психологиялық аспектісінде қарым-
қатынасқа қатысын сөйлеушінің коммуникативтік мақсатымен (ниетімен)
тығыз байланыстылығын атап кетуге болады. Психологтардың пікірінше
сөйлеу нәтижесінің мотивациялық – себептік деңгейі өзіндік түрткі мен
коммуникациялық ниеттің «барысымен» бірге, сөйлеушінінің ролін анықтап,
қарым-қатынасқа қатысушы ретінде және оның пікірінің нақты мақсатын
білдіреді. Коммуникативтік тапсырма коммуникативтік ниетті құру негізінде
пайда болып және тілдік сөйлеу нәтижесінің сатылық үдерісінде қалыптасқан
сөз болып табылады. Мұның нәтижесінде коммуникативтік тапсырма
сөйлеушінің коммуникативтік ниеті мен түрткісін, өзіндік пікірін мақсатты
түрде жүзеге асырады деп есептеуге болады. Сонымен қатар, сөйлеушінің
коммуникативтік
ниетін
«сөйлеуші
субъектінің
өзіне
бағдарлап,
коммуникативтік тапсырманың қарым-қатынас жағдайына сай барынша
анықталған да ғана» оның әлеуметтік аспектісі пайда болады. А.А.Леонтьев
коммуникативтік тапсырмаларды мәселелік жағдаяттарда қарым-қатынас
жасаушы серіктесіне әсер ету мақсатын қамтитын, бағдарлану нәтижесі
ретінде анықтаған.
Коммуникативтік тапсырмалардың