“+“
белгісімен, жағымсыздарды „
-“
белгісімен белгіле, оларды екі
топқа бөліп дәптеріңе жаз.
12. Ертең сенің туған күнің болады дейік. Оған кімдерді шақыратыныңды,
олар қандай тағамдарды, ойындарды ұнататынын анықта.
32
Әдебиеттік оқу
1.
«Өзім тойдым», «Қомағайлық», «Қожанасыр мен ашқарақ» мәтіндеріне
ортақ бір тақырып ойла. Осы мәтіндердегі айтылған оқиғаларды, өз үйіңдегі
қонақ күту дәстүрімен салыстырып әңгімеле.
2. Нан туралы оқыған шығармаларыңды пайдаланып, нанның дайындалу
барысын сызбамен көрсетіп бер.
3. А. Құнанбаевтың «Адам болам десеңіз» өлеңіне сүйене отырып, төмендегі
сызбаны толтыр:
Менің бойымдағы жақсы қасиеттер
Менің бойымдағы жағымсыз
қылықтар
4. Төмендегі келтірілген мақалдардың мағынасы Ы. Алтынсариннің қай
әңгімесіне сәйкес келетінін белгіле:
а) Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас.
ә) Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық ер
кісінің ісі.
б) Тазалық – денсаулық кепілі.
в) Білімдінің көзі ашық.
Ы. Алтынсарин шығармалары: «Шеше мен бала», «Салақтық»,
«Қарабатыр», «Надандық».
5. Табиғатты қорғау мен табиғаттан қорғану тіркестерінің мағынасын
түсіндір. Осы тіркестердің қайсысы аталған әңгіменің идеясын
анықтайтынын айтып бер. Мәтін мазмұнына сүйеніп, пікіріңді дәлелде
(Д.Қасеновтың «Найзағай» әңгімесі бойынша).
6. Ө.Қанахиннің «Туған жер» мәтініне сүйеніп, біздің жерімізде бар
заттардың тізімін төмендегідей белгілер бойынша жікте:
а) Тау қыраттары;
ә) Жерде өсетін дақылдар мен шөптер;
б) Төрт түлік;
в) Қазба байлықтары.
7. Бозінген безілдеп ботасын іздеуде .... Оның ботасын сатып жіберген
адамдарға не айтар едің? Ойыңды қағазға түсір.
Арыстан мен қозының өзара сөйлесу мәтінін құр.
8. «Өзім тойдым», «Қомағайлық», «Қожанасыр мен ашқарақ» мәтіндеріне
ортақ бір тақырып ойла. Осы мәтіндердегі айтылған оқиғаларды, өз үйіңдегі
қонақ күту дәстүрімен салыстырып әңгімеле.
9. Сыныптастарыңның ұнайтын есімдерін жаз.
10. Өлең жаттап алып, мектеп не сынып шарасында мәнерлеп оқып бер.
11. Сыныптасыңмен бірге телефон арқылы қонаққа шақыру сұхбатын
жасаңдар (амандасу, қонаққа шақыру, алғыс білдіру).
12. Жұмыс шағын топтарда жүргізіледі. Бір оқушы аңның суретін жасырады,
басқалардың сұрақтарына бірінші оқушы: «Иә, жоқ» деп жауап қайтарады.
Атын тапқан оқушы келесі аңның суретін жасырады.
|