Логикалық олимпиада. 2-сынып №3
А блогы (әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан беріледі.)
1.
Қақпаның астынан 8 мысықтың аяғы көрінеді. Қақпаның арғы жағында неше мысық?
а) 4 в) 8 с) 2 d) 7
2.
Балаларға 4 пар аяқ киім сатып алды. Балаларға неше оң жақ аяқ киім сатып алған?
а) 2 в) 4 с) 8 d) 1
3.
Бір гүл салғышта 6 кішкентай кактус. Әрқайсысына 2 кактустан отырғызу үшін, тағы неше гүл салғыш сатып алу керек?
а) 2 в) 3 с) 0 d) 1
4.
Үстелдің 4 бұрышы бар.Бір бұрышын кесті. Енді неше бұрыш болды?
а) 2 в) 6 с) 4 d) 5
5 .
Қанша болады ? 6 + 3 + 1 – 5 – 3 + 1 = ?
а) 4 в) 6 с) 3 d) 7
Б блогы (әр дұрыс жауапқа 3 ұпайдан беріледі.)
1.
Анасы самса пісірді. Ұлына 7 самса, қызына 8 самса берді. Егер өзінде 6 самса қалса, анасы қанша самса пісірген ?
а) 13самса в) 21 самса с) 19 самса d)15 самса
2.
Тақта шоколад 6 шаршыдан тұрады. Шоколадты жеке бөліктерге бөлу үшін неше рет сындыру керек ?
а) 4 в) 3 с) 6 d) 5
3.
Отбасында 2 бала бар. Марат Асанның ағасы, ал Асан Маратқа аға емес. Сонда Асан кім ?
а) ағасы в) інісі с) жиені d) досы
4.
Жануардың екі оң аяғы, екі сол аяғы, екі алдыңғы аяғы , екі артқы аяқтары бар. Жануарда неше аяқ бар ?
а) 8 в) 3 с) 4 d) 5
С блогы ( әрдұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі.)
1.
Үш баланың жалпы салмағы 72 кг. Екі кіші қарындастарының салмағы
қанша болса, Айдостың салмағы сонша. Айдостың салмағы неше кг?
а) 18 кг в) 24 кг с) 32 кг d) 36 кг
2.
Бір қатарға аралары 2 м-ден 8 алма ағашы отырғызылды. Екінші қатарға аралары 1 м-ден 15 алмұрт ағашы отырғызылды. Әр қатардың ұзындығын тап.
а) 14 м және 14 м в) 7 м және 8 м
с) 10 м және10 м d) 8 м және 12м
3.
Анам дүкеннен 1кг алма, 1кг апельсин және 2кг өрік сатып алды. Анам «Корона» сауда үйімен салыстырғанда «Сәлем» базарыннан алса, қанша ақша үнемдейді?
Достарыңызбен бөлісу: |