Логикалық олимпиада 3-сынып№2
А блогы (әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан)
1.
Жанболат, Ерболат, Нұрболат үшеуі бірге 7 жаңғақ жинады. ЖанболатЕрболаттан көп жинады, бірақ Нұрболат аз жинады. Кім қанша жаңғақ жинағанын тап.
а) Жанболат – 3, Ерболат -3, Нұрболат-1
в) Жанболат – 4, Ерболат -3, Нұрболат-0
с) Жанболат – 3, Ерболат -0, Нұрболат-4
d) Жанболат – 4, Ерболат -3, Нұрболат-1
2.
Рүстемнің жасы Дастаннан 1 жыл, 1 ай және 1 күн үлкен. Рүстем 2013 жылдың 1 шілдесінде туса, Дастанның туған күнін анықта.
а)2014 жылдың 2тамызында в) 2013 жылдың 1тамызында с)2014 жылдың 2маусымда d) 2014 жылдың 2шілдесінде
3.
Үшінші сынып оқушылары екі-екіден жұптасып тұрды. Айсара мен Балшекералдынан санағанда жетінші болды, ал артынан санағанда төртінші болды. Сыныпта қанша оқушы барын көрсет.
а)14 в) 18 с)20 d) 22
4.
Кірпілер алмаға таласып жатыр.Оларға көмектесуге тиін келді. Тиін әр кірпіге бір алмадан берсе, бір алма артылып қалады. Ал әр кірпіге екі алмадан берсе, екі алма жетпей қалады.Неше кірпі бар? Неше алма бар?Дұрыс жауабын белгіле.
а)4 кірпі бар. 5 алма бар. в) 2 кірпі бар. 3 алма бар.
с) 3 кірпі бар. 4 алма бар. d) 1 кірпі бар. 2 алма бар.
5.
Айдос ішіне 4 шелек су сиятын аквариумды толтырмақшы. Ол краннан бір шелек су толтырып алып, аквариумға жеткізгенше шелектің төрттен екі бөлігі төгіліп қалып отырған. Аквариумды толтыру үшін Айдос неше рет су тасу керек екенін тап.
а) 4 шелек в) 8 шелек с)12 шелек d) 6 шелек
Б блогы (әр дұрыс жауапқа 3 ұпайдан)
1.
Айдос пен Нұрдос қайың, емен, терек, үйеңкі ағаштарының арасында жасырынбақ ойнады. Айдос кәрі еменнен 20 қадам солға, 5 қадам оңға, қайтадан 4 қадам солға, кейін 11 қадам оңға жүрді. Айдос қайда жасырынғанын тап.
а) үйеңкінің артына в) теректің артына
с)қайыңның артына d) еменнің артына
2.
Жеңіл атлетикадан жарыс өтті. Арман деген желаяқ озып келеді. Бір бала алдында келеді. Бір бала екі баланың арасында келеді. Енді бір бала екі баланың соңында келеді. Соңында қалғанын намысқор бала екен, артта қалғанын қорлық көріп жылап келеді. Жарысқа неше бала қатысқанын тап.
а) 9 бала в) 5 бала с)3 бала d) 7 бала
3.
10 жасар бала шашын тақырлап алып тастады. Кейін ойланып қалды. Егер менің шашым айына 1 см өсетін болса , 25 жасқа келгенде , менің шашымның ұзындығы қандай болар еді? Баланың шашы неше дм болатынын тап.
а) 180 в) 18 с)108 d) 801
4.
Інісі дүниеге келгенде Әлихан 4 жаста болды. Бүгін ол туған күніне арналған торттың 9 майшамын үрлеп сөндіреді. Інісі мен Әлиханның жас айырмасы қанша? Дұрыс жауапты тап.
а) 4 жас в) 5 жас с) 9 жас d) 13 жас
С блогы (әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан)
1.
Камила Азатқа бірдей мөлшерде алма мен апельсин салынған шелек алып келді. Азат барлық алмалардың жартысын және апельсиннің үштен бірін жеп қойды. Шелекте жемістердің қандай бөлігі қалғанын тап.
а) барлық жемістің үштен бірін в) жемістердің жартысынан көбін с)жемістердің жартысынан азын d) барлық жемістің жартысын
2.
Кішкене қара квадраттың саны ақ квадраттың санының тең жартысы болу үшін неше ақ квадратты қара түске бояу керек? Дұрыс жауапты белгіле.
а) 3 в) 2 с)4 d) мүмкін емес
3.
Жұлдызда неше үшбұрыш бар? Ойланып көр.
а) 5 в) 6 с)10 d) 8
Достарыңызбен бөлісу: |