Зерттеу жұмысының сынақтан өтуі: Зерттеу жұмысының мазмұны Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің «Әлеуметтік педагогика» кафедрасы және білім қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының «Педагогика және психология» кафедрасының отырысында талқыланды.
І тарау. Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халықтық педагогиканың озық дәстүрлерін пайдаланудың ғылыми- теориялық негізі.
Адамгершілік тәрбиесінде халықтық педагогиканың озық дәстүрлерінің орны және оның зерттелу жағдайы
Халықтық педагогика -көп арналы, қыр сыры мол,күрделі ғылым. Ол ұлттық өмірге немқұрайлы қарайтын жасұрпақты қазақтың рухани материалдық мәдениетін толық меңгерген, тарихын, әдет- ғұрпы, салт-сана, дәстүр, тәлім-тәрбие, адамгершілік қасиеттерің бойына сіңіріп, ұлтын сүйетін азамат болып өсуін қамтамасыз етуге тиіс.
Халықтық педагогика-тәрбиенің бастауы және қайнар бұлағы,ол-тәрбие жөніндегі халықтың білімі мен тәжірибесі. Халықтық педагогиканың теориялық негізін зерттеуші ғалым Христова Е.Л. «халық педагогикасын», «халықтың таптық педагогикалық санасы», ал «дәстүрлі педагогиканы»- «белгілі ұлттық педагогикалық санасы» ретінде қарастырады.
Е.Л. Христованың байқауы бойынша әр тарихи кезеңдердегі халықтың педагогикалық ойларын,оның педагогикалық білімдерімен, тәжірибесімен теңестіруге болмайды, себебі халықтың педагогикалық ойы қоғамдық сананың басқа түрлерінде де өзін көрсетеді (ғылым, дін, әдебиет, мораль т.б. ). Орыс халқының ұлы педагогы К.Д.Ушинский халық педагогикасының тәрбиелік күшін өте жоғары бағалаған. Халықтың салттарын, дәстүрлерін жақсы біле тұра: «ата- бабаларымыздың даналығы- ұрпақтар үшін-айна» деген қорытындыға келген. Г.К. Волковтың берген анықтамасы бойынша: «Халық педагогикасы- халықтың ауыз әдебиетінде, салттарында,әдет-ғұрыптарында,ырымдарында,бала ойындарымен, ойыншықтарында мәңгі сақталып қалған білім, педагогикалық, мағұлматтар мен тәрбиелеу тәжірибесінің жиынтығы.
Бұлар, әдетте ауызша таралады. Халық педагогикасы- халыққа қажет қасиеттерді қалыптастыру үшін пайдаланатын педагогикалық мақсатының міндеттерінің, мазмұнының әдіс- құралдарының жиынтығы мен өзара байланысы».Біздің ойымызша, бұл анықтама мәні өте терең және жан- жақты. Соңғы жылдары арнайы арнайы халықтық педагогиканы зерттеген Г.Н. Волков, Е.Н. Ханбиков, А.Э. Измайлов, Н.С. Сафаров, Раджабов т.б.
Қазақстан Республикасы бойынша халықтық педагогиканың жалпы педагогика, психология, философия ғылымдарында алатын орны, оның тарихи даму жолын ғылыми тұоғыдан мәнін, мақсатын, мазмұнын, әдіснамалық негізін ашуда елеулі үлес қосқан көрнекті Қазақстандық ғалымдар: Қ. Жарықбаев, С.Қалиев, Қ. Сейсенбаев, Х. Арғынбаев, Н. Сәрсенбаев, С. Ұзақбаева, А. Мұханбаева. К.Ж. Кожахметова. Р.К. Төлеубекова, Ж.Қ. Мұқытова т.б. Бұл зерттеулерде «халық педагогикасы» ұғымын әртүрлі рөлін анықтау кезек күттірмейтін мәселе. Ал халық педагогикасының зерттеу негізінде халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық ойындар, отбасы тәрбиесінің тәжірибелері жатады. Бұл анықтамалардан тәрбие мен оқыту жұмысы халықпен бірге өскен, бірге дамығандығын сан ғасырлар бойы халықпен қатар жасап, оның озық үлгілерін келер ұрпаққа мирас етіп келе жатқанын білеміз. Халықтық педагогиканың мұрасының бірі-дәстүр.
Дәстүр - бір ұрпақтан екінші ұрпаққа ауысып отыратын қоғам. Өмірінің дамуына сәйкес өзгеріп, кейбіреулері жаңа мазмұн алып, әрмен қарай дамитын халықтың қоғамдық – тарихи өмірінде қалыптасқан құбылыс.
Халық дәстүрінің танымдылық – тәрбиелік мәні ұланғайыр дүние. Ол тұтастай алғанда жасұрпақ үшін ғана адам өмірінің рухани – адамгершілігінің қуат – қайнары. Оның ішінде тікелей бала тәрбиесіне бағытталған,баланың жан – дүниесінің қалыптасуына, рухани марқаюына негіз болатын мүмкіндіктер көп-ақ. Ол халықтың кәсібімен, салт-дәстүрімен, тілімен, тарихымен, адамгершілік қасиет – сапаларымен сабақтасып, біте қайнасып, тарихи кезендер ерекшелігіне, қоғам тану сатыларына қарай жетелеп, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отыратын қастерлі мұра.
Қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтаған дәстүрлерінің ішінде адамгершіліктің жоғары сапаларын тәрбиелеуге ықпал жасаған озық өнегелері бар. Қазақ халқының дәстүрлерінің ұрпақтан – ұрпаққа жалғасып келе жатқаны оның өміршеңдігінде, тәлім – тәрбие ісінде кең таратылғандығында. Адамның туған күнінен бастап барлық өмір жолын қамтитын әртүрлі рәсім, дәстүрлер бар. Қазақтың қазіргі замандағы алуан жүйелі өмір тану жолдары соларға беру әдістері ертеден қалыптасып, бүтіндей қол үзбеген, сыртқы күш қанша ықпалды болсада халқымыздың дәстүрлері мүлде жойылып кетпеген. Ендігі мақсат ата-баба дәстүрлерінің озығын жаңарту, ұрпақ тәрбиесінде басты рөлге айналдыру, қазақтың ата-салтын, қағидасын қазіргі өмір тынысына сай пайдалану, жаңарту басты проблема. Сондай-ақ шығыс философтары мен ұлы ойшылдар өзінің пікірлерінде халықтық педагогиканың негізін қалаған, оның тәлім-тәрбиелік мәнін ашқан, ұлттық салт-дәстүрдің маңызын дәләлдеген.
Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрі мен тағылымдарының мәдениет тарихын Орта Азия және Қазақстанның ұлы ойшылдарының еңбектерінен көруге болады. Олардан халықтардың бір-бірімен әдет-ғұрпы, салт-дәстүр тұрғысынан жақындығы халықтар қойнауынан орын алатындығын көреміз.
Тәрбие туралы ой-пікірлер ҮІ ғасырдағы Орхон-Енисей жазуларынан басталып, Орта ғасыр ғұламалары мен (Әл-Фараби, Ж. Баласұғын , М. Қашқари, А. Жүгнеки, т.б) Алтын Орда дәуір оқымыстылары (С. Сарин, Қ. Жалайыр, т.б), ХІҮ– ХҮ ғасырда өмір сүрген ақын жыраулар (Асан-Қайғы, Шалкиіз, Бұқар, Махамбет, Әсет т.б),Әл-Фарабидің «Математикалық трактаттары», «Философиялық трактаттары», «Логикалық трактаттары», «Эстетекилақ трактаттары»және т.б. шығармаларында адамзаттық игілікке, бағытқа, шаттық өмірге жету жолындағы ең негізгі компененттер деп экономиканы, саясатты, мемлекеттік құрылысты, жанұяны және тәрбиені атаған. Бұдан бірнеше ғасыр бұрын айтылған бұл пікір біздің дәуірімізге дейін өз маңызын жоймай жеткен.
Жалпы ,Фарабидің гуманистік идеялары әлемге кең тараған. Ол ақыл-ой мен білімнің биік мәнін, жоғары маңызын, халықтар арасындағы туысқандық пен достықты жырлады. Оның «бақытқа жету жолында барлық халық бір-біріне көмектесетін болса, жер беті түгелімен берекеге толады» деген қағидасы да тап бүгін өте құнды.
Бұл ойшылдар өздерінің шығармаларында адамның адамгершілік сапаларын жан-жақты талдап түсіндіреді. ІХ-ХІІІ ғасырларда өмір сүрген бүкіл Орта Азия халықтарына ортақ Жүсіп-Баласұғын өзінің «Құтты білік» атты еңбегінде: «Ақыл қайда болса, ұлылық толады, білім кімде болса білікті болады»– деп тәрбиедегі ақыл-ойға мән береді.Адамгершілік, имандылық, ғылымдық тұрғыдан қарағанда үйренетін жайлар аз емес.
Ыбырай Алтынсарин /1841-1889/ тарихтағы зиялылар арасында өзінің ойы мен ағартушылық педагогикалық асқан еңбегімен айрықша ерекшеленеді. Ыбырай қазақ сахарасындағы ғылым мен білімнің алғашқы қоңырауын соққан ұлы ғалым-педагог.
Ыбырайдың «Қазақ хрестоматиясы» және «Қазақ мектептерінде орыс тілін үйренуге басшылық» деген алғашқы еңбектері қазақ халқының рухани мәдениетінің даму тарихында аса зор оқиға болып бағаланады және болашақ ұрпақтың ақыл-ойының, адамгершілік қасиетінің тәрбиеленуінің негізі болып есептеледі.
Дала ұрпақтарын оқу өнерге, мәдениетке, адамгершілікке тәрбиелеуде Алтынсарин аса бағалы қор – қазақ фольклорына ерекше назар аударды. Ол халық творчествосынан өз кітабы үшін ертегілерді, мақал-мәтеледердің тәрбиелік мақсатқа сай келетінін ғана таңдап алып шебер қолданды.
Мысалы,Алтынсариннің хрестоматиясына енгізген ірі шығармаларында («Қара батыр», «Байұлы», «Жәнібек батыр» т.б.) төменгі сынып оқушыларының түсінігіне сай дәстүрлі әдеттерді сипатттайды. Балалар арасындағы сүйкімді, сүйкімсіз мінез-құлықты, жолдастық қарым-қатынасты әңгімелейді.
Біздер Алтынсариннің еңбектеріне талдау жасағанда олардың әр қайсысына белгілі тәрбиелік маңызы бар идеялар, әсіресе адамгершілік қасиет сапалар жан-жақты қамтылғаны айрықша көзге түсті. Ол мақалдар мыналар: «Әке мен бал» (еріншектік сазайы), «Асыл шөп» (сабырлылық), «Ана мен қыз» (мейірімділік, әдептілік) , «Түлкі мен ешкі» (өтірік), «Екі жолдас» (жаман дос), «Баланың айласы» т.б.
Сонымен қатар Ы. Алтынсарин адамгершілікке тәрбиелеу идеясын қазақ отбасының ең жақсы дәстүрлеріне жоғары баға бергендігінен көреміз.
- Бала , бала , бала-деп,
Түнде шошып оянған/
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған.
Аялы қолды талпынтқан,
Қолын қатты тигізбей,
Кірлі көйлек кигізбей,
Исін жұпар аңқытқан
Кім сендерді балалар тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?
Жалқау болсаң балалар, жаман болсаң,
Қамқор ананың көз жасын көлдететін.
Алтынсариннің бұл өлеңдерінен ата-ананың баланы сүйіп, еркелететіндігін, баланың ата-ана жөніндегі міндеттерін және ата-ана баланың табиғи тәрбиешісі екенін, қазақ халқының балажандылық дәстүрі, ерекше мейірімділігі бар екені байқалады.
Абай / 1845-4904 ж.ж/ мұрасы қазақ елінің энциклопедиясы деп аталып әлемдік тарих төрінен орын алды. Ғұлама ойдың иесі Абай адам тәрбиесінің ең өзекті мәселелерін өзінің шығармаларына арқау еткен. Мысалы: «Ғылым таппай мақтанба» /1880ж/ деген өлеңінде
«Адам болам десеңіз,
Тілеуің өмірің алдында ,
Оған қайғы жесеңіз,
Өсек, өтіік, мақтаншақ.
Еріншек, бекер мал шашпақ,
Бес дұшпаның білсеңіз,» – деп жаман әдептерден сақ болуды, ал оның орнына:
Талап , еңбек, терең ой,
Қанағат , рахым, ойлап қой,
Бес алыс іс көросеңіз ... деп жағымды қасиеттерді көрсетеді. Осылай кемеңгер Абай педагогикалық көзқараспен ата-ана үшін де және қоғам үшін де : «Баланың жақысысы қызық, жаманы күйік» – болатынын ескертеді. Абай – қашанда ұлы ұстаз, биік бедел, асқан гуманист болғандықтан жасұрпақтың бойында ең абзал, парасатты қасиеттерді тәрбиелеуге болатындығы «Мен егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайтын деген кісінің тілін кесер едім» – деп үлкен-кішінің де көзін жеткізіп тәрбиеге зор сенім артады.
Ғасыр бойы әдеп наным академиясына айналған Абай тәлімі кісіліктің, адамгершіліктің киелі кітабында бүгінгі ұрпакққа үлгі-өнеге.
ХХ ғасырдың бас кезінен бастап, қазақ зиялылары өз ұлтының тағдырына ой жіберіп, халқын қалайда іргелі қатарға қосуды арман етті.
Бүгінде ортамызға қайта оралған А. Байтұрсынов /1873-1937/ М.Жұмабаев /1893-1938/, Ж. Аймауытов /1885-1935/ Ш.Құдайбердиевтің /1858-1931/ мәдени рухани мұраларын жасұрпаққа тәрбие, білім беруде кеңінен пайдалануға жол ашады. Олар қазақтың қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өміріне белсене араласып, өздерінің шығарамаларында және арнайы жазған оқулықтарында гуманистік, адамгершілік, демократтық, ағартушылық, идеяларды уағыздап, халымыздың реалистік дәстүрін жалғастырған.
Шәкерім Құдайбердиев оқу, өнер-білімді, адамгершілікті уағыздай оытырып, талапты жастарға ақын кемеңгер Абайдың «Бес нәрсеге асық бол, бес нәрседен қашық бол», «Талап пен ақыл- адамдық борышың», «Ашу мен ынсап», «Еріншек» өлеңдерінде жасұрпақтың әуес болар қасиеттері мен азаматтық арына арқау болар сапаларын өткір өлең сөздерімен өрнектейді. Жағымсыз жасанды қылықтарды сынға алады. Өміршең дидактикалық мәні бар ақыл-кеңестер береді.
Дәстүр – адамдардың рухани тұлғасынан бөлінбейтін құбылыс. Дәстүр қоғамдық сананың барлық формаларынан орын алады. Олар; саясатта, қоғамдық өмірдегі дәстүрде, халықтар арасындағы ынтымақтастықта, теңдікте, бостандықта, өзара көмек дәстүрінде, қарым-қатынас дәстүрінде, ғылыми дәстүрде, оқу-білім ғылымындағы дәстүрде, отбасы- жанұялық дәстүрінде, еңбек дәстүрінде.
Сонымен, қай халықтың болса да ұлттық үрдісі, білікті қасиеті, өзіндік әуені, тағылымды дәстүрі мәртебесін биікке бастайтыны сөзсіз. Киелі керемет дәстүрлері арқылы ғана өзінің ұлттық бояуы мен өзінің болашақ ұрпағының өз келбетін қалыптастырады.
Ұлттық рухымыздағы дәстүр жас ұрпақты тәрбиелеуде тиімді деп есептейміз. Ұлы ойшылдардың, арнайы халық мұрасын зерттеушілердің жалпы тәрбие жөніндегі идеялары, ой-пікірлері жаңа қоғамдық тарихи жағдайларда одан әрі дамытылып, әр халықтың тәуелсіздік жолындағы күресте рухани, құдіретті күшке айналып отыр.
Халық дәстүрлері мен оның үлгілерінің жоғалуы қоғамның рухани жағынан жұтандыққа ұшырауына, уақыт пен ұрпақ байланысының ыдырауына әкеліп соғуда. Көптеген адамдар өз тілін, тарихын, мәдениетін, әдебиетін білмейді,ұлттық әдет-ғұрып, кәсіп, халықтың өзіне тән тұрмыстық көрінісі жоғала бастады.
Сондықтан сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып өмір сынынан өкшеленіп өткен бүгінгі өмірге жеткен әдеп-ғұрып,салт-дәстүрлерді білу әрбір отбасының тәрбиеші-ұстаздардың абройлы міндеті. Жалпы тәрбие процесінде қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері арқылы бала бойында шынайы адамгершілікті, имандылықты, адамдар арасында парасатты мінез-құлық қасиеттерді отбасынан бастап тәрбиелеудің мүмкіндігі көп. Халықтың айтқан өсиет сөздерінің, ырымдарының, дүниетанымдық болжамдарының, өнерінің, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарының көріністері бір тұтас ғылыми педагогикалық психологияның негізінде этнокомплекстік тәлім-тәрбие негізінде жалғасып қалыптасып отыр.
Этнокомплекстік тәрбие негізінде адамгершілік тәрбиесі жеке басты жетілдірудің барлық саласын қамтиды.Адамның адамгершілік тәрбиелілігі адам өмірінің әрқырынан көрініс табады. Осыған байланысты біздер осы тарауда адамгершілік теориясының педагогикалық-психологиялық негіздеріне тоқталамыз.
Адамгершілік теориясы мен практикасында аса маңызды бағыттарға сын көзімен қарамайынша бүгінгі тәрбиенің негізгі бағыттарын айқындау қиынға түседі. Әсіресе, бүгінгі күнде орын алатын ұлттық педагогика тұрғысынан жалпы тәрбиенің оның ішінде адамгершілік тәрбиесі ұғымдарының ғылыми негізін ашып көрсету әліде болса шешімін тапқан жоқ.
Сондықтан бұл мәселелердің заңдылықтарын, негізін, ғылыми мәнін ашу үшін педагогика, психология ғылымдарында жинақталған зерттеу негізінде айқындалған төмендегі тұжырымдамалардан көреміз.
Психологтар С.Выготский, А.Люблинская, Л..И. Божович, В.В.Богословский және Қазақстандық психологтар Ж.Аймауытов, М.Мұқанов, А.Темірбеков, М.Балаубаев, Қ.Жарықбаев, Ж.Намазбаева, В.Шабельников, педагогтар Н.И.Болдырев, И.С. Маренько, Е.В.Бондаревская, О.С.Богданова, З.И.Василева, Л.И.Рувинский т.б. адамның бойындағы қасиеттерін зерттеген кезде мынадай қорытындыға келді; барлық қасиеттердің құрылысы бірдей болады және олар төрт түрлі бөліктен тұрады.
Сезім, Сана, Сенім, Мінез-құлық дағдысы. Бірақ тәрбиелейтін қасиеттеріне қарай бұл бөліктердің тәрбие беру процесінде жетекшілік рөлі өзгеріп тұруы мүмкін. Себебі ол отбасындағы тәрбиеге, баланың жас ерекшелігіне, баланың бойында қалыптасқан қасиеттеріне, қоршаған ортасына байланысты болады.Жеке адамның адамгершілік жағынан қалыптасу процесінде адамгершілік сезім ерекше орын алады. Адамгершілік сезімді тәрбиелеу көп қырлы процесс. Адамгершілік сезім туралы ғылыми әдебиеттерде бірнеше анықтамалар бар. Сезім дегеніміз-әлеуметтік және табиғи өмірдің сан алуан жақтарына эмоциялық қатынас. Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келу-келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестің түрін сезім-деп атайды. Алуан түрлі сезім, қуаныш пен қайғы, ашу, қорқу, ұят, сүйіспеншілік, жеккөрушілік, шошыну, абыржу, наздану т.б. осындай сезімнің түрлері болады. Сезімдердің бір тобы адамға күш-қуат, қажырлық тудырады. Мәселен, елжандылық , намыс сезімі , мынадай достық, махаббат сезімі, қуаныш, сенім сезімі, құмарлану сезімі т.б. Ал, екінші тобы керісінше адамның күш-жігерін бәсеңдетіп, енжарлыққа, селқостыққа апарады. Оған қайғы,уайым, қорқу, қобалжу, абыржу, үмітсіздену т.б. жатады. Адамгершілік сезімдерді адамдардың бірлесе жасаған әрекеттері процесінде туып, дамиды да осы қоғамда қалыптасқан адамгершілік ережелеріне бағынады. Олар басқа адамдардың және адамның өзінің мінез-құлық әсерлерінен туады. Адамгершілік сезімдерге ұнату мен ұнатпау, үйірсектік пен жатырқау, құрметтеу мен жек көру, сыйлау мен рақымсыздық, сүйіспеншілік пен өшпенділік т.б. жатады. Оқушының сезіміне әсер етудің тәсілдерін анықтағанда, сезімді тәрбиелеу, негізінен өзгерту және одан әрі жетілдіру жолымен жүзеге асырылатындығын ескерген жөн. Сезімге тәрбиелеудің дәл, тіке жолдарын оқушыға айтып беру мүмкін емес. Мысалы: жолдасының немесе әдеби кейіпкердің ісіне қалайда таңданудың керек деп оқушының алдына мақсат қоюға болмайды. Қажетті сезімді тудыру үшін соған сәйкес оқушының сезім дүниесіне қатты әсер ететін жағдайлар жасалынуы тиіс. Мәселен туған табиғат туралы мектеп қабырғасында қаншама айтқаны мен оның сұлулығы мен ұлылығы балаларға әсер етпеуі мүмкін. Ал, енді, табиғатқа экскурсия жасаса, оның ең сәнді жерлерін тауып, фото суретке түсіру, әңгіме құрастыру жайлы тапсырма берілсе, бұл балалардың табиғатқа ең нәзік сүйіспеншілік сезімін туғызар еді. Бұл жағдайда мұғалім ізгі сезімдерді туғызып қоймайды, оның бекінуіне де жағдай жасайды. Біздің ойымызша басқа адамдардың мінез-құлықтарын қабылдау іс-әрекеттерін білу және оған сену барысында сезім пайда болады.
Қазақ халқының тарихындағы ұлы батырлардың, хандар мен билердің халқы үшін теңдесі жоқ елдігі жайлы әсерлеп, көркемдеп әңгімелеу бала сезіміне өте қатты әсер етіп, оның адамгершілік, елжандылық ізгі сезімдерін оятады. Әсерленушілік басқа адамның өміріне жаны ашушылық сезімталдығы нәтижесінде де тууы мүмкін. Сөйтіп педагог ұжым өмірін қарқынды да сезімге бай етіп ұйымдастыра алса, мұнын өзі Отан сүю, ұжым алдындағы борышын өтеу сияқты жоғары адамгершілік сезімдерін қалыптастыруға негіз болмақ.Осыдан біздер балалардың көңіл-күйінде, бойында пайда болған сезім олардың санасына көп жағдайда ықпал жасайды деп тұжырымдаймыз. Сана-объективті шындықты идеалды түрде бейнелеудің жоғарғы формасы. Психологтардың /А.Темірбеков, С.Балаубаев, Қ.Жарықбаев, М.Мұқанов,Ж.Намазбаева т.б./ пікірінше сана өз болмысымен объективті дүниенің мән-жайын, мазмұнын, ұғымын білуінде белсенді қызмет атқаратын психологиялық процестердің / түйсіну, сезіну, қабылдау, ойлау т.б./ заңды нәтижесі болып табылады. Сана-шындықты бейнелеудің механизмі мен формаларын тарихи дамудың сатыларына сәйкес айқындайтын философия, социология мен психологияның және жалпы танымның ең басты категорияларының бірі болып табылады. Сана негізінен жеке адам санасы және қоғамдық сана болып екіге бөлінеді. Сана адамдардың қоғамдық-өндірістік іс-әрекетімен еңбек процесінде пайда болып, тілдің шығуымен тығыз байланысты қалыптасады. Адамгершілік сана адамгершілік сенімді тудырады. Әдетте адамгершілік сезім, сана, сенім ұғымдарымен оны іс –жүзіне асыру ұзақ процесс. Мектеп тәжірибесінде кейбір оқушылар күнделікті талапты жақсы білгенімен оны қолдана алмайтыны белгілі. Оқушылардың тілдік қорларының жетілуінен олардың адамгершілік сезімдерімен саналардың дамуында ауыз әдебиетіндегі мақал-мәтелдерді, аңыз-әңгімелерді пайдаланудың мүмкіндігі бар. Сенім әрбір іс-әректтің,мінез-құлықта адамның бағыт- бағдарын, принциптілігін айқындайды. Алайда күнделікті тәжрибеде сенім мен мінез-құлық,іс-әрекет арасында алшақтық кездесіп отырады. Оқушы адамгершілік, имандылық талаптарды, ережелерді түсініп, оған сенгендеріне қарамастан мінез-құлқында, адамдармен араласу барысында адамгершілікке жатпайтын теріс әрекеттер жасайтын жағдайлар кездеседі.
Сондықтан адамгершілік тәрбиесінде адамгершілік ереже нормалар туралы түсінік ұғымдардың негізіндегі адамгершілік сенімінің алатын орыны ерекше. Жеке адамның адамгершілік сенім дәрежесі оның мінез-құлқымен іс-әрекетін анықтайды. Алайда бұл процесс әрдайым тура өте бермейді. Мәселен, еңбек қоғам игілігінің қайнар көзі екендігін бәрі біледі. Бірақ бәрі біркелкі еңбек етпейді. Сондықтан тұрақты сенімді қалыптастыру қазіргі мектептің аса маңызды міндеті. Біздің балаларымызға күшті сезім туғызарлық мінез-құлқы мен ісінде көрінетін терең идеалы сенім керек. Ондай сенімді ойланғанда сезінгенде ғана емес, адам өзі басынан кешкен жағдайда, өзінің жеке тәжрибесінде дәлелденген жағдайда тууы мүмкін. Сондықтан тәрбие жұмысында тек қана белгілі бір мінез-құлық нормалары жайлы түсіндірін қоймай, балалар өз көзқарастарын тексеріп көре алатындай практикада олардың дұрыстығына көз жеткізетіндей мінез-құлықтың пайдалы дағдылары мен әдеттерін қалыптастыруға жағдай жасау керек.
Қорыта келгенде адамгершілік тәрбиесінің жүйесі тұтастай алғанда жоғарыдағы аталған сезім, сана, сенім және адамгершілік әдет-дағды ұғымдарымен анықталады. Адамгершілік тәрбиесінің ғылыми айқындалған психологиялық жүйесі (сезім, сана, сенім, әдет-дағды) халықтық педагогиканың бай мұрасынан да айқын көрінеді.Қазіргі кездегі өмір шындығы отбасы тәрбиесінен бастап әрбір балаға жеке адам ретінде қарап, оның өзіне тән сана-сезімі, еркі өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті бар тұлға екенін ескере отырып төмендегі міндеттер мен бағыттарды жүзеге асыру көзделеді:
- ғылыми мағлұматтар мен халық тәжрибесіне негізделген әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, жас жеткіншектің ұлттық сана-сезімін, имандылық қадір-қасиетін қалыптастыру;
- қазақ ұлтының қайта түлеуіне, өзінің төл мәдениетінің, этикалық салт-дәстүрі мен әдет ғұрпының еркін гүлденуін жас ұрпақтың санасына сіңіру;
- балалардың білімге, ғылымға деген ықыласын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін, диалектикалық дүниетанымын қалыптастыру. Өмірлік мақсат-мүддесін айқындауға, жеке басылық қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға көмектесу;
- ұлтымыздың интеллектуалдық күшін нығайту мақсатымен дарынды балаларды анықтау, олардың қабілетін дамытуға жан-жақты жағдай жасау;
- жер тағдыры мен ел тағдырының, табиғат пен адам өмірінің бірлігін терең сезінетін: жер, су, ауа, ғарыш әлемінің қадірін бағалай білетін, табиғатты аялап, оны қорғай алатын азаматты тәрбиелеу;
- адамзат қоғамында бұрын-соңды жасалған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге, жалпы әлемдік рухани құнды игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу;
- ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан-жақты эстетикалық тәрбие беру, әдемілікке, сұлулыққа, тазалыққа үйрету;
- нарық экономикасы талаптарын жүзеге асыру ісіне еркін еңбек пен жоғары өнімділік кепіл бола алады. Сондықтан жастарға еңбектің адам өміріндегі мәнін, маңызын түсіндіру, шығармашылық еңбекті дамыту, еңбек дағдысын баланың бойына жастайынан сіңіру, оны табиғи қажеттілікке айналдыруға бейімдеу.Сонымен бұл бөлімде барлық өркениетті, әлемде қоғамдастық дамудың басты белгісі болып отырған жағдайда баланың ең балалық кезеңінен бастап ер жетіп есейген шағында да адамгершіліктің ең құнды сапаларымен өмір сүруі қажеттілігі қарастырылды.
Достарыңызбен бөлісу: |