Бастауыш сынып оқушыларына арналған ойындар мен әдістемелер



бет16/18
Дата11.01.2022
өлшемі148,35 Kb.
#111128
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Ойындар жинағы (1)

«Ойлан тап!» ойыны.

Мақсаты: Оқушылардың бір – бірімен қарым –қатынасын жақсарту негізінде оларды адалдыққа, достыққа. тәрбиелікке үйрету.



Шарты: Балалар топқа бөлінеді. Өздеріне берілген тапсырманы вербалсыз және тек іс-әрекет арқылы орындап, қарсы топқа қағаздағы маман иелерін жасырады. Ойын барысында топтың ұжымдастығы мен актерлік шеберлігі бағаланады. Жасырылған мамандықты тапқан топқа 1 баллдан қойылады.

 «Ормандағы ағаштар» ойыны. 


Мақсаты: Балаларға қозғалуға, демалуға мүмкіндік беру. Музыка ойналады. 
Мәтін: Сендер ағашқа айналуға дайынсыңдар ма? 
Бір-біріңнің артына тұрыңдар. Орманда күн шығып барлық ағаштар оған жапырақтарын жайып қарап тұрды. Күнге әрбір жапырағы жылыну үшін жоғары-жоғары созылды. Саусақ-жапырақтар күннің астында билеп тұрды. Кенеттен қатты жел тұрып, талдарды жан-жаққа шайқай бастады. Бірақ талдың тамырлары тереңге кеткен, олар жәй ғана тербеледі. Желдің артынан жаңбыр жауып, талдар алғашқы жауын тамшыларын сезінді. 
Алдыңғы тұрған баланың арқасын саусақтарыңмен жауын тамшыларындай тырсылдат. Кәдімгі майда жаңбыр жауып тұрғандай қимыл жеңіл болу қажет. 
Жауын одан әрі күшейіп қатты жауа бастады... Талдар бір-біріне жанашырлық білдіріп жаңбырдың қатты соққысынан қорғап, сипалай бастады. Көп ұзамай көкжиектен күн көрініп, талдар қуанды, олар өздеріндегі артық жауын тамшыларын сілкіп тастады. Өздерін сенімді, сергек, тап-таза сезініп қалады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет