34
6.1 Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл қою
Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалаудың әр рәсімінің
қорытындысы негізінде білім алушылар оқу жетістігі деңгейіне сәйкес
максималды жинақталған балл саны түріндегі қорытынды нәтижеге қол
жеткізеді. Өз кезегінде оқу жетістігінің деңгейі болашақ тоқсандық бағаны
болжаудың көрсеткіші қызметін атқаруы да мүмкін (9-кесте).
9-кесте. Оқу жетістігі деңгейлеріне сәйкес балдың пайыздық мазмұны
Оқу жетістігі деңгейлері
Балдың пайыздық
мазмұны
Болжам баға
Жоғары
81%-100%
«5» деген бағаға сәйкес
Орта
21%-80%
«3 – 4» деген бағаларға сәйкес
Төмен
0-20%
«1 – 2» деген бағаларға сәйкес
Төменде «Математика» пәні бойынша 1-сынып білім алушыларының
3-тоқсандағы бөлім бойынша жиынтық бағалау нәтижелері мысал түрінде
берілген.
Достарыңызбен бөлісу: