6
І Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастырудың теориялық негізі
Білім берудің нәтижесі дәстүрлімен салыстырғанда білім, білік,
дағдының жүйесі ретінде түсіндірілсе, жаңа стандартта (2008ж.) алғаш рет
білім нәтижесінің мөлшерін анықтауға мүмкіндік беріліп отыр.
Оқушылардың дайындығының міндетті деңгейі нәтижеге бағдарланған
білім беру мен олардың жетістігін бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ету
түрінде беріледі.
Білім беру жүйесінің дамуының қайшылықтары ретінде жүйелілік және
әдіснамалық сипаттағы мәселелердің негізі болып отырған БМЖМС 2002 –
де мектеп білімінің мақсаттары оқушының жеке тұлғасын дамытудың басты
бағыттары ретінде оқушының нақты іс-әрекеттерін, қабілеттілігін дамытуға,
олардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптардың берілмеуі, білім
мазмұнының оқушының өмірдегі болып жатқан жағдаяттарға құзыреттілік
тұрғыда қатыса алмауын, білімнің мемлекеттік стандарттар аумағынан тыс
қалуы және оқушыға білім алудың жеке траекториясын жасауға мүмкіндік
берілмеуін атауға болады.
Бұл белгіленген білім мазмұны мектеп бітірушілерге бірыңғай оқу
пәндері бойынша білім, білік және дағдылар бергенімен өмірде болып жатқан
жағдайларға араласуда өзінің құзыреттілігінің жеткіліксіздігін байқатады.
Сол себепті оқыту үдерісін ұйымдастыруға деген жаңа бетбұрыстар білім,
білік,
дағдыны
меңгертуден,
құзыреттікті
қалыптастыруға,
яғни
оқушылардан күтілетін нәтижесіне қол жеткізуге мүмкіндік беретін оқыту
үрдісін жобалауға қарай өзгертудің қажеттілігі артып отыр.
Құзыреттілік
өзіне білім, білік және дағдыны кіріктіре отырып, оны
тәжірибиеге бағдарланған білім, білік және дағды ретінде қарастырылады.
Бұл мәселе жалпы білім беруді модернизациялауда «іргелі және тәжірибиелік
білімдердің сәйкестілігін үйлесімді жетілдіруде білім беру үдерісінің
бағыттылығы игерілген білімге ғана емес, сонымен бірге ойлау қабілетін
дамытуға, практикалық біліктерді өнімді етуге, түрлі рәсімдер мен
технологияларды үйренуге, әртүрлі тәжірибелер түрлерін кеңейту,
интерактивтік және ұжымдық жұмыс түрлерін күнделікті өмірдегі
мәселелерге, меңгерген мәліметтерге үйлесімділікпен» қолдануын білдіреді.
Олай болса, құзыреттілік білім, білік, дағдыны мүлдем жоққа
шығармайды, дегенмен өзіндік айырмашылықтары бар.
Достарыңызбен бөлісу: