2.6. Практикалық бөлім
Елбасымыз өз сөзінде былай деген: «Ұлттық бәсекелестік білімділік деңгейімен айқындалады. Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» Ендеше құзыреттілігі жоғары, заман талабына сай тұлға тәрбиелеу ұстаздар қауымына жүктеліп отыр. Бала мектепке дейінгі мекемеде алған білімін мектепте берілетін біліммен ұшталып жатуға тиіс. Оқушының логикалық ойлауын мектепке дейінгі мекемеден бастау керек екені баршаға аян. Ал бастауыш сынып мұғалімдерінің алдына қойған міндет оқушының функционалдық сауаттылығымен қатар құзіреттілігін дамыту.
Мектепке келген баланың білім алуға деген қызығушылығымен қатар логикалық ойлау қабілетін де есепке алу мұғалімнің басты міндеті. Оқушының логикалық ойлау қабілетін айқындау және дамыту жұмыстары, біріншіден мектеп психологының көмегімен өтуі тиіс. Екіншіден оқушының жас ерекшелігін ескере отыра, логикалық тапсырмалар беру. Үшіншіден берілген логикалық тапсырмалардың шешу жолдарын талдап беру ұсынылуы тиіс. Төртіншіден, оқушының математика сабағына деген қызығушылығын айқындау. Осы талаптарды орындап болғаннан кейін сыныптағы логикасы жоғары оқушылардан топ құрылады. Кейін мұғалім осы оқушылармен жасалатын жұмыс жоспарларын құрып, әкімшілікпен бекітіледі.
Сауалнама
(Мұғалімдер арасында алынған)
|
Логикалық ойлауы жоғары балаларды анықтай аласыз ба?
|
а) Иә
б) жоқ
|
Математикадан орташа оқитын баланың логикалық ойлауы мықты болуы мүмкін бе?
|
а) Иә
б) жоқ
|
Математика пәнінен тыс уақытта, жүйелі түрде, логика сабағын жүргізесіз бе?
|
а) Иә
б) жоқ
|
Математика әр сабақта берілген логикалық тапсырмаларды сыныбыңыздағы оқушылардың тегіс бәрі шығара ала ма?
|
а) Иә
б) жоқ
|
Логикалық тапсырмаларды шығаруда өзіңіз қиналасыз ба?
|
а) Иә
б) жоқ
|
Оқушыларды логикалық ойлауға үйрету жолдарын білесіз бе?
|
а) Иә
б) жоқ
|
Логикалық тапсырмалармен жұмыс жасау үшін басшылыққа нені алу керек екенін айта аласыз ба?
|
а) Иә
б) жоқ
|
Өз сыныбыңыздағы оқушылардың математика пәнінен білім сапасы 80%-ға жете ме?
|
а) Иә
б) жоқ
|
«Логикалық ойлауы жоғары балалармен жұмыс жасайсыз ба?» деген сауалнаманы бір топ әріптестеріміздің арасында өткіздіп, мынандай қорытындыға келдік. Сауалнамаға қатысқан 22 мұғалімнің 62 пайызы оқушылардың логикалық ойлау қабілеттеріне назар аудармайды. Логикалық ойлау қабілеті жоғары оқушының қазіргі заман талабына сай, жан-жақты, кез келген тығырықтан шыға білетінін білсе де, логикалық ойлауы жоғары балалармен жұмыс түрінің дұрыс жолға қойылмағанын байқадық. (1-қосымша)
Сондықтан бастауыш сынып оқушыларының математикадан логикалық ойлау дағдыларын қалыптастыру мақсатында мектебімізде бастауыш сыныптарға арналған қосымша сабақтарға үлкен көңіл бөлінеді. Бастауыш сыныптардағы қосымша сабақтарды математика пәнімен байланыстырып алдық. Бастауыш сынып мұғалімдері Чингисова Ғ.С. өз бағдарламасын «Күрделі есептер», Кушербаева Н.К. «Амалдардың орындалу тәртібі», Сабитова Ә.С. «Қызықты геометрия» деп алып, осы бағытта оқушылармен жұмыс жүргізді. Ал мен оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында, өз бағдарламамды «Математикалық логика» тақырыбына құрдым. Тақырыптың өзі оқушылардың осы сабаққа деген қызығушылығын арттыратындай болып көрінді. Шындығында да солай болып шықты, себебі осы сабаққа қатысуға ниет білдіретін балалардың саны көп болды.
Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымында болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамытушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәселелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары сапасын және кәсібилікті талап етеді. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның логикалық ойлау дағдыларын нығайтады. Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастырылуы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады.
Баланы бастауыш сыныптардан бастап логикалық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістіктерін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жеткізеді.
К.Д. Ушинский пікірін П.Ф. Каптерев одан әрі дамыта отырып, педагогикалық үрдіс оқушы мен мұғалімнің бірлескен әрекеті: бір жағынан, бұл - мұғалімнің бағыттаушы, ал екінші жағынан - оқушының өзіндік ішкі әрекеті. Ол оқушының белсенді білім игеруі мен қызығушылығына, талпынысына ерекше мән берді. Каптерев оқушының білімді игерудегі ішкі процестерін зерттеуді бірінші орынға қойды. Ең маңыздысы, бұл процестерге жағымды жағдайлар жасау дейді.
Қазақ мектептерінде дидактикалық міндеттерді шешуде Ы.Алтынсарин үлкен үлес қосты. Алтынсариннің мұғалім міндеттері туралы, қалай оқыту керек, қалай оқу керек деген талаптары біздің зерттеулерімізде маңызы болды. Ы.Алтынсарин бойынша оқытудың жеке әдіс - тәсілдеріне:
а) оқыту әдісі - бұл баланың білімге құштарлығын оятатын, кейіннен өз бетінше білім көтеруіне бастайтын жол;
ә) сабақта баланың ой-әрекетін жаттықтыру. «Маңыздысы, оқушының өз бетінше ойлана білуі».
Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ, өркениет біткеннің өзегі – білім, ғылым, тәрбие дейтін болсақ, осының барлығының бастауы – бастауыш мектеп. Ал бастауыш буынның негізгі міндеті баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін дамыту, адамзаттың асыл қасиеттерін оқушы бойына сіңіру.
Біздің міндетіміз оқушыға оның бойында көрінбей тұрған мүмкіншіліктерін ашып көрсету. Осы міндеттерді орындауға мұғалімге бірден-бір керегі – дұрыс, тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап пайдалану. Бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда оқушының өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді, түрлі іс-әрекетке бағыттайды. Математика сабақтарынан білім сапасы артады. (2-қосымша)
Мектепте ұйымдастырылған қосымша сабақтардың басты міндеті бастауыш сынып буынында математикаға қабілеті бар оқушыларды біріктіріп, логикалық ойлау дағдыларын дамыту. Осы міндетті жүзеге асыру үшін 1 және 2- сынып, 3 және 4- сынып оқушыларынан топтар құрылды. Топтағы оқушылар өз қызығушылығын білдірген және математикадан білім деңгейлері жоғары балалардан топтастырылды. Әр сыныптан 5-7 оқушы қабылданып, екі топқа бөлінді. Бірінші топқа 1 және 2- сынып оқушылары, ал екінші топқа 3-4- сынып оқушылары жазылды. Осылайша, әр топта 11-14 оқушыдан болды. Бастауыш сыныптың 4 мұғалімі 2 топқа жас ерекшеліктеріне сай математикалық логикадан бағдарлама құрастырды. Сабақтар арнайы бөлінген қосымша сағаттардан алынды. Бұл сабақ сабақтан тыс уақыттарда аптасына 4 реттен болды. Әр топ белгіленген күні өз кестесі бойынша келесі мұғалімге барып, сол мұғалімнің бағыты бойынша құрылған бағдарламамен қосымша білім алды. Төменде өткізілетін қосымшалардың кестесі берілген: (3-қосымша)
Достарыңызбен бөлісу: |