Қорытынды…………………………………………………… 69- 70 б.
Қосымшалар ………………………………………………….. 71-77 б.
Әдебиеттер …………………………………………………… 78-80 б.
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Егеменді ел болып, біртіндеп әлемдік өреге ие бола бастаған алғашқы қадамымызда ғасырлар бойы өмір сынынан өтіп келе жатқан халқымыздың қасиеті мен өнегесін бабалардың ақ батасын, адал тілегін бүгінгі әрбір елбасына үйрету, санасын ояту тәрбиеші-мұғалімдердің, ата-аналардың ең үлкен парызы болмақ.
Қазіргі жаңару кезеңінде біздің қоғамымыздың ілгерілеу процесіндегі адам факторын және оны жандандыру, ел өмірінің барлық жақтарын жаңарту жағдайында бала тәрбиесінің мәні мен оның проблемаларын күрделендіріп отыр.
Қазақстан Республикасның Конституциясында Қазақстан халқының дүниежүзілік қоғамдастықтың ажырамас бөлігі екендігін адам құқығы мен бостандығын танитындығын демократиялық қоғаммен құқылы мемлекет құруға бекем бел байлағандығын азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімді қамтамасыз ететіндігі көрсетілген. Осыған байланысты тәрбие берудің тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі бағыты барлық тәрбиелік істі демократияландыру, гуманитарландыру әрбір баланы жеке тұлға деп танып біліп жан-жақты қалыптастыру міндеті күн тәртібіне қойылып отыр. Жас ұрпаққа адамгершілік, имандылық, ізгілік, еңбек, дене, эстетикалық сондай-ақ, экономикалық, экологиялық, құқықтық, кәсіби және діни тәрбие беру бір-бірімен тығыз байланыста және өзара тәуелділікте жүзеге асырылуы тиіс.
Тәрбие берудің бұл түрлерінің әрқайсысының өзіндік мазмұны, өзіндік бағдары,өзіне тән қызметі бар. Бүгінгі күнде болашақ ұрпақ тәрбиесі ұлттық мұраттар мен дүниежүзілік рухани бай қазынадан нәр алумен ұштастырылып жүргізілуі талап етіледі. Біздің қоғамның тәлім-тәрбие тәжрибесі көп жылдар бойы біржақтылықпен жүргізіліп келді, жалпыадамзаттық құнды игіліктерден оқшауланып, ұлттық тәрбиенің бай мұрасын игеруге көңіл бөлінбеді. Мұның өзі жас ұрпақтың басым көпшілігінің өз халқының тарихын,тілін, дінін, әдет-ғұрып, салт-санасын, ұлттық дәстүрлерін жете білмеуіне әкеп соқты.
Халықтық педагогика-көп арналы, қыр сыры мол,күрделі ғылым. Ол ұлттық өмірге немқұрайлы қарайтын жасұрнақты қазақтың рухани материалдық мәдениетін толық меңгерген, тарихын, әдет- ғұрпы,салт-сана, дәстүр, тәлім-тәрбие, адамгершілік қасиеттерің бойына сіңіріп, ұлтын сүйетін азамат болып өсуін қамтамасыз етуге тиіс. Халықтық педагогика-тәрбиенің бастауы және қайнар бұлағы,ол-тәрбие жөніндегі халықтың білімі мен тәрбиесі.
Халықтық педагогика туралы ежелгі ойшылардың, ғалымдардың ойлары бүгінгі зерттеулерде жалғасып келеді. Бұл салада қазақ халқының тәлім-тәрбие мұрасына ерекше мән беріп зерттегендер (біз бұл жерде профессор С.Қ. Қалиевтың көп жылдық жұмысының нәтижесі ретінде жазылған диссертациялық еңбегін басшылыққа аламыз. /«Қазақтардың халықтық педагогикасындағы тәрбилеу мен оқытудың ғылыми- педагогикалық негіздері»/. Бұл ғылыми еңбекте автор Қазақстанда халықтық педагогиканың өріс алуы мен қанат жаюын бірнеше кезеңдерге бөледі:
І кезең: ұлттық тәрбие, халықтық салт- дәстүрлер туралы алғашқы ойлар мен көзқарастар демократ- ағартушы ғалымдар Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин және ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ғалым- этнографтар: Э.С. Вульфсон, П.С. Памас, А. Вамбери, А. Левшин, Н.Л. Зеланд, А.Янушкевич, В.В.Радлов, Г.Потанин еңбектерінде көрсетіледі.
ІІ кезең: ХХ ғасырдың 20-30жж. осы мәселемен арнайы айналысқан А. Диваев, А.Байтұрсынов, С. Торайғыров, М. Дулатов, Н. Құлжанова, М. Әуезов.
ІІІ кезең: 40-50 жыл үзілістен кейін 1970-1990 жылдары қазақ халқының салт- дәстүріне деген дұрыс көзқарас қалыптасып, бірнеше еңбектер жарық көрді. Осы еңбектердің авторлары: И. Оршыбекова, С.Қалиев, К. Сейталиева, Ә. Табылдиев, С. Ұзақбаева, М. Құрсабаев. Еліміздің егемендік алуымен байланысты ұлы ағартушыларымыздың ( Ш. Уәлиханов. Ы. Алтынсарин. А. Құнанбаев, А. Байтұрсынов, М.Дулатов т.б) салып кеткен сара жолы, олардың еңбектері ғылыми тұрғыдан зерттеліп бірнеше диссертациялық, докторлық жұмыстар қорғалды. Соңғы жылдары арнайы халықтық педагогиканы зерттеген көршілес мемлекет ғалымдары: Г.Н.Волков, Е.Н.Ханбиков, А.Э.Измайлов, Н.С.Сафаров, Раджабов т.б. Қазақстан Республикасы бойынша халықтық педагогиканың жалпы педагогика, психология, философия ғылымдарындағы алатын орны, оның тарихи даму жолын ғылыми тұрғыдан мәнін, мақсатын, мазмұнын, методологиялық негізін ашуда елеулі үлес қосқан көрнекті ғалымдар: Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Қ.Сейсенбаев, Х.Арғынбаев, Н.Сарсенбаев, С. Ұзақбаев, К.Ж. Қожахметова, А.Мұханбаев т.б.Бұл зерттеулерде «Халық педагогикасы» ұғымын әртүрлі мазмұн-мағынада түсіндірген. Оның тәрбиелік ролін анықтау кезек күттірмейтін мәселе. Ал халық педагогикасының зерттеу негізінде халық ауыз әдебиетінің шығармалары, этнографиялық материалдар, халықтық тәрбие дәстүрлері, ойындары, отбасы тәрбиесінің тәжірибелері жатады.
Бұл анықтамалардан тәрбие мен оқыту жұмысы халықпен бірге өскен, бірге дамығандығын сан ғасырлар бойы халықпен қатар жасап, оның озық үлгілерін келер ұрпаққа мирас етіп келе жатқанын білеміз. Осы жерде атақты ғалым Герольд Белгердің: «Өзінің шыққан ұлтының терең тамырын, өз халқының тарихын, салт- дәстүрін, тілін, әдет- ғұрпын білмеу сол адамның ұлттық сезімінің өше бастауын көрсететін құбылыс. Ұлттық мәдениет тарихына қалай болса солай салқын қараушылық орны толмас өкінішке, қайғы қасіретке ұшыратады» деген ой- топтамасы біздің көкейкесті мәселемізбен үндесіп жатқандай Соңғы жылдары әлемдік, отандық, ұлттық негізде кеңінен білім, тәрбие беру міндетіне сай Республикамызда ондаған жаңа концепциялар, тұжырымдамалар, бағдарламалар және Заңдар қабылданды. (Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы 2003-2005 жылдарға арналған кешенді тәрбие бағдарламасы)
Бірақ тәжірибе жүзінде олардың толғымен іске аспай жатқаны анық. Мемлекетіміздің қазіргі жағдайындағы тәрбие жұмысында ғылыми- теориялық негізінің аздығы мен практикалық мұқтаждықтың арасындағы қайшылық айқын байқалады.
Осы қайшылықтың шешімін табу бізге диплом жұмысымыздың тақырыбын «Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халықтық педагогиканың озық дәстүрлерін пайдалану» деп алуға мүмкіндік болды.
Достарыңызбен бөлісу: |