Мұғалімдердің модерация кезіндегі әрекеті
Тоқсандық жиынтық бағалауды модерациялау үдерісі белгілі бір
тәртіппен жүргізіледі.
Мұғалім
модерацияға дейін:
• білім алушылардың жиынтық бағалау жұмыстарын балл қою кестесіне
сәйкес бағалайды. Балдар қарындашпен қойылады;
• жиынтық бағалау жұмысы үлгілерін (максималды, минималды балдармен;
бағалауда қиындық тудыратын жұмыстарды) іріктеп алады;
• жеке мәліметтерді шифрлейді, білім алушылардың жұмыстарының
көшірмелерін дайындайды.
Модерация кезінде:
• жұмыс қорытындысын ұжымда талқылайды, барлық балдардың балл
қою кестесіне сәйкес қойылғанына көз жеткізеді;
• қажет болған жағдайда нәтижелерге немесе балл қою кестесіне өзгерістер
енгізеді;
• отырыс хаттамасына қол қояды.
Модерациядан кейін:
• модерацияны ескере отырып, білім алушылардың жұмыстарын қайта
қарайды, жоғарылату немесе төмендету жағына қарай балдарды өзгертуі
де мүмкін;
• соңғы нақты балдар қаламмен қойылады;
• соңғы нақты балдарды электрондық журналға қояды.
Модерацияны ойдағыдай жүргізу үшін қажетті жағдайлар:
ынтымақтастық мәдениеті, ашық және анық коммуникация, сындарлы
(конструктивті) кері байланыс және ұжымдағы кәсіби қолдау болып
табылады.
|