ІІ Оқу тапсырмалары – оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін
дамыту құралы ретінде
Жаңа 12 жылдық білім беру жүйесіндегі білім нәтижесі ретіндегі
коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі оқушының оқу іс-
әрекетін ұйымдастырудың ұтымды жолдарын іздестіруді көздейді. Ол
оқушылардың
психологиялық
және
жеке
ерекшеліктеріне
қарай
педагогикалық тұрғыда негіздеуді қажет етеді. Оқу іс-әрекетінің басқа
әрекеттерден ерекшелігі: оқу материалдары мен оқу тапсырмаларын
меңгеруге бағытталуы; әрекет және ғылыми ұғымның жалпы амалдарын
меңгеруі; тапсырмаларды шешудің алдын алатын жалпы әрекеттері; адам –
оқушының өзгерісіне әкелетін оқу іс-әрекеті; өзінің әрекетінің нәтижесіне
сыни көзқараспен қарауға дағдыландыруды көздеуінде. Д.Б.Элконин,
В.В.Давыдов және т.б. оқу іс-әрекеті тұжырымдамаларында оқу әрекетінің
құрылымын қажеттілік, түрткі, оқу тапсырмалары, оқу әрекеттері, бақылау
және бағалау құрайды. Г.П.Щедровицкий сегіз компоненттен тұратын
құрылымды ұсынады: мақсат, міндет, бастапқы материал, құрал, әдіс, үдеріс,
процедура, өнім. Сонымен, бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-
әрекетінің белгілі құрылымы мыналар:
1. Қажеттілік, мотив.
2. Оқу тапсырмалары.
3. Оқу әрекеттері (баланың қолданатын нақтылы практикалық және ой
тәсіл - амалдары).
4. Бақылау (оқушылардың өзін-өзі қадағалап, тексеріп отыруы).
5. Бағалау (мұғалімнің және оқушының өзіне-өзі берген бағасы).
Қажеттілік – белгілі күштің ықпалымен, субъектінің ортаға және
ортаның субъектіге қоятын талабына байланысты жүзеге асатын кез келген
әрекеттің бастапқы бөлігі болып табылады. Қажеттіліктің объектілік мазмұны
түрткіде көрініс табады. В.Апельттің көзқарасынша, оқу түрткісін тілге
байланысты
мынадай
түрлерге
жіктеген:
арнаулы,
танымдық,
коммуникативтік, өзін-өзі жүзеге асыратын, ата-ана мен мұғалімнің оқушыға
қатынасы арқылы көрінеді.
Оқу тапсырмалары оқу мақсатымен тығыз байланысып, мақсатты
болжаудың негізінде оқыту мақсатына жетудің құралы ретінде көрінеді.
В.С.Аванесовтің пікірінше, оқу тапсырмалары – жоспарланған нәтижелердi
оқушыларға меңгертуге бағытталған педагогикалық форма. Әрбiр тапсырма
белгiлi бiр мақсат үшiн құрылған, сондықтан оның өзiндiк миссиясы мен
өзiнiң сипаттамасы бар деп дұрыс атап өтiлген. Тапсырманың басты
миссиясы – оқушыларды белсендi түрде өздiгімен бiлiм алу iс-әрекетiне
баулу, оларды дамыту, құзыреттіліктің талап етiлген деңгейiне қажеттi бiлiм,
бiлiк және дағдыларды игерту. Тапсырмалардың негiзгi түрлерi – есеп, сұрақ,
жаттығу, шығармашылық тапсырма, тест формасындағы тапсырма, тест
тапсырмасы, оқу проблемасы және т.б. Тапсырмалар сұрақтарға, тест
формасындағы тапсырмаларға, жаттығуларға және т.б. қарағанда жалпы
10
ұғым ретiнде қарастырылады. Олардың бастауыш сынып оқушыларының
коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда әртүрлi мүмкiндiктерi бар
және әртүрлi дидактикалық нәтижелерге алып келіп, бiрiгiп жүйе құрайды.
Оқу іс-әрекетінің келесі құрамы оқу тапсырмаларын шешудегі оқу әрекеттері
болып табылады. Оқу іс-әрекеті адамның қоғамдық-тарихи тәжірибені
мақсатты түрде иемденуіне мүмкіндік беретін және соның негізінде сыртқы
және ішкі гностикалық әрекеттердің жеке тәжірибесін қалыптастыратын
ерекше әрекеттер жиынтығынан тұратындығын түсінеміз. Оқытудағы
мәтіндік тапсырмаларды шешу жағдайында мәтіндік тапсырмалар бойынша
арнайы білімдері негізінде тапсырманы шешу біліктілігінің қажетті деңгейін
меңгеруін қамтамасыз ететін әрекеттерді орындайды. Оқушыларды оқытып
қана қоймай, олардың әрекетіне сай тапсырмаларды таңдай білу мұғалімнің
басты міндеттерінің бірі болып табылады. Іс-әрекеттің келесі құрамы болып
тұжырымдамада қарастырылған оқу тапсырмаларын шешудегі оқу әрекеттері
болып табылады.
Психологтардың пікірінше, оқушының оқу іс-әрекетінің субъектісі болып
қалыптасуы олардың өзіндік бақылау мен өзіндік бағалауды меңгеру
дәрежесімен анықталады. Бақылау мен бағалау әрекеттің барлық түрінде сол
әрекетті бақылау мен бағалаудың нәтижесін білдіреді. Оқу іс-әрекетінің
ерекшелігіне талдау жасау, бақылау пәні оқушының өзінде болатын өзгерісті
және оларды жинақтау жолын нақтылауға мүмкіндік береді. Оқу іс-әрекетін
бақылау оқу тапсырмаларындағы мәтіндік тапсырмаларды шешудегі
оқушының оқу тапсырмаларын шешу біліктілігін меңгеру сапасы болып
табылады. Оқу
іс-әрекетін
қалыптастыру
дегеніміз
оқушылардың
мұғалімнің басқаруынсыз мақсатқа бағытталған оқу мазмұнын және өзіндік
оқу іс-әрекет тәсілдерін меңгеруге толығымен көшуін білдіреді. Оқу іс-
әрекетін қалыптастыру оқушылардың оқу әрекетінің біртұтас актілері – оқу
мақсатын түсіну мен қабылдаудан бастап тапсырмалар негізінде бақылау мен
бағалау дәрежесіне жетуді орындау арқылы жүзеге асады. Бастапқыда мұның
үлкен бөлігі мұғалімнің басшылығымен, содан кейін көбінесе оқушылардың
өз
бетінше
орындалады.
Сондықтан
оқушының
коммуникативтік
құзыреттілігінің алғашқы қадамы өз іс-әрекетін және қарым-қатынасын
реттеуге басшылық жасай білуінен байқалады. Олай болса баланың өзі
атқарып отырған әрекеті, ендеше ақпарат алу, яғни әңгімеге тарту оның ақыл-
ойының одан әрі дамуына кепіл бола алады.
Оқу
іс-әрекетінде қолданылған тапсырмалар жазбаша қатынас
(қарапайым және күрделі құрылымдағы жазбаша байланыс формаларын
меңгеру, ақпаратты жазбаша өңдеу, мәтінді жазбаша баяндау, жазбаша құжат
жанрларын игеру т.б.); көпшілік алдында сөз сөйлеу (баяндама, хабарлама
дайындау, оны жеткізуде шешендік, қисындық тәсілдерді, көрнекі
материалдарды пайдалануы т.б.); диалогқа түсу (әңгімені нормалық
ережелерге сәйкес бастап, аяқтау, ақпараттың негізгі мазмұнын қабылдау,
диалогты мақсатқа сай жалғастыру үшін сұрақтар қою, сұрақтарға жауап
беру т.б.); өнімді топтық қатынас орнату (топтық талқы, пікірталасқа қатысу,
шиеленісті болғызбау, шешу немесе шиеленістен шығу ережелерін меңгеру,
11
топтық жұмысты орындау аясында өз міндетін жауапкершілікпен атқару т.б.)
ие болады деп тұжырымдаймыз. Оның оқу іс-әрекеті оқу материалының
авторымен іштей диалог түріне ие болып, оның нәтижесіне талдау жасағанда
сыныпта әрбір қатысушы оқу тапсырмасын түсінгені және оны шешу
тәсілдері жөнінде өз ұсыныстары мен түзетулерін енгізуде пікірталасқа
ұласады. Бұл үшін оқу материалдарын меңгерудiң кезеңдерi мен деңгейлерiн
ескере отырып, оқушылар үшiн әртүрлi қиындық деңгейiндегi тапсырмалар
құрастырылады және әрбiр деңгейдегi оқушылардың оқу жетiстiктерiн
сүзгiден өткiзу үшiн жағдай жасалады. Меңгертудiң әрбiр деңгейiне жету
оқушылардан белгiлi бiр ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру
және т.б.) орындауды көздейдi, сондықтан әрбiр тапсырманың мазмұны
деңгейлiк саралауға тәуелдi болады.
Меңгерудiң үшiншi деңгейiнде әр түрлi формадағы тапсырмалардан
құралған құрастырмалы тапсырмаларды шығармашылық тапсырмалар
ретiнде пайдалануға болады. Мысалы, жағдаяттық тапсырма және оған қоса
тест формасындағы тапсырма. Шығармашылыққа құрылған тапсырмаларды
орындау көптеген жағдайларға байланысты көп уақытты қажет ететіндіктен,
мұндай тапсырмаларды үйде орындауға беру орынды. Бұл әрбiр оқушыға
өзiнiң мүмкiндiктерiне қарай өзiне қолайлы уақытта берiлген тапсырманы
орындауына мүмкiндiк бередi. Шығармашылық тапсырмаларды орындау
мерзiмiн сынып оқушыларының дайындықтарының деңгейiне, олардың
жүктемесiне сәйкес мұғалiм өзi реттейдi. Тапсырмаларды дайындауда
М.Ж.Жадринаның пiкiрiне сүйенуге болады. Оқушылардың оқу жетiстiктерiн
өлшеу үшiн тапсырмалар жүйесiн жобалаудың алдында оқу жоспарында
көрсетiлген оқу курсын меңгертуге (әрбiр тақырыпқа) берiлген пәннiң
ғылыми негiздерiн оқытып-үйретудегi оның күрделiлiгi мен рөлiне қарай
бөлiнген сағат саны анықталады.
Елбасының Жолдауында адамның өмір бойы білім алуына жағдай
туғызуымыз керек деуі, яғни білім мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай
отырып, жас ұрпақтың бойында өзіндік бағдарын айқындауға мүмкіндік
беретін, табысты өмір сүруге жол ашатын құзыреттілікке жеткізетін шешуші
құзыреттіліктерді қалыптастыру қажет екендігін айғақтайды. Өз бетiнше
зерделеудi оқушының басты iс-әрекетi ретiндегi рөлiн өзектiлендiру
жағдайында құзыреттілікке бағдарланған тапсырмалардың маңызы арта
түседi. Тапсырмалардың кейбiр түрлерi оқушылардың оқу жетiстiктерiн
анықтау әдiстерiнiң бiр бөлiгi де болуы мүмкiн. Осындай әдiстердi жобалау
және құру оқу үдерiсiн ұйымдастырудың және басқарудың негiзгi буыны
болып табылады.
Оқу іс-әрекетінің ең басты компоненті – оқу әрекетіндегі оқу
тапсырмаларын шешудің амалы. Коммуникативті әрекеттерге өзінің ойын
айту, қарым-қатынас кезінде серіктесіне вербалды ықпал етуі, көпшілік
алдында сөйлей алуы, жазбаша қарым-қатынас құралын пайдалануы, сұрақ
қою және пікірталасқа түсу тәрізді әрекеттерден тұрады. Т.Леонова
дескриптік (сипаттамалық), директивтік (қозғаушы), когнитивтік (тілдік
ойлау), кооперативтік және экспрессивтік (мадақтау, талдау және т.б.). Оқу іс-
12
әрекетіндегі ең басты компоненттің бірі – бақылау және бағалау. Бақылау –
мақсатты жүзеге асыруды тексеру үдерісі, ал баға түрткіні жүзеге асыруды
тексеру.
Бастауыш сынып оқушысының оқу әрекетіндегі өзін-өзі басқару мен
басқаруды ұйымдастыру, оқыту үдерісін модельдеудің психологиялық-
педагогикалық және дидактикалық мәселелері бойынша бірқатар
ғалымдардың еңбектерінде (Ю.К.Бабанский, А.А.Вербицкий, Ю.Н.Кулюткин,
М.И.Махмутов, В.Сериков, Г.С.Сухобская, Т.И.Шамова, И.С.Якиманская,
И.П.Подласый т.б.) жан-жақты талқыланып келеді. Оқушының білім алу
үдерісіндегі өзіндік пікірі мен ой-жүйесінің негізі бастауыш деңгейде
қаланатыны белгілі. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының жас
ерекшеліктерін ескеруге баса назар аударылады
Г.А.Цукерман
бастауыш сынып оқушыларының оқу іс-әрекетіне
араласуына байланысты төрт топқа бөлінеді: топты жарып шығатын, топты
жарып шығуға қоры бар, еңбексүйгіш және өзін көрсете алмайтындар. Топты
жарып шығатындар – оқу іс-әрекетінің белсенді субъектісі, бұл балаларда
жаңа оқу тапсырмасы қойылатын, шешімін шығаруға көшбасшы болатын
сабақтарда байқалады. Олар өздерінің пікірлерін алмастырады, барлық
мүмкін болжамдарын ұсынады және тексереді. Олар жаңа шешім табуда пікір
таласып, ұсыныстар айтып, оны тексереді. Келесі топ өткірлікке қоры бар
топта қызығушылығы жоғары және оқуға берілгендігі басым болып келуімен
ерекшеленеді. Еңбексүйгіштік тобындағы оқушылар оқу тапсырмаларын қою
және оның амалдарын табу кезінде емес, табылған әдістерге жаттығуда
қалыптасады.
Коммуникативтік құзыреттілік тұлғалық өзара қарым-қатынастың белгілі
бір жағдаяттар ортасында тиімді арақатынас құруға қажетті ішкі ресурстар
жүйесі ретінде қарастырылады. Осыған байланысты А.М.Новиковтың пікірі
көкейкесті болып табылады: «... оқушылардың жеке тұлғасының жан-жақты
дамуын олардың зияткерлік дамуы мен денесінің жетілуі, шығармашылық
қабілеттерінің дамуы ғана деп түсіну жеткіліксіз. Бұл сайып келгенде,
адамның
белсенді
өмір
ұстанымын,
біліктілігін,
«әрекеттілігін»
қалыптастыру болуы тиіс». Бастауыш білім беруде негізге алынатын
құжаттарда
анықталғанындай,
коммуникативтік
құзыреттілік
қалыптастырудың кілті ретінде, тұлғаның белсенді әлеуметтенуіндегі мәселе
шешуші ретінде, жеткілікті дәрежеде дамуын қамтамасыз ететін адамның
коммуникативтік білігі мен дағдылары жатады. Осылайша, бастауыш сынып
оқушыларының оқу іс-әрекетінің бөлшегі ретінде оқу тапсырмаларды
қолдану – коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудың құралы ретінде
пайдалану мүмкіндігін анықтайды.
|