Қалыптастырушы бағалау арқылы тілдік төрт дағдыны (тыңдалым /айтылым, оқылым, жазылым) дамыту.
Қалыптастырушы бағалау арқылы тілдік төрт дағдыны (тыңдалым /айтылым, оқылым, жазылым) дамыту.
Онлайн-семинардың мақсаты:
Қалыптастырушы бағалаудың тиімді жолдарын таныстыру.
Күтілетін нәтиже
Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттердің бірі – оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды. Ұстаз болу үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады.
Сабақ беру – үйреншікті жәй ғана шеберлік емес,
ол – жаңадан жаңаны табатын өнер.
Жүсіпбек Аймауытов
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУДЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Қалыптастырушы бағалау – сабақ беру мен оқытудың, «оқыту үшін бағалаудың» бір бөлігі .
Нәтижелерді оқыту мен оқуды жақсарту үшін пайдаланылатын баға қойылмайтын бағалау.
Іріктелген оқыту мақсаттары бойынша әр оқушының ілгерілеуін бағалау.
Оқыту мақсаттары – оқу бағдарламасына сәйкес пәндерді оқу барысында білу, түсіну және дағдыға жету бойынша күтілетін нәтижелерді қалыптастыратын пайымдаулар.
Әр пәндер және сыныптар бойынша оқыту мақсаттары оқу бағдарламасында және оқу жоспарында нақтыланған
Қалыптастырушы бағалаудың ерекшелігі.
Оқушының жетістік деңгейін нақты сипаттайды
Білімге деген ынтасын арттырады.
Баланың өзіне деген сенімділігі артып, жауапкершілікті сезінеді.
Қалыптастырушы бағалаудың тиімділігі
Оқушының күнделікті білім сапасы.
Нәтижеге жетудегі олқылықтар мен кемшіліктерді анықтау, жою.
Оқушының бағалаудан алған жағымсыз әсерінің азаюы.
Бағалаудың әділдігі, ашықтығы және өзін-өзі бағалау дағдылары.
Қалыптастырушы бағалау – кері байланыс
ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ. ОҚУ МАҚСАТЫНА ЖЕТКЕНДІГІ ТУРАЛЫ ШЕШІМ
Қалыптастырушы бағалау бойынша оқу мақсаттарына жеткендігі туралы мұғалімнің шешімі төмендегілерге:
оқу бағдарламалары мен жоспарларындағы әдістемелік ұсыныстарды қолдануына;
кәсіби қоғамдастықтағы мұғалімдердің пікіріне негізделеді.
Мұғалімнің шешімі электрондық журналда белгіленеді.
Оқушының оқу мақсаттарына жетуі туралы мұғалімнің шешім қабылдауы
Оқушы оқу мақсатына «жетті», себебі:
Оқушы оқу мақсатына жетуге «талпынады», себебі:
Сұрақтарға дұрыс жауап береді, тапсырмаларды жетістік критерийлеріне сәйкес орындайды
Сұраққа дұрыс жауап бере алмайды, тапсырмаларды жетістік критерийлеріне сәйкес дұрыс орындамайды, жиі көмек алуға мұқтаж.
Берілген тапсырмаларды өзі орындайды
Тапсырма орындау үшін мұғалімнен немесе сыныптастарынан көмек сұрау.
Керекті ойлау дағдыларын көрсетіп (жоспарлау, сараптау, сұрақтарды және шешімдерді тұжырымдау, сұрақтарды талқылау, өз пікірін негіздеуге), белсенді қатысады
Негізінен басқалардың сұрақтарына тек жауап беріп немесе келісіп, шектеулі түрде қатысады немесе белсенділік танытпайды
Білгенін айқын тұжырымдайды және оқу нәтижесін болжайды.
Өзінің оқу нәтижесіне сенімді емес және не оқып үйренгенін айта аламайды.
Қалыптастырушы бағалау
Оқушы оқу мақсатына жету үшін сабақта ауызша, жазбаша,сұрақ-жауап арқылы, қойылым ретінде , жеке, жұппен, топпен жұмыс жасау арқылы қалыптастырушы бағалау түрлері алынады. Ал оқушының жеке портфолиосына барлық қалыптастырушы бағалау түрлері жыл басынан бастап салынып отыруы керек.
Тәжірибе жүзіндегі қалыптастырушы бағалау.
Мұғалімдер қалыптастырушы бағалау аясында оқушылардың мақсатқа қол жеткізгендігін немесе қол жеткізуге талпынып жатқандығын бақылауға алуы тиіс. Қалыптастырушы бағалау бойынша әрекеттерді бастамас бұрын оқу мақсаттары мен жетістік критерийлерін оқушылармен бірге талқылап алған дұрыс.
Сабақ беру, оқыту және бағалау бір-бірімен байланысты және мектепішілік бағалау оқу қызметінің бөлінбейтін бөлігін құрау қажет. (Б.Бойл, М.Чарльз, 2010)
2 сынып Қазақ тілі мен әдебиеті 3-бөлім: Менің отбасым және достарым Сабақтың тақырыбы: «Менің отбасым»
Сабақтың мақсаты:
Т/А Астарлы мағынаны болжау арқылы сөйлеу қабілетін дамытады.
Мұғалім әдіс- тәсілдерді көп білу керек және ол әдістерді өзіне сүйеніш, қолғабыс ретінде пайдалану керек. Сонда ғана мұғалім нәтижелі сабақ бере алады. Ахмет Байтұрсынов
Тыңдалым/айтылым дағдысы бойынша аудиожазба тыңдау.
Жұппен жұмыс Әке- асқар тау, Ана- бауырындағы бұлақ, Бала- жағасындағы құрақ,- мақалы бойынша жұпта ой бөліседі.
Оқу мақсаты:
Т/А Астарлы мағынаны болжау арқылы сөйлеу қабілетін дамытады
Оқушылардың жұпта ой бөлісуінен үзінді
Жеке жұмыс
Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Оқу мақсаты:
О2 Берілген ақпаратты түсінеді
.
Жеке жұмыс бойынша сабақтан үзінді
Жұппен жұмыс
Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Оқу мақсаты:
Т/А Сурет арқылы сөйлеу қабілетін дамытады.
Жұптық жұмыстан үзінді
Топпен жұмыс
Отбасы тақырыбында постер жасау.
Ж2 Сурет бойынша тірек сөздерден сөйлемдер құрап жазады
1- топ Отбасындағы ананың рөлі
2-топ Отбасындағы әкенің рөлі
3-топ Отбасындағы баланың рөлі.
4-топ Отбасындағы атаның рөлі
5-топ Отбасындағы әженің рөлі
Топтық жұмысты берілген критерийлер бойынша бағалау
О2 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратып, негізгі ойды анықтап оқу.
Әңгіменің мазмұнын түсінеді, басты кейіпкерлерін анықтайды және қарапайым мәтіндерден нақты ақпаратты табады.
Әңгіменің басын, ортасын және соңын анықтайды
1-тапсырма Мәтінді оқы және мәтіннің құрылымдық бөліктерін сызба бойынша көрсет :
Менің отбасым. Біздің отбасымыз үлкен. Олар атам, әжем, әкем, анам, ағам, қарындасым және мен. Атам мен әжем –зейнеткерлер. Әкем-ұшқыш. Ол әуежайда жұмыс істейді. Анам –мұғалім. Ол мектепте жұмыс істейді. Ағам –студент. Қарындасым кішкентай. Ол балабақшаға барады. Мен екінші сыныпта оқимын. Мен өз отбасымды жақсы көремін.
Мәтін бойынша тапсырма: Мәтіннің басын , ортасын және соңын анықтап, сызық арқылы қос.
Тірек сөздер: ата мен әже, ата-ана, отбасы мүшелері, тату-тәтті,бір-біріне көмектесу, теледидар көру,футбол ойыны, бір-бірін сыйлау, қарындас,інім, бала-бақша, жұмыс жасау.
Дағдылар
Жетістік критерийлері
Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді
Жазылым
Берілген тірек сөздерді қолданып, қарапайым мәтін жаза алады.
Қалыптастырушы бағалау.
Оқушының аты-жөні________________________________________________________ 3-бөлім: Менің отбасым және достарым Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым.
Жазылым дағдысы бойынша қалыптастырушы бағалау
ОБ сілтеме
Оқу мақсаты
Бағалауға арналған ұсыныс
О3 Оқылған мәтіндегі сөздердің лексикалық және синтаксистік мағыналарын түсіну
Сөз,сөйлемдердің ара жігін анықтайды, сөздік қорын толықтырады .
Тапсырма: Мәтінді оқып , сөйлемдердің ара жігін анықта:
Мәтінге ат қой:
...........................................
Айдар мен Ақан кішкентайынан дос екеуі бір-бірінен ешнәрсені жасырып
көрген емес екеуі бірге ойнайдыбірге сабаққа дайындалады,үйдегі жұмыстарын
-терімен біраз ойнап та алады осындай күндердің бірінде олардың
бұзауларына келді күшіктері арс-арс үріп,Айдар мен Ақанның артына тығылуда.
Дағдылар
Жетістік критерийлері
Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді
Оқылым
сөздердің лексикалық және синтаксистік мағыналарын түсінеді
мәтіндегі сөз/ сөйлемдердің ара жігін ажыратып оқи алады.
Қалыптастырушы бағалау.
Оқушының аты-жөні________________________________________________________ 3-бөлім: Менің отбасым және достарым . Сабақтың тақырыбы: Суретпен берілген әңгімелерді оқу.
Оқылым дағдысы бойынша қалыптастырушы бағалау
ОБ сілтеме
Оқу мақсаты
Бағалауға арналған ұсыныс
Ж1
Мәтіннің түрлерін ажырату және өз мәтінін құрап жазу.
Қарапайым мәтіндер, өлеңдер, ақпараттарды жазады
1-тапсырма: «Мен өскенде кім боламын?» тақырыбына шағын шығарма жаз: