Бастауыш сынып оқушыларының эмоциялары мен сезімдерінің дамуы
Жоспар
І.Бөлім.
1.1 Эмоция мен сезімдер туралы түсінік
1.2 Эмоция мен сезімдердің адам өміріндегі маңызы
1.3 Эмоцияның физиологиялық негізі
ІІ. Бөлім.
2.1. Бастауыш сынып оқушыларының эмоциялар мен сезімдерінің дамуы
мен қалыптасуы.
2.2. Сезім саласындағы дара айырмашылықтар
2.3. Күрделі эмоциялар
2.4. Жоғары сезімдер
ІІІ. Бөлім. Практикалық бөлім
3.1. Пайданылған әдебиеттер
3.2. Қорытынды
Мектепке барса да, бала кеше жасаған ісін бүгін де істей берсін. Оның өмірінде жаңалықтар жаймен пайда болуы тиіс. Өйткені, олар аса көп әсер беріп, баланы естен тандыруы мүмкін.
В.А.Сухомлинский.
Кіріспе бөлім
Эмоция мен сезімдер туралы түсінік
Эмоция мен сезімдер туралы түсінік.
Адамдар реалдық дүниені тек танып қана қоймайды, оған өзінің қатынасында білдіріп отырады, ол бір нәрсені ұнатады, біреуді жақсы көреді, екінші біреуге салқын қарайды. Бір сөзбен айтқанда өз қажеттеріне қарай айналасына түрлі көңіл-күйін білдіріп отырады.
Сыртқы дүние заттар мен құбылыстарының адамның қажетіне сәйкес келу келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық түрін процестің түрін сезім деп атайды. Қажеттердің түрлі жағдайларға байланысты түрліше өтелуі адамда көптеген ұнамды сезімдерді туғызып жек көрушілік, абыржу, наздану, іш пысу, зерігу. Осындай сезімдер мен эмоциялардың сан алуан түрлері.
Сезімдер-өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер адамның тіршілік қажетіне,өзара қарым-қатынаста байланысты сан алуан формаларда көрінеді. Демек, адамның өмірі қоғамға байланысты, оның әрекеті де қоғамдық саналы әрекет. Олай болса, адамның сезімдері де қоғамдық сипатта болып, сезімнің мазмұнын қоғамдық сипатта болып, сезімнің мазмұнын қоғамдық болмыс белгілеп отырады.
Сезімдерді эмоциялардан дұрыс айыра білмеушілік, бұл екеуінің мәнін бірдей деп ұғу, кейде қате түсініктерге де әкеп соқтырады. Жануарлар эмоциясы биологиялық сипаттағы құбылыс, бұл жануарлардың сыртқы ортаға бейімделу көрінісінен, әр түрлі шартсыз рефлекстердің тізбегінен немесе инстинктерінен байқалады.
Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар. Олардың сапасын көрсететін осындай ерекшеліктерінің түрі қарама-қарсы полярлық сапалықтар деп атайды. Мәселен, сүйсіну сүйсінбеу, көңілдену, қажу, шаттық, уайым т.б осы секілді сапалар өзара екі полюске ажырасып, бір-біріне қарама-қарсы мағынада болады.
Сезімдердін екінші ерекшелігі – олардың актив және пассив болып бөлінуінен көрінеді. Адамға күш беріп, әрекетке ұмтылдыратын, көтеріңкі сезімдер мен эмоцияларды стеникалық ал бұлардың баяу, солғын түрлерін астеникалық деп атайды.
Біріншісіне:жауапкершілік, жолдастық,достық.айбаттылық т.б. Екіншісіне:уайым,енжарлық,көңілсіздік сезімдер жатады.Үшіншісіне:жігерлену және кернеуден босану немесе шешілу. Бұл да сезімдердің қарама-қарсы сапалардың бірі. Мәселен, студенттердің емтиханнан өтуі.
Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштер адамда көбінесе қолайсыз эмоциялар туғызады. Адам ұдайы қинала беретін болса, оның діңкесі құрып, берекесі кетеді. Адамның осылайша шамадан тыс зорлануын психикада – стресс деген терминін белгілейді.
Стресс үш түрлі жағдайда байқалып отырады. Оның алғашқы көрінісін мазасыздану кезеңі дейді. Организмнің тітіркендіргіштермен айқаса түсуін күш салу немесе зорлану кезеңі деп атайды.
Сезімнің жоғарыда айтылған ерекшеліктерінің барлығы да нақтылы әрекет үстінде, кездесетін қиыншылықтарды қарсы алу кезінзе айқын көрініп отырады. Сезім адамның бүкіл өмірімен,оның жеке басының ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Адамның әр түрлі эмоциялары мен сезімдері оның қажеті мен қызығу ерекшеліктеріне, дүниеге көзқарасы, мінез-құлқы мен білім көлеміне, санасы мен ерік сапаларына байланысты қалыптасып отырады.
Сезімдер мен эмоциялардың адамның практикалық әрекетінде алатын орны ерекше. Алдағы мақсатты орындау жолында, өмір үшін күресте күшті сезімдерсіз табысқа жету қиынға соғады. Сезімнің қорам салғыш селсоқ болуы іске кедергі келтіреді. Адам не үшін күрессе, соны жан тәнімен жақсы көріп, неге қарсы күрессе, соны өлердей жек көріп отыруы керек. Эмоциялар мен сезімдердің адамның дүниетанудағы алатын орнын В.И.Ленин орыс библиографы Н.А.Рубакиннің (1862-1946) «кітаптар әлемінде» «адамның шындықты іздеуі адам эмоциясының еш уақытта болмағанын және болуы мүмкін емес» деп өте жақсы көрсеткен.
Эмоцияларды бірнеше топқа жіктеуге болады. Олардың бір тобы жағымды не ұнамды эмоциялар деп аталады. Бұлар адамның тіршілік қажетіне орайлас, оның ішкі өмірінің шарықтап, жан-жақты өсу шартарынның бірі болып табылады. Мәселен, қуаныш, сүйіспеншілік, көңіл қайту т.б. Осындай эмоциялардың енді бір тобы жағымсыз және ұнамсыз эмоциялар делінеді. Мұндай эмоцияларға қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, үрейлену, үмітсіздену т.б. Осы айтылғандармен қатар қарапайым және
күрделі эмоциялар болыпта бөлінеді. Қарапайым эмоциялар адамның органикалық қажеттерінің өтелу-өтелмеуіне байланысты туып отырады. Мысалы, күрделі түрлеріне: құмарлық эмоциялары кіреді.
Осы айтылған эмоциялардың барлығына ортақ басты бір ерекшелік- оларда сан алуан мәнерлі қозғалыстардың болып отыратындығы. Ч.Дарвин осы күнгі адамда байқалатын мәнерлі қозғалыстардың біразы біздің ерте кездегі ата-бабаларымыздың тіршілігінде елеулі орын алған әрекеттің қалдығы екендігін айтады. Мәселен, қатты ашу кернеген адам кейде жұдырығын түйіп тістенеді, қабағын түйіп булығады, демін әзер алып, танауы демденіп кетеді, жүрегі тарс-тарс соғады. Осындай мәнерлі қозғалыстардың әрқайсысының өзінше шығу тарихы бар. Жоғарыда келтірген мысалдан жауымен айқаса түсейін деп тұрған адамның келбетін, даярлық белгісін байқауға болады.
Сезіммен эмоцияның адам іс-әрекеті мен көңіл-күйіне әсер етуі
Стеникалық (ұнамды,әсер етуі күшті сезім)
Астеникалық ( ұнамсыз, не теріс әсер ету , әлсіз сезім )
Эмоциямен
сезімнің адам
өміріндегі
маңызы
Эмоция мен сезімдердің адам
өміріндегі маңызы
Адам-қоғамдық тіршілік иесі. Сондықтан оның сезімі де әлеуметтік сипатта болады. Сезімдер қоғам дамуына байланысты өзгеріп отырады. Бір-біріне ұқсас оқиғалар мен фактілерді әр кезеңде өмір сүрген адамдар әр түрлі бағалайды.
Сезім адамдардың әрекеттенуіне түрткі болады. Қандай да болмасын жұмыстың нәтижелі болуы ең алдымен оған деген көзқарасқа байланысты. Сезімнің творчестволық жұмыста ерекше маңызы бар. Ақын,суретші, ғалым, өнертапқыштардың жұмыс процесіндегі көтеріңкі көңілі, шабыты сезіммен тығыз байланысты.
Эмоциялар мен сезімдер адамның сырт пішінінен жақсы байқалады, олар адамның мінез-құлқына және жағдайына, сондай-ақ ішкі органдарының жұмысына да ықпал жасайды. Абыржу кезінде біз жүректің қатты соққанын, қан тамыры соғуының жылдамдауын басымыздан өткіземіз, біздің дем алуымыз қиындайды, қол-аяғымыз дірілдей бастайды, кейде адамның ыстығы көтеріліп кетеді. Сезім адамның бет әлпетінен де, мимикасынан да көрінеді. Халықтың қанатты сөздерінде «Адам жүзі –жанның айнасы» деп босқа айтылмаған. Біздің бетіміздің бұлшық еттері өте қозғалмалы, ол адамның ішкі көңіл-күйіне тәуелді болғандықтан неше түрлі құбылады.
Эмоцияны басқалардан гөрі толығырақ бере алатын біздің сөзіміз. Сөз тек ойды ғана білдіріп қана қоймай, сондай-ақ сүйіспеншіліктен бастап жек көрушілікке дейінгі, үрейленуден бастап жеңіс қуанышына дейінгі әр алуан сезімді білдіреді. Эмоцияны әсіресе айқын білдіретін-поэтикалық сөздер. Сөз ырғағы да үлкен рөл атқарады. Бір сөздің өзі айтылуына қарай не қуанышты, не қайғыны, не ашуды білдіруі мүмкін.
Сезімді білдіруде өнердің, әсіресе музыканың үлкен мүмкіншіліктері бар. Сөзге қарағанда музыка тындаушыларының көңіл-күйін ауызекі айтып жеткізуге өте қиын терең сезімге бөлей алады.
Хайуанаттарда да эмоция бар, бірақ олардың эмоциясы қарапайым келеді. Хайуанаттар эмоциясының сырт көрінісі дыбыс және қимыл, қозғалыс арқылы беріледі.
Чарльз Дарвин маймыл мен адам эмоциясының сырттай көрінуінен көптеген ұқсастықтар тапқан. Ол біздің кейбір эмоциямызды көрсететін қимылымыз, арғы бабаларымыз жануарлардың шабуылдарында, қорғаныстарында жасайтын қимыл-қозғалыстарының сарқыны деп есептелінеді.
Эмоцияның физиологиялық негізі
Сезімнің физиологиялық негізі
Жай қарапайым эмоциялар негізінде ми қыртысының қабатынан шығатын күрделі шартсыз рефлекс процестері болады. Бірақ эмоция әрекеттері И.П.Павлов айтқандай «адам денесінде» болып жатқан барлық құбылыстарды «билеп-төстейтін» үлкен ми сыңарлары қыртысының жұмысы арқылы бақыланады. Бұл жерде екінші сигнал системасы үлкен рөл атқарады. Атап айтқанда, сөз ақыл-ой өмірге жіне жағымсыз эмоция туғызатын қандай да болмасын құбылысқа саналы көзқарас осыларды басуға, жалпы алғанда сезімді басқаруға адамға күш қайрат береді. Эмоциялардың сырт көрінісі де рефлекторлық сипатта болады.
Күрделірек сезімдердің физиологиялық негіздері үлкен ми сыңарындағы уақытша байланыс жүйесінің шартты рефлексы болып табылады.Сезімдердің пайда болуында динамикалық стереотиптердің мәні үлкен. Павлов былай деп жазды: «Динамикалық стереотипті қондырып және қолдап тұрғандар ми сыңарларының нерв процестерін кәдімгі өзінің екі негізгі – жағымды және жағымсыз категориясы бар сезімдер» деп айтатындығын ойлау керек.Күнделікті өмір салтты ауыстырғаннан, үйреншікті істеп жүрген шаруаны доғарғаннан, жақын жандардан айырылғаннан туатын ауыр сезімдердің, тіпті ақыл-ойы тоқырап және сенімнен айырылғанды айтпағанда, мейілінше бір сыпыра жағдайларда оның бұрынғы динамикалық стереотиптің өзгеріп, бұзылып және жаңа стереотипті қондырудың қтындығы өзіндік физиологиялық ерекшеліктері болады.
Павлов жағымсыз әсерлердің себебі-қозу және тежеу процестерінің, ол айтқандай, «соқтығысуында», «қақтығысуында» деп есептейді. Егер мен, мысалы, бірдеңке жасап отырсам, мені белгілі тітіркену процесі басқарады, егер осы кезде маған «мынаны істей ғой» десе, менде реніш пайда болады.
Эмоциялық өмірдеатап айтқанда, көру дөңесі деп аталатын ми қыртысының төменгі бөлігі елеулі рөл атқарады. Сол жерден үлкен ми сыңарлары қыртысының бақылауындағы қозу келіп жатады. Егер ми қыртысы тарапынан болатын бұл бақылау мен тежелу сәл әлсіресе,онда адм әр нәрсеге ашу шақырып, өзін-өзі ұстай алмайтын жағдайға келеді.
Эмоция үшін симпатикалық нерв системасының да едәуір мәні бар. Қатты абыржу үстінде адамның бүйрегінің үстінен адреналин дейтін ерекше заттың бөлініп шығатыны тәжірибелер арқылы анықталады. Оның әрекетінен қанға қан көбірек барады.Осының барлығы бұлшық еттердің абыржу кезінде қимыл, қозғалысын күшейтеді.
Ішкі органдардың жұмысын жүргізетін веготивтік нерв системасын басқаратын орталықтар ми қыртысының төменгі бөлігінде болғандықтан эмоциялық жағдайларда сол органдардың жұмысын өзгертіп отырады.
Негізгі бөлім
Бастауыш мектеп оқушыларының эмоциялары мен сезімдерінің дамуым мен қалыптасуы
Эмоциялар мен сезімдердің дамуы және қалыптасуы
Балалардың қарапайым эмоциялары туған күнінен бастап-ақ көрінеді. Бала есейген сайын эмоциялар біртіндеп дами түседі.Мәселен, екі жарым жасар бала қол-аяғы байлаулы адамның суретін көргенде оған жаны ашып жылаған. Төрт баланың анасы кітаптан ит кірпіні ұстап алайын деп тұрған жерін оқығанда қатты күйзелген. Төрт-бес жасар балаларда жоғарғы сезімдердің элеметтері кездеседі. Міселен, осы жастағы балалардан «біреудің нәрсесін сұраусыз алуға бола ма?» десең болады.
Мектепке түсу бала сезімдерін жүйелі, жоспарлы түрде тәрбиелеудің негізгі жасы болып табылады. Аса сезімтал, эмоциялы келеді. Бұл балалар сергек те, жайдарлы, ақкөңіл де, сенгіш, аңқау да әділ болып келеді. Мәселен, бірінші сынып оқушыларының арасынан сабақ үстінде қатты дауыспен күлетін не жылап жіберетін оқушыларды кездестіруге болады. Бұлар нерві қозғыш, өздерін ұстай алмайтын балалар.
Сыныбы жоғарылап, есейген сайын оқушы мұндай қылықтарынан арыла бастайды. Осы жастағыларда бірінің істегенін екіншісі де істегісі келетін болады. Мәселен, сыныпта біреу күлсе, оған қосылып қалғандары да күледі, біреуі сөйлесе қалғандары да оған қосылады.
Мектепте баланың жоғарғы сезімдері одан әрі дами түседі.
Үшінші, төртінші сынып оқушыларының сезімдері бірте-бірте күрделене түседі, олар көңіл-күйін бірқалыпты етіп ұстауға үйренеді. Отанды, туған елін сүю сезімдері көріне бастайды. Осындай сезімдерді тіпті бірінші сынып оқушыларынан да байқауға болады. Бала сыныптан сыныпқа көшкен сайын моральдық сезімдерінің шеңбері кеңи түседі. Мәселен, жер жүзіндегі кейбір елдердің еңбек адамның ауыр халіне күйзелететінін олардың ортақ мүддесі бір екендігін аңғара алады.
Ұжым өмірі балаларда борыш, жауапкершілік, ар-ұят сезімдерінің қалыптасуына жақсы әсер етеді. Жеке мүддені коллектив мүддесіне бағындыра алу- ең тамаша қасиет. Балаларды осындай борыштық, жауапкершілік сезімге баулу да мұғалімнің басты міндетінің бірі.
Төменгі сынып оқушыларында ұялу сезімдері де онан сайын жетіле түседі. Ұялу-баланы жағымсыз іс-әрекеттен тоқтатып отыратын күшті моральдық сезім. Мұның элементі мектеп жасына дейінгі балаларда да жақсы байқалады. Мәселен, екі жасар балаға бөтен біреу сөз қатса, ол төмен қарайды, не анасының артына тығылады. Егер осындай жағдайларда бала тәрбиесіне дұрыс бағыт беріп отырмаса, оның жаңағы әдеті бірте-бірте ынжықтық, ұялшақтық қасиеттер қалыптасады. «Жақсы», «жаман» деген сөздерінің мәнін айыра бастауы балада ұялу сезімінің қалыптасып келе жатқандығын байқатады. Мәселен, таза жүріп-тұруға дағдыланған кейбір балалар ойнап жүріп үсті-басы былғанып қалса, бұған қатты қынжылады, ол әсіресе, әке-шешесінен қатты қысылады. Мұндайда оған жақтырмаған пішін көрсету не зілсіз ескертпе жасаған абзал. Бұл онда ұялу сезімінің беки түсуіне себепші болады.
Мектепке түскен баланың ұялу сезімі жаңа мазмұнға түсіп, күрделенеді. Енді бала өзінің түрлі ағат істеріне бүкіл коллектив алдында жауап беретін, мұның оңай нәрсе еместігін аңғаратын болады. Тәжірибелі ұстаз баланың ұялу сезімін елемесе қиын халге ұшырайды. Әсіресе, не болса соған ұяла беретін балалардың психологиясына мұғалім байсалдықпен қарауы қажет.
Баланы орынсыз ұялта беруде дұрыс емес. Бұл баланың оз күші мен қабілетіне сенімін жоғалтып, онда ұялшақтық пен тұйықтықтың дамуына жағдай жасайды. Мұғалім баланың ұялу сезіміне асқан сақтықпен қарауы тиіс.
Кейбір мұғалімдер баланың ағат істерінің шығу төркінін тексермей-ақ, оны ұялта бастайды. Сондай-ақ баланың озі түзете алмайтын қатесі үшінде ұялтатындар болады. Мұндай «әдістің» екеуіде дұрыс емес.
Бастауыш сынып оқушыларынан достық, жолдастық сезімдерінің нышандарын байқауға болады. Бұларды шын мәніндегі тұрақты дос деп айтуда қиын. Бірінші, екінші сыныптағылар үшін, оған ұнаған баланың бәрі «дос» болып кқрінеді, өйткені не үшін дос болатындарын аңғара алмайды. Осы кезде олар достарын жиі алмастырып отырады. Мүндай достық ойын үстінде ерекше қызады. Оқу әрекетіне байланысты достық бұл кезде көзге көріне қоймайды.
Үшінші,төртінші сынып оқушыларында жолдастық, достық қарым қатынастары тереңдей түседі. Бұл кезде олар моральдық мінез-құлықтың нормаларынан біраз хабардар болады. Кейбіреулерін іс жүзінде орындай
алуға қабілеті жетеді.Осы кезеңде балада қызығулардың түрі кең өріс ала бастайды. Бұл оның достық, жолдастық сезімдерін белгілейтін мотивтердің бірі болып есептелінеді.
Төменгі сынып оқушыларында интеллектік сезімдерде байқалады. Алғашқы кезде сезімдер оқу процесінің мазмұнынан оқшауырақ тұрады.Бірақ бала біртіндеп өзінің оқудағы міндетін түсіне, оның нәтижесін коре бастаған кезде, оқуға қызығушылық пайда бола бастайды.Бірақ сабақты басқасынан жақсы көріп, қызығып оқиды, мұндағы озінің табысына рахаттанады. Бұл ондағы интеллектік сезімнің нышаны. Интеллектік сезімдердің дамуы баланың рухани қажеттерінің өсуі үшін аса қажет. Егер бала оқыған кітабынан өз бетімен шығарған есебінен ләззат алып отырмаса оның эмоциясы корінбейтін болса, оқуға қызықпайтын жаман әдет қалыптасуы мүмкін,мұғалім осы жайды аркез есінде катты ұстауы қажет.
Сабақ үстінде, сабақтан тыс жерлерде оқушылардың эстетикалық сезімдерін тәрбиелеп отырудың қаншама маңызды нәрсе екендігі белгілі. Оқушылардың эстетикалық сезімдерін дамытатын мүмкіндіктер бізде аз. Оқу кітаптарының бетіндегі түрлі суреттер мен иллюстрация, муйзелер,экскурсияларға апару,табиғатқа байқау жүргізу,кинотеатрға бару,көркем адебиет кітаптарын оқу, радио тындау., теледидар көру т.б.
Баланың эстетикалық сезімдерін дамытуға сурет сабағына бөлінген сағаттарды тиімді пайдаланған дұрыс. Бала құбылыстармен заттардың өзіне тән типтік белгілерін,пішінін,көлемін,түсін,қандай материалдан істелінгенін білу арқылы өмір әсемдігін көре біледі.Мұғалім түстердің бір-біріне үйлесімді түсіндіргенде түрлі-түсті суреттерден, балалардың киімдерінен, класс әшекейінен мысалдар келтіріп отыруына болады.
Балалардың эстетикалық талғамын тек осы айтылғандардан туғызып қана қоймайды.Оны тудыратын себептер саналуан. Мәселен, адамның қолынан істеліп шыққан әдемі нәрселерде,ерікті еңбектің романтикасы да,еңбек адамның ерлік істері де эстетикалық сезімдерді тудырып отыратын қуатты факторлар болып есептелінеді. Жер бетіндегі байлықты әсемдік атаулыны жасайтын-адам. Адам араласапай бұлардың бірде-біреуі әсем де сұлу бола алмайды. Сондықтанда эстетикалық сезімдердің басты бұлағы адамдар екенін балалар жақсы ұғынатындай болсын.
Мектеп-бала сезімдерін жүйелі әрі жоспарлы түрде дамытып отыратын арнаулы орын. Мұғалімнің осы саладағы жүргізетін жұмыстарының кейбірі мына төмендегідей болмақ:
1)Бала эмоциялары мен сезімдерін тек құрғақ сөзбен жалаң үгіт арқылы тәрбиелеуге болмайды.Мүмкіндігінше бұл сезімдерді бала өз басынан кешіретін болсын,Өзі күйініп көрмеген адамның біреудің қайғысына ортақтаса алмайтыны сияқты, бала өзінің және айналасындағылардың табысына қуанып, сәтсіздігіне жаны күйзеліп отырмаса, сезім тәрбиесі өзінің пәрмендігін жояды.Мәселен, баланы Отанды сүю сезіміне тәрбиелеу ісі оның жас төлді күту,бай-бақша жұмыстарына қатысу,қоғамдық пайдалы еңбекке қолғабыс тигізу сияқты нақтылы іс-әрекетімен ұштастырылып отырылуы тиіс.
2)Сынып,мектеп ұжымында берік орын алған салт-дәстүрлер бала эмоцияларын дамытып,тәрбиелеуде таптырмайтын құрал.А.С.Мокаренко осындай дәстүрлердің зор тәрбиелік мәнін көре білген.
3)Сезімдер тәрбиелеудегі басты жолдардың бірі-балалардың өз эмоцияларын басқара алуға,өзінің афекттерін тежей білуге дағдыландыру.
4)Оқушылардың жоғарғы сезімдерін тәрбиелеу ісі оның дүниетанымы мен сенімін,жеке басын қалыптастыру ісімен қосарластырыла жүргізілуі тиіс.
5)Бала сезімін тәрбиелеушілердің де сезімдері өз дәрежесінде болуы тиіс.
Сезім саласындағы дара айырмашылықтар
Сезім саласындағы дара айырмашылықтар
Адамдардың сезімі бағыты, тереңдігі, тұрақтылығы және әсерлілігі жағынан әр түрлі болады.
Біздің әсерлеген затымызды анықтайтын әсерлердің өзін туғызуға бағытталған сезім-өте қажетті сезім.Бір ұсақ зат үшін қуанатын адамдар да бар. Әдетте ондай адамдар өмірге үстірт қарайды.
Сезім бағыты адамның поринципшілдігіне, оның дүниеге көзқарасына, сеніміне байланысты. Адам ниеттілік пен әділеттілікке негізделген прнципті сипаттағы сезімнің мысалы үшін В.Г.Белинскийдің сезімін алуға болады, ол өзінің өкпелетіп не ренжітетіндердің бірде-бірін жек көріп кетпеген, ал оның өзі үшін қауіпсіз, бірақ ой-пікірінің бөліктігі немесе кемшіліктері және қиянаттылығы үшін ондайларды көрмей кетуге бар еді.
Достарымен жазысқан хаттардан сұрыптап алынғандар кітабында реакциялық көзқараста болғаны үшін жаушы Н.В.Гогольге өлім халінде жатқан Белинский ашынып жауап жазған: «Егер сіз мені өлтірем деп қастандық ойлаған күнде мен сізді жек көргенмен, дәл мына жазып отырған масқара жолдарыңызды оқығандағыдай жек көрмес едім»,бұл жерде мәселе менің немесе сіздің жеке басыңызда емес,мен түгіл тіпті сіздің өзіңізден анағұрлым жоғары тұратын нәрседе: бұл жерде мәселе ақиқат жөнінде,орыс қозғалысы жөнінде,Россия жөнінде болып отыр.
Принципті адамдардың сезімі нанымына байланысты, затқа моральдық баға беруге байланысты, сезімнің пайда болуы да күшеюі де немесе, керісінше әлсіреуі тіпті жоқ болып кетуі де мүмкін.
Адамдарды бір-бірінен сезімдердің тереңдігі мен күшінен айыруға болады.Адамның мұндай сапалары оның ішкі жан дүниесінің байлығы және мазмұнына байланысты.Жеңілтек жануардың әдетте құмарлануға қабілеттері болады, бірақ олар шындап сүйе де, жек көре де алмайды. Олардың сезімдерінің ақыл-ойларымен, таланттарымен өздерінің бүкіл өмір жолымен, алдына қойған мақсаттарымен байланысты.Терең сезімдер және күшті сезім әдетте тұрақтылығымен көрінеді. Бұл тез ауысып отыратын әуесқойлық емес. Жеке өмірде терең сезім адамға зор қанағат береді. Өзін терең және күшті сезімдерге баули алмағандар бүгін біреуге, ертең біреуге, кездейсоқ сүйіспеншілік білдіруге құштарланып тұрады.
Күрделі эмоциялар
Күрделі эмоциялар
Күрделі эмоциялардың бірі-көңіл.
Кейпіне қарап адамдарды шат,жайдары, жылы жүзді, ақ жарқын, ызалы, түсі суық т.б. деп ажыратады.Адамның көңіліне айналасын қоршаған дүние әсер етіп отырады. Егер оның қызметі жақсы жүріп жатса,ұжымы ынтымақты, отбасы жағдайы жарасымды болса, көңілде көтеріңкі болады. Көңілге адамның денсаулық жағдайы, нерв жүйелерінің ерекшеліктері де әсер етеді.Өмір тіршілігі үшін елеулі маңызы бар оқиға да адамның көңіліне үлкен із қалдырады. Мәселен, адамның көптен айналысып жүрген ісі оңға басса, немесе бір нәрсеге қолы жетсе, шат-шадыман күйге түседі. Керісінше ол ылғида сәтсіздікке ұшырый берсе, көздеген мақсатына жете алмаса, жанын қоиярға жер таба алмай қиналады. Мұндайда қабағы ренішті күйде жүреді. Сондықтан да «көңілсізде күлкі шықпас», «адам көңілден азады» деген мақалдар тегіннен тегін айтылмаған. Ерік жігері күшті, рухани өмірінің мазмұны бай адамдар тіпті ауыр жағдайларда да көңілді жүреді. Оптимистік, жарқын болашаққа сену қиыншылыққа мойымау,ерік жігері күшті, қажырлы адамдардың басты қасиеті. Адам өз көңілінің қожасы болу керек екендігін олар іс жүзінде көрсете алуы тиіс. Осы айтылғандардан өмірге қолайсыз кезде көңілді, тұрақты болуы жұмыс қабілетін арттыруға адамның жеке қасиеттерінің жақсы сапаларына байланысты екені жақсы аңғарылады. Өз көңілін меңгере білу-мұғалім үшін аса қажетті сипат. Төменгі сынып оқушыларының мұғалімнің қасы мен қабағына қарап отыратыны белгілі. Егер мұғалім көңілсіз, кірбің болса, оқушылардың оқу материалдарын меңгерулеріне қолайсыз әсер етеді.
Эмоцияның бір түрі – аффектілер. Аффектілер дегеніміз қысқа уақытқа созылса да, бұрқ етіп қатты көрінетін эмоцияның түрі.Аффектер кейде адамның бүкіл психикалық кейпін бұзып, мәнерлеп қозғалыстарға толы, ерік күшінің әлсіреу жағдайында өтеді. М.Ю.Лермонтов бір адамның басынан байқалған аффктіні былайша суреттейді.
«Орынсыз жан таласып кейде бекер,
Жұламын итмұрынды қолым жетер
Соннан соң әлім кетіп жерге құлап
Еңіреп, ағыл тегіл жаттым сұлап
Кешіріп жердің дымқыл топырағын
Шықтай қып жерге төктім жасымай бұлақ»
Аффект кезінде адамның «есі шығып» кетпейді.Дені сау адамдара блатан адамдарда болатын аффекттерді адамның жеке басының кемшілігі деп түсіну керек. Бұл адамның өзінің меңгере алмауы, ерік тәрбиесінің кемістігі.
«Әр ісі ақылға ермек, бойды жеңбек, өнердің қылығы өле көрмек» деп Абай дұрыс айтқан.
Жоғары сезімдер
Жоғары сезімдер
Жоғары сезімдер адамдарға ғана тән. Осы топқа адамгершілік, эстетикалық, интеллектік деп аталатын сезімдер кіреді.
Қоғамдық өмірдің талабына сәйкес адамның мінез-құлқынан жиі көрінетін сезімдердің бірі- адамгершілік сезімдер.
Адамгершілік немесе имандылық сезімдердің мазмұнында құрылымы да күрделі келеді. Бұлар ең алдымен қоғамдық мәнді және көңіл-күйге байланысты моральдық сезімдер болып бөлінеді. Бұл екеуі бір-біріне қайшы келіп қалуы да мүмкін. Бірақ сана сезімі жетілген, дүниетанымымен сенімі қалыптасқан адамда мұның біріншісі басым болып отырады. Осындай сезімдердің тобына: достық, жолдастық, адалдық, ар-намыс, борыш, жауапкершілік, ұят т.б. жатады. Ар-намысты қорғау адамға аса жарасымды сипат. Сезімнің осы түрі көбінесе қайсар, өжет, табанды әрі көздеген мақсатына жетпей тынбайтын адамдардан жиі байқалады. Өз ісіне іштей күйіну, өзін жазғырып, жазалау-адамның тек өз басын қадір тұтқаннан туйындамайды. Ар-намысты қорғау дегеніміз ол сонымен бірге айналадағы адамдарды да силай білу деген сөз. Ар-ұятты қастерлеу, намысқа тырысушылық екенін бәрінде кездесе бермейтін қасиет. Мұның адамның психологиясына қатты әсер етіп, терең әз қалдыратындығы сонша, кісі кейде «кірерге жер таппай, кісі бетіне қарай алмай, ұйқыдан, тамақтан қалатыны да болады».
К.Маркс ұятты адамның іштей ашулану, өзінше ашу шығару деген екен. Ал Абай, ұяттың екі түрі бар дейді. Оның бірі-надандықтан туатын, екіншісі-жағымсыз іске, теріс қылыққа ұялу. Оның ұғымына ұялмас нәрседен ұялу, бұл надандық, ынжықтық, жігер-қайрат ойсалдығы, білім мен тәжірибенің саясыздығы. Шын ұят ақыл-парасаттың ісі «өлімнен ұят күшті» деп халқымыз тегін айтпаған. Білімі, тәжірибесі, тәрбиесі мен мінез бітісіне қарай адамның ұялу дәрежесі түрліше болады. Мәселен, надан адам әдепсіз қылығына, мәдениетті, ақылды кісі мұндайда қатты ұялып, жерге кіріп кете жаздайды. «Адамның ары мен ұяты ақылының күзетінде болса, жүрек, қайрат үшеуі бір жерден шығып отырса, мұндай адам ұятты болады» дейді Абай. Ұялу сезімі мектепке дейінгі сәбилік, бөбектік шақта ылғида үлкендердің ата-ананың жақсы сөзімен іс-әрекетіне, қылығына еліктеу, оларды өнеге тұту арқылы біртіндеп қалыптасып отырады. Қоғамдық тәрбиенің ықпалы мен ар-намысты қорғау адамның тұрақты сезімдеріне айналады. Егер адам қоғамдық ережелерді бұзса, оны ар-ұжданы көтермей, қатты қиналады.
Жоғары сезімдердің екінші бір түрі-эстетикалық сезімдер. Эстетикалық сезім дегеніміз адамның шындықтағы қандай болмасын бір сұлулықты сезінуі. Бұл текті сезімдер сұлу, сымбатты, өмірге үйлесімді, әдемі көріністерді тамашалу немесе табиғаттағы, көркем өнердегі әсіресе өмірдегі шынайы, әсем нәрселерден ләззат алу кездерінде байқалады. «Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сұлу, ләззат іздеуіне, сұлу нәрсеге сүйеніп, көріксіз нәрседен жиренуіне жақсылыққа ұмтылып, жауыздықтан тыйуына көп көмек көрсетеді. Эстетикалық сезімер сондай-ақ сурет полотналарына, скульпруалық, архитектуралық, музыкалық немесе сахналық шығармалардың шебер орындауынан ләззат алуға байланысты да туып отырады. Адамзатқа тән ерекше бір қасиет» дейді Әл-Фараби. Мәселен, «жақсы ән мен тәтті күй», яғни жақсы музыкалық әуеннің адамның эсттеикалыұ сезімдерінің қалыптасуына ерекше маңыз алатындығын С.Торайғыров былайша сипаттайды: «халықтың арғы-бергісін қозғап, естеріне түсіріп, мұң-мұқтажын зарлап, кем-кетігін көрсетіп, әдемі даусымен құйқұлжытып қандай тас көңіл болсада жібермеген еркіне қоймайды».
Осы үзіндіде ақын жақсы ән мен тәтті күйдің қандай тас көңілді болсада жібітіп жіберетіні, қанды қайнататыны, көзден жас ағызатыны, бойды балқытатыны т.б. адам психологиясын нұрландырып, байытатындығын, адамды ләззатқа бөлейтіні айтып отыр.
Жоғарғы сезімдердің бір түрі-интеллектік сезімдер. Интеллектік сезімдер адамның тану процестерімен, ақыл-ой әрекетімен тығыз байланыстырып жатады. Интеллектік сезімнің түрлеріне тансықтау, білуге құштарлық, күдіктену, сенімдік, интуиция, ықтималдық, жаңашылық, болжау т.б. сезімдер жатады.
Сезімнің осы түрлері оқу процесінде, ғылыми зерттеу жұмыстарында, адамға зор ләззат беретін жаңалықтар ойлап табуда пайда болады. Мұғалімнің міндеттерінің бірі-оқушылар санасында интеллектік сезімдерді қалыптастыру болып табылады. Ол үшін көп оқу қажеттігін, оқусыз ешбір мақсатқа жете алмайтынымызды оқушыларға түсіндіру керек.
Жоғары деңгейдегі сезімдер
Ақыл-ой
Эстетикалық сезім
Адагершілік-моральдық сезімдер
Адам көңіл-күйінің ерекше көріністері
Стресс Дистресс
Қорытынды бөлім
Практикалық бөлім
Сабақ жоспарлары
Отанды сүю, патриотизмге және пролетарлық интернациолизмге байланысты тәрбие сағаттары
Ыдырыс Көшкінов орта мектебі
«Ұлттық ойындар
әлеміне саяхат»
Ыдырыс Көшкінов орта мектебі
Ашық тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Туған жеріме саяхат»
Сынып жетекшісі: Жуманова К
Орындаған: Дүйсен Айдана
Ыдырыс Көшкінов орта мектебі
«Қазақстан-Республикам менің»
Ыдырыс Көшкінов орта мектебі
Сабақ жоспары
«Допты шеңберлеп оңға, солға беру»
(дене шынықтыру)
Ыдырыс Көшкінов орта мектебі
Сабақ жоспары
«Наурыз келді, алақай!»
(музыка)
Зерттеу жұмысы
Тест әдісі
Тест әдісі-балалардың білімі мен икемділігі, беймділігі, жалпы ақыл – ойының даму дәрежесі, не жекелеген жан қуатының дамып,қалыптасуы жөнінен мағұлмат алуға көмектеседі.
Мұндай салыстырулар алдын-ала белгіленетін жас ерекшелігіне қарай жүргізіледі.
Балалардың ақыл-ойының даму дәрежесін анықтауға арналған тесттер-интеллектік тесттер деп аталады.
Тест-міндет,зерттеу, тәжірибе деген мағынаны білдіреді.
Тестілеу-тест арқылы жеке тұлғаның білім деңгейін зерттеу.
Белгілі бір жағдайды қатаң сақтай отырып, зерттеушілерге ұсынылатын іріктелген тапсырмалар жүйесі. Тест жүргізу мақсат көзделген әдіс.
Ол барлық зерттеушілерге бірдей қолданылады. Ол арқылы педагогикалық үрдіс бақылау, басқа зерттеушілерге әдістерінен, оның анықтылығында, дәлдігінде, қолайлығында. Тест жаңа әдіс емес. Ол 80-90 жылдарда қолданылп жүрді, ал қазір кеңінен қолданылып жүр.
Мектептегі мазасыздықты анықтауға арналған тест
Мақсаты: Балаларда болатын мазасыздықтың түрін анықтау
Нұсқау: «Балалар, қазір сендерге мектепте өздеріңді қалай сезінетіндеріңді анықтауға арналған бірнеше сұрақтан тұратын сауалнама ұсынылады»
Сауалнама
Класста сені әлде кімнің ұрып соққаны болды ма?
Тапсырманы орындауда немесе жауап беруде сен қатты толқисың ба?
Сабақ айтуға шыққанда сенің тізең қалтырамай ма?
Сенде екінші жылға қалдырады деген күдік бар ма?
Класста жағымсыз жағдайға түсіп қаламын ба деп кейде қорқасың ба?
Сен өз класстастарыңа ұнайсың ба?
Айналадағы адамдардың сен туралы пікірі сені толғандырады ма?
Мұғаліммен жеке қалғанда сен өзіңді жақсы сезінесің бе?
Саған деген мұғалімнің көзқарасына ризасың ба?
Мектепте сенің біліміңді тексеремін деп қорқытты ма?
Қорытынды:
Мектептегі жалпы мазасыздық – бұл баланың жалпы
эмоционалдық жағдайы.
Әлеуметтік стерссті уайымдау - баланың эмоционалдық
жағдайы,қоршаған орта мен әлеуметтік байланыстың дамуы.
Үрейдің көрінісі - ситуацияны жағымсыз эмоцияда
уайымдау.
Психологиялық тест сұрақтары
Бос уақытыңда немен айналысасың?
А) ұйықтаймын
Ә) ойнаймын
Б) сабақ оқимын
В) телевизор көремін
2. Сабақты қалай оқисын?
А) өте жақсы
Ә) жақсы
Б) орташа
В) нашар
3. Өнердің өай түрі ұнайды?
А) ән айту
Ә) ешқайсысы
Б) би билеу
В) аспапта ойнау
4. Достарыңның қандай болғанын қалайсың?
А) адамгершілігі мол
Ә) саған адал, басқаларға арам
Б) сені қорғап жүретін
В) кемшілігіңді бетке айтатын
5. Үйде немен айналысасың?
А) үйді тазалаймын
Ә) сырттың жұмыстарын істеймін
Б) ештеңе істемеймін
В) бәрін істеймін
6.Сабақтан қашып кеткен кездер болды ма?
А) бір рет
Ә) жоқ
Б) кейде
В) жиі
7.Өзіңнің мінезіңді қандай деп ойлайсың?
А) ашық, қарапайым
Ә) қатал
Б) өркөкірек
В) тұйық
8. Сенің борыштық сезімің не?
А) ата-анаңа қамқорлық
Ә) Отан,туған жерді қорғау
Б) менде жоқ
В) өзімзі әрдайым алдыда ұстау
9. Қандай кітаптарды оқисың?
А) ертегі
Ә) өлеңдер
Б) тарих
В) оқымаймын
10. Қандай иеле бағдарламаларды жақсы көресің?
А) кино,мультфиль
Ә) Ақжүніс, т.б.
Б) Хабар
В) ешқайсысын
Бақылау әдісі туралы түсінік
Сабақта нақты заттармен кқрнекі және техника құралдарын көрсету кезінде, экскурцияда, лабороториялық жұмыстарда еңбек операцияларын орындау барысында ерекше орын алады. Бақылыу әдістерінің қолданудың тиімділігі мынандай тьәсілдерді қолдана білуге байланысты:
- байқаудың мақсатын анықтау
- қабылдайтын нәрселердің мөлшерін белгілеу, салыстыру арқылы
олардың көптеген белгілерінің ішінен ең негізгі бастыларын ажырату.
- оларды топтастырып, қортындылар мен тұжырымдар жасау.
Байқалатын нәрселердің бейнелердің ерекшеліктерне байланысты бақылау әдісінің негізгі түрлері:
Демонстрациялық
Экскурциялық бақылау
Лабороториялық бақылау оқушылардың өздігінен дербес бақылау.
Бақылауды өткізудің негізгі әдістемелік талаптары:
Мұғалім оқушыларды белгілі нәрсені жан-жақты бақылауға оның неғұрлым көп және әртүрлі қасиеттерін ерекшеліктерін, мүмкіндігінше көру, есту, дәм т.б. сезім мүшелерінің қатыстыру арқылы зерттеуге бағыт берудің маңыхы зорү
Мұғалім бақылауға оқушыға анализ бен снитез арқылы заттардың негізгі қасиеттерін ажырату, топтастыру. Қортындылау сияқты ойлау процестерін қолдануға басшылық ету қажет.
Мұғалім оқушылардың бақылауын ұйымдастыру үшін ең алдымен, бақылаудың мақсатын байқайтын нәрселердің мөлшерін немесе көлемін анықтап жоспарын жасап беоу керек.
Анкета алу
Анкета әдісі туралы түсінік.
Анкетаға қойылатын талаптар, анкета құрастырудың ережелері.
Анкета – сұрау әдістеріне жатады.
Анкета әдісі – арнайы құрастырған сұрақтардың көмегімен материалдар жинақтау әдісі.
Бұл әдіс арқылы зерттелуші алдын – ала жазылып қойылған сұрақтарға жауап береді. Осы әдіспен әр – түрлі топтың, ұжымның психологиялық өзгешеліктері (талап-тілегі, мүддесі, талғамы, қызығуы, т.б.) зерттелінеді.
Егер мұғалім шәкірттерінің қандай кітапты ерекше құмартып оқитындығын, олардың сүйікті жаушылары кімдер екендіктерін және осы тәріздес мәселелерді білгісі келсе, осы әісті пайданлануына болады. Анкета сұрақтары шұбалауқы келмей ықшам зерттеушілерге түінікті тұжырымдалып, жалпы саны 10-15 тен аспауы керек.
Анкетаның түрлері
Ашық анкета – дайын жауа бермейді, өздігінен жауап беру талап етіледі.
Жабық анкета- дайын жауаптың біреуін тандап алу арқылы жүзеге асырылады.
Аралас анкета – ашық және жабық анкеталардың да элеметтері кездеседі. Аты – жөні көрсетілмейді.
Олардан да басқа мынадай түрлері кездеседі.
Тікелей анкета алу – сұрақтарға жауап зерттеушінің қатысуымен алынады.
Сырттай анкета алу – корреспонденттік байланыс құралдары арқылы анкеталар алу.
Прессалық анкета алу – газет арқылы жүзеге асырылады.
Талаптары
Анкетаның нақты, анық құрылымын құрастыру
Сұрақтар даярлау, оларды көбейту
Анкетаның типін анықтап алу
Нәтижесін талдап, қортындылау
Анкетаны талдау техникасы
Қолымен саналып есептелінеді
Машинамен есептелінеді
Анкеталық сұрақтар
Аты –жөнің?
Туылған күнің, жылың, айың?
Қай жерде тұрасың?
Жасың нешеде?
Бос уақытыңда немен айналысасың?
Әуестігің неде?
Жан досың бар ма?
Дос дегенді қалай түсінесің?
Досыңның қандай болғанын қалайсың?
Өміріңдегі ең қызықты күндерің есіңде ме?
Тақырыбы: «Сен қандай доссың?»
Мақсаты:Оқушыларға сұрақтар қоя отырып, олардың достық, қоршаған ортамен қарым – қатынасын бақылап, білу.
Сұрақтары:
Аты-жөнің?
Қай сыныпта оқисың?
Қанша жастасың?
Жанұяңда неше адам бар? Сен нешіншісің?
Достарың көп пе?
Сыныпта кіммен доссың?
Сыныптастарыңмен қарам – қатынасың қандай?
Достарың көмектесесің бе?
Досыңмен ренжісіп қалғанда, сен бірінші көмек сұрайсың ба?
№4 Абылай хан орта мектебінің 4 «в» сынып оқушысы Оразбек Раушанның жауаптары
Аты – жөнім Оразбек Раушан Нұрғалымқызы
Төртінші
Он жастамын
Үшеу анам,әкем және мен
Иә, өте көп. Сыныбымдағы қыздар, көрші қыздар.
Қыздармен Назерке, Еңілік, Жанар, Маржан, Балауса, Елігай
Жақсы, ұрыспаймыз
Олар маған көмектескенде ғана
Жоқ, өздері сұрайды
Қорытынды
Сұрақтардың жауабын қарап, мен Раушанның достықты көп бағалай бермейтінін байқадым. Оның өзімшілдік қасиетінің басым болғандығынан ол қыздармен жиі ренжіседі, бірақ кешірімді дос қыздары сұрайтыны көрінді. Бұған оның үйде жалғыз тәрбиеленуі ықпал еткен деп ойлаймын. Раушанның мамасының айтуына қарағанда, мамасы Раушанға ештеңеге шек қоймайды екен, керісінше айтқанын екі еткізбей, еркелігінің барлығын көтереді. Раушанның өзара қарым-қатынасының тұрақтылығы оның оқу тәрбие барысында қалыптасады деп ойлаймын. Өсе келе, оның достыққа деген көзқарасы өзгеріп, тұрақталады деген ойдамын.
Нәтиже шығарғаннан кейін оған «досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды» деп ақылымды айттым.
Социометриялық әдіс
Социометрия әдісі туралы түсінік.
Әдістемелері.
Зерттеу нәтижелерін өңдеу.
Социометрия әдісі – топтағы, ұжымдағы әрбір адам екі түрлі қарым – қатынаста болады:
Іскерлік (ресми)
Жеке (ресми емес)
Іскерлік. Топтық бүкіл құрамымен бірге құжаттарға рәсімделу.
Жеке. Ұнату, жақсы көру, жолдастық, достық, жак көру, жауласу, т.б. себептер негізінде пайда болады.
Іскерлік қатынастарға шек қоюға болады. Ал жеке қатынастарға шек қоюға болмайды.
Іскерлік және жеке қатынастар жеке адамның қатынас жүйесін құрайды. Жеке адамның бір-бірімен қатынасын зерттеген кезде, бақылау, эксперимент, әртүрлі үңгімелесу әдістері пайдаланылады. Мұндай әдістердің бірі – таңдау болып табылады.
Социометрия әдісі – әлеуметтік құбылыстарды зертеу әдісі. (социо-әлеумет, метрия-өлшеу). Негізін салған америка психологы Д.Морено.
Социометриялық зерттеу әдістері педагогика зерттеу әдістерінің көбірек тарағаны. Олар ұжымдағы жеке адамдардың жасырын бір – бірімен қарым – қатынасын оқып білуге болатын құралдар ретінде қолданылады. Социометрия әдісі табиғи жағдайдағы эксперименттің ерекше түрі.
Социометрия әдісі
Мақсаты: Оқушыларға сұрақтар қоя отырып,олардың айналасындағы адамдармен қарым – қатынасын, эстетикалық сезімдерін зерттеу.
Зерттеу обьектісі:4 «в» сынып оқушылары
Мен диплом алдындағы мемлекеттік тәжірибемді Көшкінов атындағы орта мектептің 4 «в» өткіздім.
Зерттеудің барысы:
Ұйымдастыру: Оқушылардың назарын өзіме аударып, олардың «дос» туралы ой-пікірлерін тыңдау.
Негізгі бөлім:
Таңдау критеийлері:
Кіммен дос болғың келеді?
Сыныптағы барлық оқушылар ұнай ма?
Кіммен көбірек сөйлескенді қалайсың?
Сыныпта кім қатты ұнайды?
Кімнің қасында отырғың келеді?
Кіммен ойнағың келеді?
Туған күніңе кімді шақырғың келеді?
Сыныпта кімді үлгі тұтасың?
Қорытынды:
Зерттеу жұмысын жүргізгеннен кейін қорытындым, балалардың бірімен-бірінің қарым-қатынастары жақсы. Барлығы ұйымшыл, бірінің көңіліне бірі қарап, ренжіткілері келмейді. Бір-біріне деген қамқорлықтары өте жақсы. Қиналғанда бір – бірінен көмектерін аямайтындарын айтып өтті.
Әдістемелік нұсқау:
Сыныпта көптеген қамқорлыққа байланысты сынып сағаттарын өткізу
Эстетикалық сезімдерін әрі қарай дамытуға берілген жұмыстар жүргізу
Тәрбие сағаттарын жүргізу
Ата – анамен әңгімелесу арқылы баланың ерік-жігерін зерттеу
Ұйқы
А) Баланың ұйқыға жатуы: тез әлде бая, ұйықтар алдында оның қасында отыру, жарықты сөндірмеуді және т.б. сұрайды.
Б) Баланың ұйықтауы: қатты, тыныш немесе аунықшып; түнде ұйықтап жатып сөйлейді.
В) Бланың оянуы: бірден әлде жоқ; қандай көңіл-күйде тұратындығы
2. Тама ішу тәбеті: тамақты өз еркімен ішу, таңдап немесе біргенді
ішу
3.Балада қандай жағдайда қорқыныш сезімі туындайды?
А) Жазалау кезінде, үлкендер ұрысқанда
Б) Қорқынышы үлкендердің мінез-құлқымен байланысты емес.
4. Қорқыныштың пайда болуы.
5. Бала неге қуанады, реніш, өкпе, риза болмау қандай жағдайда пайда болады және оның ұзақтығы?
6.Баланың жақындарын жаны ашу.
7. Ойын сәтінде, оқу әрекетінде қандай эмоция көрсетеді және өз құрбыларына мейірімділігі.
8. Өзінің пікірін қорғап шыға ала ма және дәлелдерді табу ерекшелігі (сұрайды, талап етеді, қуанады, жылайды, т.б.)
10.Жетістік немесе жолы болмаса өзін ұстауы.
Зерттеу жұмысы
Тақырыбы: «Баланың жанұядағы орны»
Мақсаты: Белгілі бір фактілерге сүйене отырып, жанұя мүшелеріне деген сезімін білу.
Зерттеу объектісі: оқушылар
Зерттеу барысы: оқушыларға ең алдымен жанұя туралы қысқаша мәлімет беріп,олардың жанұялары туралы қысқаша шолу жасау.Қағаздарды тарату.
Сұрақтары:
Сенде циркке кіруге екі билет бар болса, өзіңмен бірген кімнің барғанын қалар едің?
Құрастыру материалдарынан үй жасап отырғанда, қиналсаң, кімді көмекке шақырасың?
Егер анаңның қолы бос емес, әкең теледидар қарап отырса, кімді шақырасың?
Егер сен күтпеген жерде елсіз аралға тап болсаң, онда кіммен бірге тұрар едің?
Сендер қонаққа кетейіндеп жатқанда үйдегілердің біреуі ауырып қалды. Оның жанында біреу қалу керек.Кім қалады?
Қызықты бір киноға барайын деп жатқанда, үйдегілердің біреуіне билет жетпей қалды, үйде кім қалады?
Сен сыйлыққа «қызықты лото» алдың. Үйдегілердің барлығы ойнауға отырды, біреуіне жетпей қалды. Кім ойнамайды?
Зерттеудің нәтижесі: Хоментаускас сынағы бойынша жанұя мүшелерін 5 түрлі белгілер жинағына топтастырады:
Жанұядағы қолайлы жағдай
Тынышсыздық
Жанұядағы келіспеушілік
Жанұядағы сезім кемістігі
Жанұядағы дұшпандық қалып
Қортындылай келе, осы 5топтағылардың 2,4,5 түрі бойынша кездескендер болмады. Көбінде 1 мен 3 типке кіреді. Ол дегеніміз, баланың өсіп-өнуіне, қалыпты, дұрыс тәрбте алуына еш кедергі жоқ. Ал, жанұядағы келіспеушілік, менің ойымша, барлық жанұяда кездеседі.
Оқушылардың эмоционалды-адамгершілік сферасын және қарым-қатынас дағдыларын дамыту ойындарын және жаттығулары
«Өзіңді ата»
Мақсаты: Өзін құрбы-құрдастар ұжымына таныстыру.
Барысы: Балаға өзін таныстыру оған қалай атаған ұнайды, үйде қалай атайды немесе тоапта қалай атағанын қалайтынын айту керек.
«еркелетіп шақыр»
Мақсаты: балалардың бір-біріне тілектестік қарым-қатынасын тәрбиелеу.
Барысы: баланың жақсы көретін құрбысына оны еркелетіп атап, допты лақтыру немесе ойыншықты беруі қажет.
«Сиқырлы орындық»
Мақсаты: Мейірімді болуға тәрбиелеу, Балалар тілінде жылы мейірімді сөздерді көбірек қолдануға тәрбиелеу.
Барысы: Бір бала ортадағы «сиқырлы» орындыққа отырады, қалғандары ол туралы мейірімді, жылы сөздер, комплименттер айтады. Отырған баланы сипауға, құшақтауға, сүюге болады.
«Сезімдердің берілуі»
Мақсаты: Вербальды емес тәсілмен (сөйлемей) әртүрлі эмоциональды жағдайларды беруді үйрету
Барысы. Балаға «тізбек бойынша» белгілі бір сезімді мимика, жеке қимылдары арқылы көрсетуге тапсырма беріледі. Одан соң балалар не сезгенін ортаға салады.
«Түрлі-түсті гүл шоғы»
Мақсаты: қуанышты және қанағаттанарлық сезім ала отырып, өзара іс-әрекет жасауға үйрету
Барысы: Әр бала өзін бір гүлмен атайды да, өз таңдауын түсіндіре отырып, гүл шоғы үшін басқа гүлді табады. Одан соң барлық гүлдер бір гүл шоғына бірігеді де, қол ұстасып ән айтады.
«Май-шам»
Мақсаты: Өзінің эмоциональды жағдайын басқара білу, өз сезімдері мен уайымдары туралы айта білу қабілеттерін дамыту
Барысы: Балалар май шамды айнала өздеріне ыңғайлы қалыпта отырады да, бірнеше секунд ішінде жалынға қадала қарайды. Одан соң көздерін жұмады, бұл кезде май шам сөнеді. Көздерін ашып балалар май шамның жалынында қандай образдар көргендерін, не сезінгендерін айтады.
«Жақсы көру перамидасы»
Мақсаты: Әлемге, адамдарға орындықамқорлық қарым-қатынас тәрбиелеу, қатынас жасау қабілеттерін дамыту
Барысы: Балалар айнала отырады. Тәрбиеші айтады «Біздің әрқайсымыз бір затты немесе бір адамды жақсы көреміз, бұл сезім бәрімізде де бар, біз оны әртүрлі түрде білдіреміз. Сендер де айтыңдар, нені жақсы көресіңдер, кімді жақсы көресіңдер» (балалар әңгімесі) «Ал, енді, қазір бәріміз қолдарымызбен жақсы көру сүйіспеншілік пирамидасын құрайық. Мен өзімнің жақсы көретін затты немесе адам атын атап қолымды қоямын, одан кейін әрқайсыларың өздеріңнің жақсы көретін затты немесе адам атын айтып, қолдарыңды қоясыңдар» (балалар перамида тұрғызады). «Сендер қол жылуын сезесіңдер ме? Бұл жағдай сендерге ұнай ма? Қараңдаршы, біздің перамидамыз қандай биік болған. Биік, өйткені біздің бәрімізді жақсы көреді, өзіміз де жақсы көреміз».
«Досыма сыйлық»
Мақсаты: Заттарды вербальды емес тәсілдермен «сипаттай» білуін дамыту
Барысы: Бір бала «туған күн иесі» болады да, қалғандары өз қарым-қатынасын мимика, жеке қимылдары арқылы білдіре отырып, «сыйлықтар» ұсынады
«Түрлену»
Мақсаты: Пластика, мимика, жеке қимылдары арқылы білдіре отырып, заттарға, жануарларға түрлену, кейпіне ену
Барысы: Балалар кезекпен белгілі бір образды ойлап, атын айтпай бейнелейді.
Зерттеу жұмысы
Мақсаты: Студенттердің диплом алдындағы мемлекеттік практикасын өту кезіндегі балалардың эмоциясы мен сезімдерінің дамуын бақылауын зерттеу.
Зерттеу объектісі: студенттер
Ұйымдастыру: Студенттерге қысқаша балалардың эмоциясы мен сезімдерінң дамуы жайлы түсінік беріп кету.
Негізгі бөлім:
Баланың эмоциясы мен сезімінің сабақ (сабақтан тыс) уақытында қалай дамыттыңыз?
Оқушылардың эмоциясы мен сезімінің күрт өзгеруі немен байланысты деп ойлайсыз?
«Қиын» балалар мен жұмыс жүргізу кездесті ме?
Сабақта көңіл-күйі болмай отырған оқушылармен қандай жұмыстар жүргіздіңіз?
Сабаққа құлшынысы жоқ балаларды қалай қызықтырдыңыз?
Баланың эмоциясы мен сезімінің жағымсыз болуы кімге байланысты деп ойлайсыз?
Оны жеңудің қандай жолдарымен таныссыз?
Қорытынды:
Осы зерттеу жұмысымның қортындысы бойынша, студенттердің көбінде «қиын» балалармен жұмыс істеу кездеспеген. Тек мінездерінде еркелік кетпеген оқушырамен ғана, сабақта үлгермеген оқушылармен ғана, сабақта үлгермеген оқушылармен ғана, сабақта үлгермеген оқушылармен ғана жұмыс жүргізу (сабақтан тыс) болған.
Зерттеу жұмысы
Тақырыбы: «Мен кіммін?»
Мақсаты: баланың өзін және әлемді танып білуіне көмектесу
Зерттеу объектісі: оқушылар
Зертеу барысы. Балаларға өзіндік ерекшеліктер туралы түсіндіру.
Сұрақтары:
Аты, фамилиясы, әкесінің аты, туған жылы, мекен жайы;
Менің еңбек әрекетім?
Менің ойын әрекетім?
Менің әке, өзім, адам туралы білімім?
Мен кім болып едім?Кім болдым? Кім болам?
Менің атым нені білдіреді?
Мен өзімді мадақтай білемін бе?
Менің шыққан тегім?
Қоршаған ортаға ұнай білемін бе?
Менің туған-туысқа деген мейірімділігім қаншалықты?
Менің сүйікті ойыншықтатым, кітаптарым?
Менің болашағым?
Менің бойымдағы ерекшеліктер?
Менің бойымдағы жағымсыз әрекеттер?
Зерттеу нәтижесі:
Зерттеу нәтижесінде менің байқағаным, көп балалар өздерін әлі танып білмеген. Ол дегенміз – ата-ана және мұғалім тарапынан мұндай жұмыстар әлі жүргізілмеген. Яғни, көп балалар осы зерттеудің барысында қатты қиналып, көбі кейбір сұрақтарға жауап беруден қиналды. Ал кейбір оқушылар бірден өздерінің арманын, қиялын жазды.
Қорытынды
Осымен, крстық жұмысымды қорытындыласам. Сезім дегенміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажетіне сәйкес келу – келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестің түрі. Ұлы ғұлама ақын Абай Құнанбаев «Адам көңілі шын мейірленсе, ғылым – білімнің өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі». Олай болса, адам көңілінің әрқашан да шат болуы өмірде де, білім – ғылымда да септігін тигізеді.
Пайданылған әдебиеттер
А.В.Петровский
Ә.Алдамұратов
Ә.Алдамұратов
Ж.Аймауытов «Жалпы психология»
Ф.Н.Гоноболин
Бастауыш сынып журналы «Тәрбие құралы».
Достарыңызбен бөлісу: |