3.« Мен ата — анаммен мақтанамын!» атты фотосуреттер көрсету, талқылау, ата-анасын мадақтау. — Ал енді әркім өздері дайындаған отбасы жайлы материалдарымен таныстырып өз отбасы жайлы айтады.
4. Папа пен мама сөзіне түсінік беру. — Бұл екі сөз де қазақ тіліне жат болған. Бірақ бірнеше ондаған жылдан бері қазақ тілінің ең көп қолданылатын сөздерінің қатарында келеді. Көп адам екеуін де орыстың сөзі деп, қазақылыққа жат сөздерге жатқызады. Тіпті, әкесін «папа» деп атайтындарды жетесіздер, арсыздар қатарына жатқызатындар да бар. Қоғам болған соң әртүрлі пікірдегі адамдардың болатыны табиғи заңдылық қой. «Папа» мен «мама» сөздері ешқандай да орыстың немесе басқа да славян халықтарының төл сөздері емес. «Папа» сөзі көнедегі гректің «papas» сөзі мен латынның «papa» сөздерінен шыққан. Католиктік шіркеуде дінқызметкерлерінің ең лауазымды, ең жоғары қызметкеріне «Папа» деген атау берген. Мысалы, Рим Папасы Бенедикт VIII деген сияқты. Сөйтіп орыстар арқылы қазақ еліне де жетті. «Папа» сөзі — орыстардың сөзі» деуге болмайды. Өйткені ол сөздің орыстар арқылы жеткені болмаса, түп тамыры латын тілінде жатыр. Орыстардан басқа әлемнің қаншама ұлты әкені «папа» деп атайды. Мама сөзі де солай: әлемнің көптеген ұлттары ананы «мама» деп атайды. Бірақ «мама» сөзінің мағынасы ертедегі шіркеулерге қатысты емес. Мама — латынша «mamma (мағынасы: әйелдің емшегі)» сөзінен шыққан. Баласын емізетін әйелді, яғни ананы «мама» деп атау ертедегі латын тілінен шыққан деуге толық негіз бар. Барлық тілде дерлік баламасы бар