Бастауыш сынып оқушыларының жазба тілін дамыту жолдары ибрагимова Тоты Жунусовна



Дата27.12.2016
өлшемі35,06 Kb.
#5942
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЖАЗБА ТІЛІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Ибрагимова Тоты Жунусовна

бастауыш сынып мұғалімі

№56 мектеп-лицей, Астана қаласы

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүние танымы қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. Тәрбиенің сан –саласы, күрделі мәселелеріне терең бойлауға, күнделікті тұрмыста кездесетін дағдылар арқылы баланың жан дүниесіне әсер ететін білім мен тәрбиенің алғашқы баспалдағы – бастауыш сынып. Олай болса, байқағаным, бастауыш сыныптарда шығармашылықпен жұмыс істеуге үйренген оқушы жоғарғы сыныпқа көшкенде шығармашылық жұмыстың қай түрін болса да меңгеруге бейім болады. Олар жаңа идеялы проблемаларды өздігінен шешуге тырысады. Оқушының шығармашылыққа даму бағытын жан-жақты арттыру үшін мұғалімнің меңзеу әдісі көмекке келуі керек. Бұл мұғалімнің де шығармашылық қабілетінің сынға түсер шағы. Сондықтан менің таңдаған тақырыбымның мақсаты – баланың жазба тілін дамытуда жаңа технологияларды жүйелі түрде пайдалану.Бастауыш сыныптың жас ерекшелігіне байланысты жазба тілді дамыту түрлерін былайша топтастырдым: мазмұндама, шығарма, өлең жазу, мәтін жазу, реферат, сөзжұмбақ, түсінік жазу, диктант. Диктант түрлері белгілі бір грамматикалық ережелерге сай жүргізіледі. Ең алдымен ережені түсіндіріп алып, содан кейін ережеге сай келетін сөйлемдер айтып, оқушыларға жаздыру керек. Бұл түсіндірме диктант есту арқылы болады және көру арқылы жазатын түрлері де бар. Ол былай жүргізіледі, алдымен кітаптан бір үзінді алып, оны оқытып, оқығаннан кейін жатқа жаздыру, олардың қаншалықты дұрыс жазылғанын тексеру қажет немесе тақтаға тақырыпқа байланысты сөздер жазып, оны көшіріп, қайта дәптерге жаздыру. Бұл балалардың сауатты жазуын, сабаққа деген қызығушылығын арттырады.

Диктант түрлері:


  1. Шығармашылық диктант

  2. Өзіндік диктант

  3. Бақылау диктанты

  4. Еркін диктант

  5. Шолу диктант

Терме диктант. Текст ішінен өтілетін ережеге сай сөздер мен сөз тізбектері немесе сөйлемдерді теріп жазу үшін қажет. Терме диктант фонетика, лексиканы және грамматиканы пысықтау үшін өте қажет. Баланың ақыл – ойын дамытуға көмектеседі.

Өздік диктант. Бұрыннан белгілі мәтінді жазу үшін қолданылады. Бұл сын жұмысын жазу оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады.

Шығармашылық диктант. Оқушылардың өз бетімен жазған жұмыстарында қателер жібермеуге дағдыландыру үшін, өз ойларын сауатты жазуға машықтандыру үшін жүргізіледі. Мысалы тақтаға жеке сөздерді жазып, сол сөздерді қатыстырып, сөйлем құрау немесе суреттер іліп, сол суреттерге қарап сөйлем құратып жаздыру.

Еркін диктант. Оқыған текстің мазмұнын оқушылардың өз беттерімен жазу үшін беріледі. Сын жұмысының бұл түрі оқушылардың тілін байытады, дұрыс, қатесіз жазуға төселдіреді. Оқушыларға тексті бір рет оқып беріп, біреуіне мазмұнын айтқызып, содан кейін еркін диктантты жаздыру керек. Еркін диктант жаздыру шығарма, мазмұндама жаздыруға үйретеді.

Шолу диктанты. Бұрын оқып кеткен тақырыптарды пысықтау үшін қолданылады.

Бақылау диктанты. Орфография мен пунктуациясын және грамматикасын, оқушылардың білімін сынау үшін, олардың қандай дәрежеде сауатты екенін білу үшін жүргізіледі. Сын жұмысының тексті балалардың білім дәрежесіне сай болуы керек.


Бастауыш сыныптардағы жазба жұмыстарының тағы бір түрі – мазмұндама.

  1. Дайын әңгіме бойынша мазмұндама. Бұл мазмұндама алдын ала дайындалған әңгіме бойынша жазылады.

  2. Сурет бойынша мазмұндама . Мұндай мазмұндаманы жазу балаларға сурет мазмұнын үйретеді. Мақсаты: бірізділікке баулу, оқиға желісін ауыстырмай, ретімен жазу. Суретті мазмұндама оқушы шығармашылығын дамытуды жетілдірер бір құрал.

  3. Кино, диафильм бойынша мазмұндама. Кино, диафильм оқушының оқу-тәрбие жұмысын жақсарту жолындағы ең күшті құрал. Өйткені жүз рет естігеннен, бір рет көрген абзал. Сонымен бірге, есту, көру, есте сақтау қабілетін дамытуға да әсерін тигізеді.

Оқушылардың жазба тілін дамытудың тағы бір түрі – шығарма.Шығарма белгілі бір тақырып бойынша өз ойын жоспар арқылы баяндау. Бастауыш сыныптарда балалардың жазатын шығармаларын мынадай топқа бөлуге болады:

1. Экскурсия бойынша

2. Оқушылардың естіген, оқыған әңгімесіне байланысты.

3. Өнер саласына байланысты.

4. Суретке қарап жазу.

Ең тиімдісі экскурсия бойынша шығарма жазу. Экскурсия бойынша шығарма жазу табиғатқа саяхатқа шығып, ондағы құбылыстар мен жыл мезгілдеріне байланысты жаздырылады. Мысалы: қыс мезгілін алсақ, балалардың қысқы ойыны, шаңғы, коньки, шанамен сырғанау сияқты қызық ойындары туралы жаздырылады. Шығарманың бұл түрінің тиімділігі балалардың ойлау, сөйлеу, есте сақтау қабілетін дамытудың, сонымен бірге табиғаттың сұлулығын қызықтай білуге, аялай білуге, эстетикалық тәрбие беруіне бүгінгі заман талабына сай оқытудың дұрыс нәтиже беруіне бүгінгі заман талабына сай оқытудың жаңа жүйесі, жаңа технологиясының алатын орны ерекше.



Мектеп табалдырығын жаңа аттаған жас бүлдіршіндерге жазба тілін өз дәрежесінде меңгерту, оқушының сабаққа қызығушылығын арттырып, сөз мәнін түсінуі мен сауатты жазу дағдысын қалыптастырады.  

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет