2.4 Бастауыш сыныпта логикалық есептердің шығару жолдары
Оқушының бойына барлық логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру керек. Оқушы пайымдауды, талдау жасауды, қарапайым заңдылықтарды анықтап, логикалық заңдармен сәйкестікте ой тұжырымалар істей білу керек.
Логикалық есептердің саны да, шығару тәсілдері де алуан түрлі. Оның ішінде бастауыш сынып оқушыларының ерекшеліктеріне лайық дегендерін көрсеткім келеді.
1.Венн диаграммасы бойынша
Есеп: Жазғы лагерьде 70 бала бар. Олардың 27-сі драма үйірмесіне, 32-сі хорға қатысады. Ал 22 бала спортпен шұғылданады. Драма үйірмесіне хордың 10 баласы, спорт секциясының 8 баласы қатысады. 6 спортшы хорға, ал 3 спортшы хорға да, драмаға да қатысады. Неше бала бірде-бір үйірмеге қатыспайды? Неше бала тек спортпен айналысады?
Шартын мұқият оқу
Венн диаграммасы 3 шеңберден тұрады. Әрбір үлкен топ шеңберлердің біреуімен ұсынылады
Әрбір қиылысқан аймақ екі үлкен топ немесе осы екі үлкен топтың шағындау топтары арасындағы ұқсастықтарды белгілейміз. Үш шеңбердің қиылысқан жеріне үш топтың ұқсастығын таңбалаймыз
Әрі қарай алгебралық логика бойынша амалдарды орындаймыз
Достарыңызбен бөлісу: |