Бастауыш сынып



Pdf көрінісі
бет24/48
Дата14.12.2021
өлшемі3,62 Mb.
#126266
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   48
Байланысты:
Алтынсарин ОӘҚ бастауыш

4.1.2 Кері байланыс беру 

Кері  байланыс  сабақтың  әр  кезеңінде  қолданылады,  мұғалімнің  білім 

алушылармен үздіксіз өзара әрекет етуін жүзеге асыруға, нәтижесінде оқу 

үдерісін түзетіп, сабақты әрі қарай жоспарлауға мүмкіндік береді. 

Кері байланыс беру кезінде мұғалімдерге:  

•  білім алушылардың жақсы жақтарын ескеру; 

•  тапсырманың дұрыс орындалмағанын нақты түсіндірмей тұрып, «олай 

емес», «дұрыс емес» деген сөздерді қолданбау;

•  білім  алушылардың  жұмысын  жетілдіру  немесе  кемшілік  тұстарын 

жөндеудің жолдарына ұсыныс беру; 

•  кері  әсер  ететін  сөздерді,  білім  алушыларды  кекету,  келемеждеуге 

қатысты,  мысалы,  «орынсыз  жауап»,  «осыны  ойлауға  қалай  ақылың 

жетті» деген сияқты сөздерді мүлдем қолданбау ұсынылады.

Кері  байланыс  беру  кезінде  мұғалімге  де,  білім  алушыға  да  2-кестеде 

ұсынылған сұрақтарды негізге алған дұрыс. Аталған сұрақтарға толық жауап 

беру кері байланыстың тиімділігін көрсетеді. 



2-кесте. Кері байланыстың тиімділігін тексеру сұрақтары

Мұғалім 


Білім алушы 

•  Білім алушы оқытудың қай сатысында?

•  Олар білім алуда неге талпынады?

•  Бұған  жетуге  көмектесу  үшін  не  істеу 

керек?

•  Мен оқытудың қай сатысында тұрмын? 



•  Нәтижеге қалай қол жеткіземін? 

•  Кемшіліктерімді  жою  үшін  не  істеуім 

қажет?



18

Төменде кері байланыстың мысалдары көрсетілген (3, 4-суреттер).



3-сурет. А білім алушыға кері байланыс беру бойынша мысал

Жазбаша кері байланыс беруде мұғалім А білім алушыны есепті дұрыс 

орындауға, өз қатесін түзете білуге «бағыттайды».

4-сурет. Білім алушы Б-ға кері байланыс беру бойынша мысал

Бұл білім алушы Б-ға берілген кері байланыс бойынша мысалда мұғалім 

білім алушының жақсы меңгерген тұсына ақпарат береді және қатені түзету 

үшін тақырыптарды қайталауды ұсынады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет