бағалаудағы балдың пайыздық мазмұны жинақталады.
36
Балды бағаға ауыстыру шәкілі бойынша баға білім алушының тоқсандық
бағасымен анықталады.
Баға
Балдардың пайыздық мазмұны
«1»
0
«2»
1%-20%
«3»
21%-50%
«4»
51%-80%
«5»
81%-100%
Аталған шәкілге сәйкес
71,3 %,
баға «4-ке»
сәйкес.
«Математика» пәні бойынша білім алушының 3-тоқсандағы
бағасы – «4».
6.3 Жылдық баға қою
Білім алушының пән бойынша жылдық бағасы барлық төрт тоқсанның
нәтижелерінен құралады (1-сыныптағы 3,4-тоқсандар).
Төменде 2-сыныптың «Математика» пәні бойынша білім алушының
жылдық бағасын есептеу бойынша мысал келтірілген.
2-сыныптағы «Математика» пәні бойынша білім алушылардың
1-4-тоқсандардағы нәтижесі
Жиынтық
бағалау
(ЖБ)
1-тоқсан 2-тоқсан 3-тоқсан 4-тоқсан
Балдың
жалпы
саны
Арақаты-
насы,
%
Оқу жылы
бойынша
балдардың
пайыздық
мазмұны
Бөлім
бойынша
ЖБ
34-тен 23 30-дан 20 25-тен 21 20-дан 18 109-дан
82
50%
37,6%
Тоқсан
дық ЖБ
20-дан 18 20-дан 15 20-дан 19 20-дан 16 80-нен
68
50%
42,5%
Барлығы:
80,1%
Жылдық баға есебі келесі формулада жүргізіледі:
37
Жылдық баға есебі үшін білім алушының бөлім/ортақ тақырыптар
бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудағы жалпы саны есептеледі.
Бұдан соң оқу жылындағы балдың пайыздық мазмұны (50%:50%) пайыздық
арақатынаспен анықталады.
Оқу жылындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық
балдың пайыздық мазмұны жинақталады, балды бағаға ауыстыру шәкілі
арқылы ауыстырылады.
37,6% + 42,5% = 80,1%
Баға
Балдардың пайыздық мазмұны
«1»
0
«2»
1%-20%
«3»
21%-50%
«4»
51%-80%
«5»
81%-100%
80,1 %
балды бағаға ауыстыру шәкіліне сәйкес – бұл
баға «4».
2-сыныптағы «Математика» пәні бойынша білім алушының жылдық
бағасы – «4».
38
ҚОРЫТЫНДЫ
Оқыту тек білім берудің төңірегінде ғана болмайды, ол оқушының жеке
тұлға ретінде жан-жақты дамуына да тікелей қатысты болады. Оқытудың
қаншалықты табысты, ойдағыдай өтетіні, сондай-ақ, білім алушылардың
қандай қиындықтарды басынан өткізетіндігі туралы ақпаратты мектептің
тиімді бағалау жүйесі көрсетеді. Сондықтан жаңартылған білім беру
мазмұнын енгізу кезінде критериалды бағалау жүйесі қолданылады.
Бағалау барысында қарапайым субъективті сандық бағаларды тіркеуден
сапалы, объективті бағалауға өту жоспарланған. Оқу нәтижелерін бағалау
барысында жаңа формалар енгізілмек: балдарды қоюды қарастыратын
жиынтық бағалау мен кері байланыс беруді қамтитын қалыптастырушы
бағалау.
Мұғалімдерге көмек ретінде білім алушылардың оқу жетістіктерін
қалыптастырушы және жиынтық бағалау үдерістерін жоспарлау,
ұйымдастыру мақсатында практикалық ұсыныстар берілген. Атап
айтқанда, бағалауды өткізудегі қолданылатын әр түрлі бағалау түрлері
(қалыптастырушы және жиынтық), олардың формалары (топтық, жұптық,
жеке), бағалау критерийлерін құрастыру, кері байланыс беру, баға қою және
тағы да басқаларын қамтитын мысалдар жиынтығы.
Осылайша, бағалаудың жаңа құралдарын енгізу де жоспарланған:
критерийлер, әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар, дескрипторлар, оқу
жетістіктерінің деңгейлері, балдар, баға, т.б. – бұл оқуда және бағалауда
мұғалімдер мен оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпалын тигізеді.