Қорытынды Құзыреттілік
тұрғысында бiлiм беру саласындағы әлеуметтiк
күтiлiмдерге де, бiлiм беру үдерiсiне қатысушылар мүдделерiне объективтi
түрде сәйкес келедi. Сонымен бiрге, бұл әдiс-тәсiлдер бiлiм беру жүйесiнде
қалыптасып қалған стереотиптермен, балалардың оқу iс-әрекеттерiн бағалау
критерийлерiмен, педагогтардың педагогикалық iс-әрекеттерiмен қарама-
қайшы. Жалпы бiлiм беретiн мектептi дамытудың қазiргi кезеңiнде
құзыреттілікті әдiс-тәсiлдердi жүзеге асыру мақсатқа лайықты. Сонымен
қатар, педагогикалық бiлiм беру жүйесiнде, мұғалiмдердің бiлiктiлiгiн
арттыратын институттарда құзыреттілікті әдiс-тәсiлдердi жүзеге асыруға
кадрларды теориялық және әдiстемелiк жағынан даярлау қажет.
Бiлiм беру ұйымдарының қызметiнiң нормативтi базасына, ең алдымен
оқушылардың қорытынды аттестациясы, бiлiм беру ұйымдары мен
кадрларды аттестациялау жөнiндегi құжаттарға өзгерiстер енгiзiлуi керек.
Әрине, жалпы компетенттiлiктi әдiс-тәсiлдердi тәжірбиеге жаппай енгiзудiң
қажеттi шарты жаңа буын оқу бағдарламалары мен құзыреттілікке
бағдарланған тапсырмалар қамтылған оқу құралдары.
Оқыту нәтижелерiн өлшеу құралдары ретiнде тапсырмаларды құрастыру
мәселесi бойынша ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге жасалған талдау
нәтижелерi бұл мәселенiң жаңа екендiгiн көрсеттi, және көптеген ғалымдар
осы проблеманы шешудiң басқа әдiс-тәсiлдерiн ұсынады.
Зерттеу жұмыстарымызда құзыреттілікке бағдарланған тапсырмаларды
құрастыру бойынша авторлардың пiкiрлерiн талдауға тырыстық және Ресей
мен
Қазақстан
ғалымдарының
осы
мәселенi
шешу
бойынша
қорытындыларына мазмұндық сипаттама бердiк. Мысал ретiнде отандық
ғалымдар жасаған, құрастырған тапсырмаларды қарастырдық.
Олардың жинақтаған тәжiрибелерiне сүйене отырып, оқыту нәтижелерiн
өлшеу үшiн құзыреттілікке бағдарланған тапсырмалар жүйесiн жобалау
үдерiсiн сипаттама беруге тырыстық.
Құзыреттілікке бағдарланған тапсырмалдарды құрастыру үшiн жан-
жақты бiлiмнiң, оқу пәндерiн интеграциялау бойынша терең бiлiмнiң
қажеттiлiгiн ескерген жөн.
Осы
берiлiп
отырған
материалдар
педагогика
саласындағы
зерттеушiлерге, мектепте бiлiм берудi ұйымдастырушыларға, педагог-
практиктерге заманауи мектепте оқу-тәрбие жұмыстарын жетiлдiруде
әдiстемелiк көмек бола алады.