Бастауыш сынып



Pdf көрінісі
бет12/54
Дата04.05.2023
өлшемі0,69 Mb.
#176089
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   54
Байланысты:
Оқу-техникасына-арналған-мәтіндер
1, ҚМЖ Математика мамыр (2), Мақала Қаныбек Нұрлыайым
3-
сынып І жарты жылдық 
 
БАЛАЛАР МЕН ҒАЛЫМ
Екі бала келе жатып, бір кітап тауып алыпты. Бірінші бала: 
-
Бұл кітап менікі, неге десең, мен сенен бұрын көрдім, - дейді. 
Екінші бала: 
-
Жоқ, бұл кітап менікі, неге десең, мен сенен бұрын жерден 
көтеріп алдым, - дейді.
Екі баланың таласының үстінен шыққан ғалым оларға: 
-
Сендер хат танисыңдар ма? – депті. Балалардың екеуі де 
шынын айтып: 
-
Жоқ, танымаймыз, - дейді. Сонда ғалым: 
-
Кітап сендерге не керек? Бұл кітапты мен алайын. Қай бұрын 
оқу білгенге беремін, - депті.
(71 сөз) 
 
 
ҮШ АРҚАР
Ертеде бір күні аңшылар иттерін ертіп, орманға аң аулауға 
аттанды. Олар осылайша із кесіп, ұзақ жүреді. Кенет бір алаңқайда 
алдарынан ғажайып көркем үш арқар шыға келеді. Иттер со арада 
тап береді. Арқарлар тұра қашады. Соңдарынан аңшылар шаба 
жөнеледі. Ақыры сиқырлы жануарлар көкке қарғып, жұлдыздар мен 
кометалардың ара-арасымен заулайды. Иттер де қалыспай, ілесе 
аспанға көтеріледі. Сол кезден бері олар арқарларды қуалап жүр 
деген аңыз бар. Халық арасында осы шоқжұлдыз Үшарқар таразы 
атауымен танымал. 
(73 сөз) 


 
- 23 - 
 
ЕКІ ДОС 
Серік пен Берік – тату дос. Олар үйлеріне келсе, Беріктің әкесі 
баласын тосып отыр екен. 
- Кел, балалар, - деді жұмысқа қамданып. – Күннің ашық кезінде 
бітіріп тастайық, шешең дәрігерге кетіп еді. Қап, кірпіш әперіп 
тұратын бір адамның жоқтығын қарашы! Әзірше өзіміз амалдай 
тұрайық. 
- Кірпіш әперетін кісі бар, әке, - деді Берік қасындағы баланы нұсқап. 
– Мына Серік көмектеседі. 
Абдолла ағай Серікке қарады. 
-
Мен көмектесейін, - деді Серік өз ниетін білдіріп. 
-
О, міне азамат! – деп қауынды Абдолла ағай. – Достар осындай 
болады! Рақмет. 
Ж.Мұсаев 
(75 сөз) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет