«Бастауыш сынып оқушыларының математикадан логикалық тапсырмалар беру арқылы ойлау қабілеттерін дамыту жолдары»



бет20/25
Дата06.01.2022
өлшемі442,68 Kb.
#109953
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Логикалық олимпиада 3-сынып №3

А блогы (әр дұрыс жауапқа 2 ұпайдан)

1.

Ағаш басында қараторғайлар қонып отырды. Бір уақытта олардың бесеуі ұшып кетіп, біраз уақыттан соң үшеуі қайта оралды. Нәтижесінде ағашта отырған қараторғайлардың саны 12 болды. Бастапқыда ағаш басында қанша қараторғай отырғанын тап.



а) 12 в) 14 с)13 d) 10
2.

Ыдыста 3 түсті 6 алма болды. Сары алмадан жасыл алманың саны көп . Ал жасыл алмадан қызыл алманың саны көп. Ыдыстағы алманың әр түрі нешеуден екенін тап.

а)3қызыл, 2жасыл, 1 сары в) 1қызыл, 2жасыл, 3 сары

с)2қызыл, 2жасыл, 2 сары d) 2қызыл, 3жасыл, 1 сары


3.

Айсәуле мен Айару ағаштан 40 алма терді. Олар екеуі алманы бірдей мөлшерде жегеннен кейін, Айсәуледе 15 алма, Айаруда 9 алма қалды. Айсәуле неше алма жинағанын тап.

а)20 в) 18 с) 25 d)23
4.

Мансұрдың бойы Әлиханнан биік, Жасминнен аласа. Камиланың бойы Жасұланнан биік, Мансұрдан аласа. Ең бойы биігі кім?

а)Мансұр в) Жасмин

с)Жасұлан мен Камила бірдей d) Әлихан


5.

Әлидің 37 СД-дискісі бар. Әли өзінің 10 дискісін досы Нұрайға берсе, онда екеуінің дискілерінің саны бірдей болады. Сонда Нұрайда қанша диск болған екенін есептеп шығар.

а)10 в) 22 с)17 d) 27

Б блогы (әр дұрыс жауапқа 3 ұпайдан)

1.

Үш қыздың жастарын сұрағанда, олар былай деп жауап берді. «Жазира екеуміздің жасымызды қоссаң, бізге 21 жас» -деді Жанар. «мен Жаннадан 4 жас кішімін»- деді Жазира. «Ал үшеуміздің жасымызды қоссаң 34 шығады» -деді Жанна. Әр қыз бала неше жаста екенін есептеп шығар.



а)Жазира 9-да, Жанар 12-де, Жанна 13-те.

в) Жазира 8-да, Жанар 15-де, Жанна 12-те.

с)Жазира 11-да, Жанар 12-де, Жанна 11-те.

d) Жазира 13-да, Жанар 11-де, Жанна 10-те.

2.

Құрт биіктігі 20 метр бағанмен жоғары қарай өрмелейді. Ол күндіз 5 метр көтеріліп, түнде 4 метр төмен түседі. Ол бағанның төбесіне қанша уақытта түсетінін көсет.



а)10 күнде в) 18 күнде с) 19 күнде d)20 күнде
3.

Бекзат 3-ке көбейтеді, Қайрат 2-ні қосады, Мұрат 1-ді алып тастайды. 3-ті 14-ке айналдыру үшін , бұл үшеуі амалдарын қай тәртіпте қолдануы тиіс?

а) Бекзат, Қайрат, Мұрат в) Қайрат, Мұрат, Бекзат

с) Қайрат, Бекзат, Мұрат d) Бекзат, Мұрат, Қайрат


4.

Олжастың ағалары мен апаларының саны бірдей. Ал, оның туған апасы Сабинаның ағаларының саны апаларынан екі есе көп. Осы жанұяда қанша бала болғанын тап.

а) 4 в) 5 с) 6 d) 3

С блогы (әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан)



1.

Сандықта 5 жәшік бар, ал әр жәшіктің ішінде 3 қорап, әрбір қорапта 10 алтын тиын бар. Сандық, барлық жәшік және барлық қораптар құлыпқа жабылған. 50 алтын тиынды алу үшін неше құлыпты ашу керектігін тап.

а) 5 в)6 с) 7 d)8


2.

Абсолют қара немесе абсолют ақ тіктөртбұрыш шығару үшін суретте орналасқан тіктөртбұрышпен А-дан Е-ге дейінгітіктөртбұрыштың қайсысын жабу керек.



а) в) с) d)
3.

Алты шырпыдан бір кескін құралады (суретке қараңыз). 14 шырпыдан дәл осындай неше кескін құруға болатынын тап.


а) 2 в) 3 с)14 d) 6






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет