- 40 -
Монғолиядан
көшіп келген, оқушылармен танысып та үлгермеген
еді. Сәния ғана Алтыншашпен
танысқан. Оның үйінің жанындағы үйге көшіп келген.
Алтыншаштың қасына келіп:
-
Неғып тұрсың, жүр? – деп оқушылардың арасына алып келді.
Сәния Алтыншашты оқушыларға таныстырды. – Алыстан келген
бауырымыз. Бізбен бірге оқиды. Гүлдесте
жасап берейік, - деді.
Оқушылар келісе кетті. Әрқайсысы өздерінің гүлдестесінен бір-
бірден гүл алып берді. Сәния бәрін қосып, гүлдесте жасап еді, әп-
әдемі болып шыға келді. Бәрі Алтыншашты ортаға алып, Сәния
гүлдестені қолына ұстатты. Ол көңілденіп қуанып кетті.
Айса Хамзеұлы
(108 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: