18
тапсырмаларға болжам жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, дәрігер
емделушінің денсаулық жағдайына алаңдаса, тұтынушыны тауардың сапасы
қызықтырды, ал мұғалім оқушылардың қандайда бір бірлескен әрекеттеріне
түрткі болу үшін, мәселелік
жағдаяттың шешімін табуға, сыныптасының
пікіріне баға беруге және т.б. шақырады. Олай болса, коммуникативтік
тапсырмалар қарым-қатынас аймағымен тығыз байланыста болады. Мысалы,
әлеуметтік-мәдени
аймақта
сөйлеу
пәні
ретінде
оқушылардың
қызығушылығының болуы, коммуникативтік тапсырмаларды бағалауда жиі
қолданылып, ал оқу-еңбектік аймақта коммуникативтік тапсырмалар
әрекетке түрткі болады.
Әдістемелік ғылымда қарым-қатынас мақсаты
немесе коммуникативтік
тапсырмалар үнемі нақты жағдаяттарда және белгілі бір тілдік әрекеттерді
орындауда жүзеге асады. Тілдік әрекет тілдік құралдардың көмегімен жүзеге
асатын болса, онда коммуникативтік тапсырмалардың
лингвистикалық
аспектісі
дәл сол сөйлеу нәтижесінде көрінеді.
Коммуникативтік
тапсырмаларды мәлімет түрінде шешуде, белгілі бір тілдік шығарма, мәтін
түрінде көрінеді. Бұл мәліметтер қарастырып
отырған ұғымның әдістемелік
аспектісін анықтауда маңызды болып есептеледі. Егер шынайы қарым-
қатынас барысында, коммуникативтік тапсырманы шешуде белгілі бір қарым
-қатынас жағдайында тілдік әрекет арқылы жүзеге асырылса, онда оқушылар
өздерінен талап етілетін қажетті тілдік әрекеттерді орындап,
олардың
меңгеруі мен иемденуін басқара білуге үйренеді.
Коммуникативтік тапсырма білім нәтижесіне тікелей болжам жасауға
мүмкіндік береді.
Коммуникативтік тапсырманың
Достарыңызбен бөлісу: