Бастауыш сынып оқушыларына арналған оқу тапсырмалар жиынтығы Әдістемелік көмекші құрал


ІІІ Коммуникативтік тапсырмалардың педагогикалық құрал ретіндегі



Pdf көрінісі
бет6/23
Дата07.02.2022
өлшемі0,63 Mb.
#83543
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
бастауыш

ІІІ Коммуникативтік тапсырмалардың педагогикалық құрал ретіндегі 
мәні

 
Қазіргі білім беру мен оқыту балалар өмірінде үлкен маңызға ие. Оқи білу 
қабілеті қарым-қатынас жасай білу қабілеті секілді қажеттілігі күннен күнге 
арта түсіп, соның арқасында адам өзінің тұлғалық мәнін көрсетіп, оның 
өзіндік жекелігі, көзқарасы, көз жетушілігі, сана сезімін қалыптастырады. 
Шығармашылық, бейімделе білу, бір нәрсені білуге деген құшттарлық 
қабілеттер – бұл тілді меңгеру құндылығының қажеттілікпен тең дәрежеде 
болуын білдіреді. Сондай – ақ, мектеп – бұл білім алудың жалғыз ғана орны 
емес. Бұқаралық ақпараттар мен ақпарат құралдары қазіргі жаңа білімнің 
қайнар көзін құрап, оған оны түсініп, меңгере алатындар ғана қолжеткізеді. 
Сондықтан, қоғамның қазіргі даму кезеңін коммуникативті-ақпараттық деп 
аталуда. Бүгінгі қоғам бейімделуге және ықпалдасуға қабілетті, кездескен 
қиындықтарды өз бетінше шеше алатын, топта бірлесіп жұмыс істей алатын, 
тәуелсіз, коммуникабельді, дамудың жоғары деңгейін меңгерген жас ұрпақты 
талап етеді.
Адамның қарым-қатынас жасай білу біліктілігі оның қоршаған ортамен 
нәтижелі байланысқа түсуін қамтамасыз етеді. Мұнымен қатар бұл жердегі 
мәселе бастауыш сынып кезеңіне сай қолданылатын, оқыту үдерісіне оларды 
меңгерудің құралы ретінде қызмет ететін, баланың коммуникативтік 
біліктілігі мен құралдары жайлы болуы керек.
Бастауыш сыныптарда баланы оқыту тәжірибиесі көрсетіп отырғандай, 
бастауыш сынып оқушыларының мұғаліммен, сыныптастарымен объективті 
және субъективті себептерде олардың қиындық салмақтарын көруге болады. 
К.Фопель «...қазіргі балалар бір-бірімен, сондай – ақ, ата-аналарымен де аз 
қарым-қатынас жасайды», деп өзінің пікір айқын білдірген. Отбасы мүшелері 
өздерінің бос уақыттарын телебағдарламалар мен видеофильмдерді көруге, 
сондай ақ компьютер арқылы түрлі ойындарды ойнауға арнайды.
Бастауыш сынып оқушыларын қарым-қатынас жасау үдерісін меңгерту 
үшін қандай тапсырмаларды шешуді үйренуі тиіс? Психологиялық және 
педагогикалық әдебиеттерде тапсырма деп нені түсіндіреді? Бастауыш сынып 
оқушыларының қарым-қатынас жасау біліктілігін дамытуда коммуникативтік 
тапсырмалардың ролі қандай? Оқыту үдерісінде коммуникативтік 
тапсырмаларды қолданудың мүмкіндіктері, қағидалары мен оны өңдеу 
тәсілдері нені білдіреді? деген бірізді заңды сауалдарға жауап іздеуді талап 
етеді. 
Алдымен «тапсырма» ұғымын психологиялық және педагогикалық дерек 
көздерінен қарастырудан бастайық. Тапсырма ұғымы тек шектеулі көлемде 
ғана: ғылыми (математикалық, физикалық және т.б.) тапсырмалар, білім беру 
тапсырмалары, саяси, техникалық тапсырмалар ретінде ғана қолданылды. 
Г.А.Валитованың айтуынша тапсырма оқытудың қарапайым бөлшегі ретінде 
танылып, мынадай: мақсат, мазмұн, құрал, шешу әдістері секілді белгілерге 
ие. Ғылыми әдебиеттерге талдау жасау барысында, тапсырманы жіктеу 
жөнінде біржақты пікірдің жоқ екендігін нақты көз жеткіздік деп айтатын 


14 
болсақ, онда бұл мәселені (кең психологиялық түсінікте) біздің зерттеу 
мақсатымызға енбейтін ескере отырып, бұл сұрақты тек осы жұмысқа 
қатысты аспектілеріне ғана тоқталамыз.
Ғалымдар: Г.А.Баллдың құрылымдауы бойынша – 
ойлау тапсырмалары

И.Я.Лернердің – 
танымдық тапсырмалары
, А.М.Матюшкиннің және 
М.И.Махмутовтың түсіндірмесі бойынша – 
интеллектуалдық тапсырмалар
секілді тапсырмалар түрлерін бөліп көрсетті. Психолог Я.А.Понамарев 
«...Жағдаят тапсырма секілді қажеттіліктің жиынтығы және оны 
қанағаттандырудағы мәлімет болып табылады. Бұл мәліметтер оған қол 
жеткізудегі мақсаттар мен мүмкіндіктерден құралады» деп түсіндіреді. 
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі анықтамаларды қамту 
барысында және психологиялық түсініктемелерде «тапсырма» ұғымы, мақсат 
пен мүмкіндікті анықтап алу тапсырманың жетекші құрастырушы деген 
қорытынды жасауға болады. П.Я.Гальперин «Тапсырма – нақты жағдайдағы 
әрекет мақсаты, ол белгілі бір тәртіпке сәйкес осы мүмкіндіктерді қайта 
жасауда 
қол 
жеткізуге 
тиіс 
мәлімет» 
деген 
анықтама 
береді. 
С.Л.Рубинштейннің 
пікірі 
бойынша 
тапсырманы 
«мақсаттың 
мүмкіндіктермен қатынасы» деп анықтаған. Ал А.М.Матюшкин тапсырманы 
түсіндіру үшін «тәсіл» ұғымын пайдаланып: «Тапсырма – бір адамның 
екінші адамға (немесе өзіне өзі) тапсырманы ұсынудағы, мақсатқа және оған 
жетудегі нұсқауды қамтитын таңбалық тәсіл» деген анықтама берген.
Көпшілік 
психологтар 
тапсырманы 
бір 
жағынан 
интеллектіні 
қалыптастырудың ең тиімді құралы ретінде, ал екінші жағынан – 
интеллектуалдық 
әрекеттің 
көптеген 
түрлері 
мен 
қабілеттерге
психодиагностика ретінде қолданған.
Біздерді «тапсырма» ұғымының бастауыш мектеп оқушысына қатысты 
қалай қолдануға болатындығы, сондай-ақ, оның оқу әрекеті контексінде 
қарастыру қажеттілігі қызығушылық тудырады. Ол үшін оқыту үдерісіндегі 
тапсырма деп нені түсінуге болатындығын ұғыну қажет.
Бастауыш мектеп кезеңіндегі балалардың психологиясы мен олардың оқу 
әрекеті, оның құрылымы, қалыптастыру заңдылықтары және бастауыш 
мектеп оқушыларының психикалық дамуымен байланыстары анықталып, 
зерттеу мақсатында оның негізгі әдісі ретінде тек оқушылардың оқу әрекетін 
қалыптастырудың белсенді әдістері болуы мүмкін деген тұжырым жасауға 
болады.
Д.Б.Элконин және тағы басқа ғалымдар оқу тапсырмасын оқу әрекетінің 
негізгі бөлігі ретінде бөліп көрсете білді. Д.Б.Элконин оқу тапсырмасы деп 
«оқушылардан оқу әрекетінің барлық негізгі тәсілін анықтап және оны 
меңгеруді, кең ауқымды мәселелер мен нақты-тәжірибиеге қатысты 
тапсырмаларды шешуді талап ететін тапсырма» деген анықтама берді. Ал, 
тапсырманы қою – дегеніміз оны шешуде оқушылардың барлық жеке және 
нақты 
мүмкіндік 
нұсқалардағы 
тәсілдердің 
мазмұнына 
толықтай 
бағдарлануын талап ететін жағдаятпен таныстыру. В.В.Давыдов оқу 
тапсырмасын – оқушылардың оқу әрекетіне мақсат қоюы және сол мақсатқа 
жету үшін белгілі бір мүмкіндіктерді орындап, қабылдай білу деп дәлелдейді. 


15 
Сондықтан, оқыту үдерісінде қойылған мақсатқа жетуге бағытталған оқу 
тапсырмасын, көбінесе мұғалімнің дайындаған оқу мәселесімен бір мағынада 
қарастырады.
Оқу әрекетінің негізгі құрылымдық элементтері болып оқу тапсырмалары, 
сол сияқты белгілі қарама-қайшылықтан шығу, таныс ұғымдар мен 
тәсілдердің пайда болған кемшілігін іздеу мәселесі ретінде көрінеді. Біз 
зерттеу жұмысымызда Д.Б.Элконин ұсынған оқу әрекеті тұжырымдамасын 
қамту барысында, практикалық тапсырмалар мен оқу тапсырмаларын бөліп 
қарастырамыз. Практикалық тапсырманың ерекшелігі, оны шешу кезінде 
кейбір пәндерді үйренуде оған өзгеріс енгізу үшін, субъектінің әрекеті оның 
әрекетінің объектісі болып табылады. Мұндай шешімнің нәтижесі объектіге 
кейбір өзгеріс енгізуінен көрінеді. Сол секілді оқу тапсырмаларын шешуде 
оқушылар өз әрекеттері арқылы объектілерге немесе олар жайлы түсінікке 
өзгеріс енгізіп, оны қайта жасау нәтижесінде - әрекет етуші субъектінің 
өзіндік өзгерісінен көрінеді. Оқу тапсырмасын субъектіде алдын-ала 
тапсырылған өзгерістер болғанда ғана шешілді деп есептеуге болады. Бұл 
мәліметті схема түрінде былайша бейнелеуге болады:
Практикалық тапсырма шешім объектідегі өзгеріс
Оқу тапсырмасы шешім субъектідегі өзгеріс 
Схема 1. Практикалық және оқу тапсырмасының шешімінің нәтижесі 
Субъектінің пәндік әрекетіндегі өзгеріс үдерістен бөлек, субъектінің 
өзінде ешқандай өзгерістің болуы мүмкін емес дегенді назарға ала отырып, 
оқыту әрекеті – бұл пәнге өзгеріс әкелетін, міндетті пәндік әрекет деген 
нақты қорытындыны жасауымызға болады. Дегенмен оның пән бойынша 
жүзеге асыратын мақсаты мен нәтижесі өзгеріс емес, алдын ала тапсырылған 
субъектінің өзіндегі өзгерісті білдіреді.
Бұл талдаудан «субъект» ұғымының мәнін қарастырмай, толық деп айта 
алмаймыз. Д.Б.Элконин, В.В.Давыдов, Т.С.Савочкиндердің оқу әрекеті 
жөніндегі тұжырымдамасын баяндауда келесідей түсіндірмеге сүйенеді.
Субъект – 1) психология мен философияның іргелі категориясы;
2) әлемді заттық бейнелеу негізінде сана мен ерікке ие, мақсатқа сай әрекет 
ете алатын тірі ағза; қоршаған әлемді танып және қайта өзгерте алатын адам.
Біз өз зерттеуімізде Д.Б.Элкониннің балалардың психикалық дамуы, меңгеру 
түрінде жүреді деген көзқарасын қолдаймыз. Мектептегі оқытуға көшуді 
меңгеру үдерісі мазмұнға түбегейлі өзгеріс енгізуді белгілейді. Меңгеру – оқу 
әрекеті деген жаңа түрді иемденеді. Оқуды меңгеру объектісі – субъектінің 
әрекетіндегі пәндер немесе олардың шынайы қасиеттерін емес, осы пәндерді 
өзгертудің тәсілдері болып табылады. Оқу тапсырмаларын шешу – 
оқушының әрекет тәсілдерін игеру мен меңгеруге бағытталады.
Оқушылардың оқу әрекетін өз бетімен таңдауы, оқу тапсырмаларының 
мазмұнымен сәйкес болады. Оқу тапсырмаларының қызметі алдымен сол 


16 
немесе басқа да пәндерге тиісті объектілер арасындағы байланыстардың 
барлық ерекшеліктерін білдіреді.
Шешу тәсілдері мен құралдары дегеніміз – тапсырманы шешу барысында 
қолдануға тиісті қағидалар жөніндегі нұсқаулар мен теориялық ержелер.
Бірқатар зерттеушілер (Д.Б.Элконин, В.В.Давыдов, А.К.Маркова және 
т.б.) оқу тапсырмасын оқу әрекетінің негізгі құрамы екендігін өз 
зерттеулерінде дәлелдеген. Біз қарастырып отырған негізгі ұғым - 
«коммуникативтік тапсырма» болып табылады. В.В.Дображанскийдің пікірі 
бойынша коммуникативтік тапсырма көптеген оқу тапсырмаларының бірі 
ретінде, оның барлық сипаттамасын бейнелейді. Коммуникативтік 
тапсырманы оқушы белгілі бір жағдаяттарда саналы түрде қолданғанда жеке 
мәнге ие болып, белсенді қарым-қатынасқа ынтасын арттырып және оның 
қарым-қатынас жасай білу біліктілігін дамытатын әрекет мақсаты ретінде 
қабылдауы мүмкін. Бұл коммуникативтік тапсырмалар педагогикалық 
мүмкіндіктердің бірі болып табылады. Зерттеу шеңберінде коммуникативтік 
тапсырма ұғымының психо-педагогикалық ерекшелігін қарастыруды талап 
етеді. 
«Коммуникативтік 
тапсырма» 
ұғымын 
қарым-қатынас 
психологиясында алғашқылардың бірі болып А.А.Леонтьев қолданып, оны 
«танымдық 
тапсырма» 
ұғымынан 
айырмашылығын 
салыстырмалы 
қарастырған. «Коммуникативтік тапсырма» мен «тілдік тапсырма» ұғымдары 
ХХ ғасырдың 1980-жылдары кең түсінікке ие болып, шет елдік және ресейлік 
зерттеулерде түрлі түсініктемелер берілді. Сонымен қатар М.И.Лисина 
«коммуникативтік 
тапсырма» 
ұғымымен 
қатар 
«қарым-қатынас 
тапсырмалары», 
Г.А.Китайгорский 
«коммуникативтік 
тапсырма», 
А.К.Маркова «коммуникативтік мақсат» ұғымдары да қолданысқа ие болды. 
Терминологияда сол құбылысқа байланысты бір мағынылылық пен 
реттіліктің жоқтығы салдарынан оқыту үдерісінде түрлі ұғымдар 
қолданылып, бұл бір жағынан қарастырып отырған ұғым жөнінде бірыңғай 
түсінік қалыптастыруға кедергі жасап, нәтижесінде ғылыми түсіндірме мен 
практикалық қолданыста ілгерілеуге кедергісін тигізеді. Ал, екінші жағынан
зерттеушіге қарастырып отырған мәселеге қажетті аспектілерін анықтауға 
көмектеседі. 
Коммуникативтік тапсырма ұғымын педагогика мен психология 
тарапынан қарастыруда, бұл құбылыстың бастауыш сыныптарды оқыту 
әдістемесіндегі орнын ескермеу мүмкін емес. Шындығында, неліктен 
бастауыш сыныптарды оқыту әдістемесінде коммуникативтік тапсырма 
негізгі ұғым болып табылады деген сұрақ туындайды? Бұл сұраққа былайша 
жауап беруге болады. Бастауыш сыныптардағы оқыту – бұл білім берудің 
алғашы негізін қалайды. Екіншіден, бастауыш сыныптарда оқытылатын 
пәндер олардың коммуникативтік құзыретілігін қалыптастыруда жетекші 
маңызға ие. Зерттеушілер (А.А.Артюнов, И.Л.Блим, М.Н.Вятютнев, 
И.Я.Зимняя, Т.Ю.Тамбовкина) бастауыш сыныптарда коммуникативтік 
құзыреттілікті қалыптастыруда коммуникативтік тапсырмаларды шешу мен 
оларды қоя білуден деп есептейді. М.Н.Ватютнев «... коммуникативтік 


17 
құзыреттілікті меңгеру – бұл қарым-қатынас жағдайында коммуникативтік 
тапсырмаларды шешудің үздіксіз үдерісі» деп ерекше атап өткен.
Бастауыш сыныптарды оқыту әдістемесінде коммуникативтік тапсырма 
тұғырының негізіне С.Л.Рубинштейн мен А.Н.Леонтьевтің психологиялық 
түсіндірмесі басшылыққа алынған. Т.Ю.Тамбовкинаның түсіндірмесінде 
әдістемедегі коммуникативтік тапсырма ең алдымен оқушылардың тілдік 
әрекетке деген қажеттілігін оятып, соған сәйкес түрткісін дамыту, тілдік 
ойлауға ынталандыру, жаңаша және жалпы білімдік білімдерді игеруге 
себепші болу, тілдік құралдар мен лингвистикалық білімдерді өзектендіруге 
бағытталады. Бұл оның проблемалық тапсырмалардан айырмашылығын 
білдіреді. Дидактиктердің түсіндірмесі бойынша проблемалық тапсырмалар, 
«табиғат пен қоғам жөніндегі жаңа білімдерді алуға, мақсатқа жету немесе 
білімді іздеудің жаңа құралдарын жасауға» бағытталады.
Сөйлеуші әрқашан өзінің пікірі арқылы қандай да бір мақсатқа қол 
жеткізгісі келгенде: әңгімелесушіні сендіру немесе өзінің пікірі қате 
екендігіне көз жеткізу, көңіл білдіру немесе ашуландыру, оның пікіріне 
қолдау көрсету немесе келеке ету және т.б. фактының дәлелділігін көрсетеді. 
Осы тәрізді мақсаттарды Е.И.Пассов коммуникативтік тапсырмалар деп 
атайды. Оның пікірі бойынша олардың шешімі сөйлеудің мақсатқа 
бағыттылығына қызмет етіп, қарым-қатынаста алдына қойылған міндеттерін 
орындауда оның барлық сапаларының өзара байланыстылығын білдіреді. 
Е.И.Мотина, Е.Е.Жуковский, Г.А.Золотова, Э.Н.Леоновалардың пікірі 
бойынша коммуникативтік тапсырмаларда психологиялық аспект жетекші 
болып табылады.
Коммуникативтік тапсырмалардың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет