6. Сергіту сәті:(саусақ гимнастикасы: балалар саусақтарын жұдырықтарына түйеді)
Бір үйде біз нешеуміз?
Кел, ойнайық екеуміз:
Бас бармағым — папам,
Балаң үйрек — апам,
Ортан терек — ағам,
Шылдыр шүмек — мен,
Титтей бөбек — сен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз! (балалар жұдырықтарын ашып, жұмады)
7. Фотосурет бойынша әңгімелеу
— Бүгін мен сабаққа әрқайсың өз отбасыңның фотосуретін әкелуді сұраған едім. Мен де өз отбасымның суретін әкелдім, ол туралы әңгімелеп беремін.
«Менің отбасым».
Жоспар бойынша әңгімелеу:
1. Отбасында неше адам? (оларды ата).
2. Олардың әрқайсысы туралы айтыңдар (қайда жұмыс істейді, оқиды, бос уақытында немен айналысады).
3. Сенің отбасың барлығы жиналғанда не істегенді ұнатады?
4. Сен өз отбасыңды неге және не үшін жақсы көресің?
Сабақ қорытындысы: Адам баласы бақытты болуы үшін он екі мүшесі
сау болып,өмірдегі бар жақсылықты бойына жинап,білім алу керек.
Бұған аяулы ата-анасы,қоғам көмектеседі,осы жасалған жағдайды
пайдаланып өмірден өз орнын табуға міндеттіміз.
«Тілек шамы» тренинг
Мынау біздің «Тілек шамымыз». Осы шам біздің отбасымыздың шамшырағына айналсын, мәңгілікке әрбір отбасына тек жарқыраған жарығын, лаулаған жылуын сыйлайтын болсын. Шамды бір-біріне тапсыра отырып тілектер айту. Соңында барлығы бір-біріне қол шапалақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |