БАСЫ НЕГЕ ҮЛКЕН?
Ма-ма-сы Тал-ғат-тан:
А-рыс-тан-ның ба-сы не-лік-тен үл-кен? – деп сұ-ра-ды.
Тор-дан шы-ғып кет-пе-уі ү-шін, - де-ді Тал-ғат мү-дір-мес-тен.
( 15 сөз)
ШОРТАН
Ер-кін мен Се-рік көл-ден кел-ді. Көл-де ба-лық мол. О-лар ба-лық ау-ла-ды. Се-рік қар-мақ сал-ды. Қар-мақ-қа шор-тан і-лін-ді. Шор-тан ту-ла-ды,
(19 сөз)
Қа-ра лақ. А-ла а-ла-ша.
А-ла ат. А-ла-са қо-ра.
Қос қа-нат. Қа-ра нар.
Қа-ра тал. Қол ша-на.
Са-қа ат. Қа-ра шаш.
(20 сөз)
ҚЫС
Қыс бас-тал-ды. Ө-зен қат-ты. О-раз ақ-қа-ла соқ-ты. Зә-кен мен Аб-зал О-раз-ға кө-мек бер-ді. Ақ-қа-ла тез біт-ті. Ба-ла-лар сыр-ға-нақ те-бе-тін бол-ды.
(20 сөз)
Е-СЕН МЕН Е- СЕТ
Е-сен он-да. Е-сет он е-кі-де. Ол е-ке-уі де ке-ме іс-те-ді. Ке-ме-ле-рін су-ға сал-ды. Ке-ме-ле-рі су-да қал-қы-ды. О-ған е-ке-уі де қу-ан-ды.
( 20 сөз)
ЖИДЕК
Балалар мектеп бағынан жидек жинады. Биыл жидек мол шығыпты. Шие мен қарақат тұнып тұр. Балалар жидекті көп жинады.
(18 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |