6
Модерация
– бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету үшін
қойылған балдарды стандарттау мақсатында тоқсандық жиынтық бағалау
бойынша білім алушылардың жұмыстарын талқылап қарастыратын үдеріс.
Ойлау дағдыларының деңгейлері
– әрбір деңгейі ойлау дағдыларын
анықтауды қалыптастыруға бағытталған оқу мақсаттарының иерархиялық
өзара байланыстағы жүйесі.
Оқу бағдарламасының ортақ тақырыбы
– нақты пән бойынша оқу
мақсаттарына жету үшін түрлі пәндер аясында білімі мен білігін біріктіретін
құрал ретінде пайдаланылатын мазмұны бірыңғай ортақ компонент.
Оқу мақсаттары
– оқу бағдарламасына сәйкес пән бойынша оқу курсы
аралығында білу, түсіну және дағды жетістіктеріне қатысты күтілетін
нәтижелерді қалыптастыратын тұжырым.
Достарыңызбен бөлісу: |