дамыту.
Өз даму барысында тәрбие үдерісі белгілі сатылардан өтеді. Тәрбие үдерісінің бірінші сәтысы - оқушылардың өзінен талап етілген қалыптар мен әрекет-қылық ережелерін түсініп, угуы. Бұл талап орындалмай, көзделген тұлғалық әрекет-қылық қалыптасуы мүмкін емес.
Гуманистік педагогика тұжырымы: балапарға нені, не үшін және не себепті осылай істеу керектігін жалықпай, шыдам-мен түсіндіру қажет. Әрекет-қылық қалытарын игерудің негізгі жолы осы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет