Логикадан олимпиада 4-сынып №4
А блогы (әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан)
1.
Төрт цифрдан құралған кодты құлыптың комбинациясын табыңыздар. Егер
үшінші цифры біріншіден 3- ке үлкен;
екінші цифр төртіншісінен 2- ге үлкен;
барлық сандардың қосындысы 17-ге тең;
екінші цифр 3-ке тең
а) 8315 в) 1358 с) 6391 d) 5381
2.
Шопанның барлық қойының 452-сі су ішіп жатыр, қалғаны жайылып жүр. Жайылып жүрген қойлар су ішіп жатқан қойлардың ширегіндей. Шопанда барлығы қанша қой бар?
а) 565 в) 456 с) 1017 d) 339
3.
8 га жерді жыртып шығу үшін 168 литр жанармай жұмсалды. 210 литр жанармаймен ... га жерді жыртып шығуға болады.
а) 14 в) 10 с) 9 d) 12
4.
Бахтияр пен Зарина мектепке келді.Бахтиярдың сабағы екінші қабатта, ал Зарина төртінші қабатта болады. Зарина Бахтиярдан сатымен... есе артық көтеріледі.
а) 3 есе в) 4есе с) 5 есе d) 2 есе
5.
Әкесі ұлынан 3 есе үлкен және екеуіне бірге 48 жасболса, ұлы ...
а) 5 есе в)4 есе с) 2есе d) 3есе
Б блогы (әр дұрыс жауапқа 3 ұпайдан)
1.
Арлан қатар бойынша 8 ағашты бір-бірінен 5м қашықтықта отырғызды. Бірінші ағаштың жанында құдық бар. Екі ағашты суару үшін 1 шелек су қажет. Бір шелекті қолданып, Арланға барлық ағаштарды суару үшін қанша метр жол жүру керек?
а) 120 м в) 150 м с) 160 м d) 170 м
2.
Маугли 5 маймылға жаңғақ әкеп беруді өтінді. Маймылдар әрқайсысы бірдей мөлшерде жаңғақ жинап алды. Мауглиге әкеле жатқанда, олар бір-бірімен келіспей қалды. Әр маймыл бір-біріне бір жаңғақтан лақтырды да, Мауглиге жинағандарынан екі есе кем жаңғақ әкеліп берді. Мауглидің қолына тиген жаңғақтардың саны:
а) 25 в) 30 с)20 d) 5
3.
Қорапта ақ, қара және қызыл текшелер бар. Барлығы 50 дана. Ақ текшелердің саны қарадан 11 есе артық, қызыл текшелер ақтан кем, бірақ қарадан артық. Қызыл текшелердің саны:
а) 13 в) 14 с) 15 d) 16
4.
8 қап ұнды бір қатарға қойды. Бірінші қаптың салмағы- 88 кг, ал әрбір келесі қаптың салмағы алдындағы қаптан 8 киограмға кем.Барлық қаптағы ұнның салмағын тап:
а) 480 кг в) 640 кг с) 840 d) 800
С блогы (әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан)
1.
Бір топтың сандарының қосындысы екінші топтың сандарының қосындысына тең болатындай 3, 5, 8, 11, 17, 19, 22, 27, 30, 31, 37, 40 сандарды екі топқа бөліңіздер.
2.
Кітаптың бірнеше беті түсіп қалды. Түскен беттің біріншісінде 213, ал соңғы бетте дәл осы цифрлар, бірақ цифрлары керісінше ретпен жазылған. Кітаптың түсіп қалған беттерінің санын тап.
а) 100 в) 50 с) 99 d) 49
3.
Доллар құнының өсуіне байланысты кестедегі азық-түліктердің құны 20º-ға көтерілді. Енді 1кг жылқы еті, 2 кг қант және 1 л өсімдік майын алу үшін қажет ақшаны анықта.
Азық-түлік атауы
|
₴ өспей тұрып (тг)
|
Қант (1 кг)
|
150
|
Сүт (л)
|
82
|
Картоп (1 кг)
|
63
|
Нан (1 данасы)
|
48
|
Жылқы еті (1 кг)
|
1155
|
Өсімдік майы (л)
|
290
|
а) 2094 в) 2084 с) 2194 d) 1386
Достарыңызбен бөлісу: |