Бастауыш сынып



Pdf көрінісі
бет11/54
Дата04.05.2023
өлшемі0,69 Mb.
#176089
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   54
Байланысты:
Оқу-техникасына-арналған-мәтіндер
1, ҚМЖ Математика мамыр (2), Мақала Қаныбек Нұрлыайым
 


 
- 21 - 
Біздің ауыл Іле өзеніне жақын орналасқан. Мұнда қыс 
қытымыр болғанымен, жазы жайлы да жайсаң. Әр үйдің 
ауласындағы бау-бақшада жеміс ағаштары: алма, өрік, жидек
өсіріледі. 
Бағбан Алмабай атайдың бағы өте көрікті, ағашы қалың
көлеңкесі қою. Күннің көзі өтпейді. Шие ағаштары мен
қарақаттардың арасынан жол тауып өту бір тауқымет. 
Жер беті жасыл желекке бөленгенде, бауларды бұлбұл 
мекендейді. Түнге қарай жақ жаппай құбылта сайраған бұлбұл
әніне ауыл ұйып қалады. 
(67 сөз) 
ҚОЯН 
Қоян күнделікті әдеті бойынша үйшігіне қашып кіреді. Әркім 
артына түсе бергендіктен, ол қатты ыза болады. 
- Мен әркімнен бір сескенем. Менен ешкім қорықпайды. Бүйтіп 
жүргенше, суға түсіп өлгенім жақсы, - деп суға қарай жүгіре 
жөнеледі. 
Су бойында жатқан қойлар зымырай шыққан қояннан үркіп 
қалады. Оларға қарап, басқа қойлар да тас-талқан болып үрке 
жөнеледі. Сонда қоян ойланып: 
-
Менен де қорқатын хайуандар бар екен, - деп көңілі жай 
болады. Қайтадан үйшігіне оралады. 
(68 сөз) 
ҚЫЗЫР АТА КЕЛГЕН КҮН 
Бірде Қызыр ата дүниенің төрт бұрышын аралап жүріп, Қазақ 
еліне тап болыпты. Әне ел деп осыны айт. Жері қандай кең-байтақ 
болса, халқы да сондай дарқан. Шетінен мейірімді. Доспын дегенге 
құшағы айқара ашық. Ата дән риза болады. Әрине, Қызыр атаның 
жүрген жері қашан да молшылық. «Тойларың тойға ұлассын. 
Мейрамдарың көп болсын!» деп бата береді.
Қызыр ата келген күн жыл сайын мейрамға айналыпты. Оны 
өздерінше «Наурыз» деп атап алса керек.
(69 сөз) 
СУ ТОРҒАЙЫ 


 
- 22 - 
Қыстыгүні қатты аязда таудан аққан өзеннен бу шығып жатады. 
Екі жағаға көкпеңбек жалтыр мұз қатады. Өзеннің тек ортасы ғана 
мұзсыз. 
Осындай кезде шыр-шыр етіп мұз үстінде жорғалап торғай 
жүреді. Ол – қайқы құйрық, кішкентай қараторғай. Торғай шолп етіп 
ағынды суға сүңгіп кетеді. Оның мөлдір судың түбінде жорғалап, 
тастардың ара-арасын шұқылап жүргенін анық көруге болады. 
Бұл қандай ғажап құс! Бұл құсты су торғай дейді. Ол қысы-
жазы бірдей жемін су түбінен табады. 
(72 сөз) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет