ТАЗЫ МЕН ЕЛІК Күндердің күнінде бір тазы жайылып жүрген елікті көріп, қуа жөнеледі. Тазыдан қашып келе жатқан елік:
Тазым, әуре болма. Сен маған ешқашан жете алмайсың! – дейді.
Неге? – деп тазы ентіге еліктен сұрайды.
Елік:
- Себебі мен өз өмірімді сақтау үшін қашып келемін. Ал сен өзіңнің иеңе жағыну үшін қуып келесің! – деген екен.
(49 сөз)
БӘРІНЕН ДЕ ЖАҚСЫ Бір кішкене қыз көшеде, адамдардың арасында, шешесінен адасып қалыпты. Ол шешесін іздеп, бақырып жылапты. Оны көрген адамдар жұбатып:
- Сен жылама. Біз сені қазір шешеңе алып барамыз. Сенің шешең қандай еді?- деп сұрапты. Сонда қыз жылап тұрып:
- Сіз білмеуші ме едіңіз? Менің шешем – ең жақсы адам, ол бәрінен де жақсы, - депті.
Л.Н. Толстой
(50 сөз)
ТАСБАҚА Бірде маңғаз тасбақа-бикеш былай деп ойланады: «Неліктен мен үнемі жорғалар жүруім керек? Менің ең жоғарыда болуым абзал». Содан кейін қасындағыларға: «Абайлап бір-біріміздің үстімізге шығайық!» -деген ұсыныс жасайды. Тасбақалар қабаттап бір-біріне шығады, ең үстіндегі тасбақа айналасына қарап: «Мен адамдардан биікпін, ең жоғарыдамын», -деп есерленіп, мақтанып тұрған кезде астыңғысы шырт етіп сынады.
А. Сейсенова
(52 сөз)