Бастауыш сыныпта ана тілі пәнін оқыту барысында оқушылардың оқу-танымдық қызығушылығын дамыту. Мазмұны Кіріспе. І тарау



бет3/3
Дата08.07.2017
өлшемі0,71 Mb.
#20755
1   2   3

Күн суытады

Қазіргі кезде бастауыш сыныптарда сабақ түрлері мен әдістері көбейді. Ол сабақтарға сайыс сабағы, саяхат сабағы, ойын сабағы, т.б. Мұндай сабақтар оқушылардың есінде ұзақ сақталады, сонымен бірге көптеген мәлімет алады, ой-өрісі кеңейеді, ойлау қабілеті дамиды, сабақта белсенділігі, пәнге қызығушылығы артады.

Мысалы, сайыс сабағын өткенді қайталап пысықтағанда, саяхат сабығын танымдық қасиетті дамытуға, ойын сабағын жаңа тақырыпты түсіндіргенде немесе үй тапсырмасын сұрағанда жүргізуге болады.

Қазір әдіскер мұғалімдер сабақты тартымды, қызықты өткізу үшін сабақ тақырыбына сай көрнекі құралдар, дидиактикалық ойындар, сергіту жаттығулары мен музыкалық үзілістерді қолданып жүр. Бір сарынды сабақтар баланы жалықтырып, сабаққа ынтасын төмендетіп жібереді.

Мысалы, тіл дамыту сабақтарында ойналатын ойындар ңКім көп біледі?, ңСуретке қарап әңгіме құра, ңСөз ойла тез ойла т.б. ойындар ауызекі сөйлеуге төселдіріп, сөздік қорды молайтып, тіл дамытуға арналған.

ңКім тапқыр? Ойынын ана тілінен өткен сабақтарды қайталау мақсатында қолдануға болады. ´тілген тақырыптар бойынша үзінділер оқылады. Шарты мәтіннің атын табу және жалғастырып айту.

3 – сыныптың ана тілі пәнінен ңҚыс таруындағы Абайдың ңҚыс атты өлеңін өту барысында оқушыларды қыстың өзіне тән ерекше белгілерімен, қысқы табиғаттың тамаша көріністерімен таныстырып, қыста ауа райының қалай өзгеретіні, оған адам мен хайуанаттардың қалай бейімделетіні, адамдардың қысқы еңбегі мен хайуанаттардың тіршілік ерекшеліктері туралы мағлұмат беру маңызды. Сонымен бірге оқушылардың өздеріне қатысты мәселелер төңірегінде (қысқы ойындары, олардың Жаңа жыл мерекесін өткізуі, қоғамдық пайдалы еңбектері және т.б.) әңгіме жүргізу олардың көңілдерін көтеріп, сабаққа психологиялық дайындық жүргізілу қажет.

Бұл өлеңді өту кезінде оқушыларды әсерлендіріп, қызығушылық қабілеттерін арттыру мақсатында мынадай әдісті қолдану тиімді.

ңСөзбен сурет салуң. Сөзбен сурет салу үшін бірінші шумақ бойынша мынадай сұрақтарды қамтитын жоспар жасалады:


  1. Шалдың киімі қандай? (аппақ).

  2. Денесі, түрі қандай? (денесі ұзын, ақ сақалды).

  3. Мінезі қандай? (мінезі қатал, ештеңені көрмейтін, соқыр адам сияқты).

  4. Үсті қандай? (үстін ақ қырау, мұз басқан, сондықтан жүргенде сықырлайды).

Осы айтқандарыңды көз алдырыңа келтеріңдер. Қыстың қатал көрінісі немесе сұсты Аяз ата елестейді. Егер сендер суретші болсаңдар осы көріністі қалай салар едіңдер деп, оқушыларға ауызша ңсөзбен сурет салғызадың.

Шығармашылық жұмыс.

ңЖазық, орман даланы, ауыл көрінісін көз алдырыңа елестетіңдерң деп әр қатарға жеке тапсырма беріледі:

1-қатарға жазық даланы, 2-қатарға орманды даланы, 3-қатарға ауыл көрінісін әңгімелеп беруі тиіс. Мұғалім: ңЖер аппақ, теп-тегіс, ағаштар көрпе жамылғандай, бүкіл орман тыныштықтаң дей келіп, осы айтқандарын көз алдарына 1-2 минут балалардың көздерін жұмғызып, елестетуді ұсынады. Осыдан кейін біртіндеп көздерін ашқызып, ңәне қоян көрінді, аю қозғалды, түлкі жүгірді, құстардың даусы естілді, орман жәндіктерініңі тіршілігі басталдың деп, балалаларға түрлі елестер беру арқылы оларға Эмоционалдық әсер бере оқыту оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншелегін, сабаққа деген ынтасын арттырады.

Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыруда сабақ барысында мәтін мазмұнынна сәйкес проблемалық сұрақ қойып отыру тиімді. Мысалы: орыс жазушысы В.Сухомлинскийдің ңАқ шашң әңгімесін өту кезінде әңгіме екйіпкері Мишадан оқушыларға хат келеді. Хатта былай делінеді:

ңСәлеметсіңдер ме балалар? Сабақтарың қалай? Маған сендердің көмектерің қажет болып тұр. Маған көмектесіңдерші! Мен мамамның шашын ағартпас үшін, оның жүрегін ауыртпас үшін не істеуім керек?ң деп аяқтайды хатын Миша. Хатты бір оқушы алып оқиды. Қалғандары Мишаның сұрағына жауап беріп, өз пікірлерін білдіреді және бұл тапсырманы үйде жазып келуге тапсыруға болады.

Балалардың қиялын, ой-өрісін дамытып, сөздік қорын молайту үшін әрі ынты-ықыласын артт ыру үшін ңҚиялдауң ойынын ойнатуға болады. Мысалы, Тұманбай Молдағалиевтың, МұзаОар әләмбаевтардың мамандыққа байланысты өлеңдерін оқыту барысында


  • Егер сен дәрігер болсаң не істер едің?

  • Егер сен мұғалім, инженер, жазушы, ғарышкер болсаң не істер едің? - деген тірізді сұрақтарға оқушылардан жауап ала отырып, әр мамандық иесінің орнына өздерін қойып, олардың ерекшеліктерін жете меңгерту көзделеді.

Сонымен қатар ұлттық-дидактикалық ойындардың да оқыту мен тәрбиеде алатын орны ерекше. ңКеруенң ойыны:

Мақсаты: Баалалардың ойлау шапшаңдығын қалыптастыру, зеректігін, байқағыштығын арттыру.

Мазмұны: Тізбектелген түйенің қатарын ңкеруенң деп түсінеміз. Әр түйеде тақырыпқа байланысты сұрақтар жазылады. ңСоңғы түйенің жүгі ауырң деген мақалды пайдалана отырып, соңғы бала күрделірек тапсырманы орындап шығады.

Балалардың ішкі жан дүниесінің рухани баюын қамтамасыз ету, яғни жаман, жиіркенішті нәрседен өзін тежей білу – табандылық, төзімділік, өз ішкі сезімін қажетсіз нәрседен шектей білу, баланың өз түйсігінің жақсы жақтарын дамытып, жақсылыққа ынталандыру арқылы рухани мәдениетті азаматты тәрбиелеу үшін мынадай оқыту әдістерін ұсынар едім:

µлттық тәжірибелер мен тағылымдардан туған бай қазына, өшпес өнеге, тәрбие өрнектері, ертегілер, жырлар, аңыздар, жұмбақ-жаңылтпаштар, ұлттық салт-дәстүрлер, рәсімдер, үлгі-өнегелер халықтың құнды мұрасы – тәлім-тәрбиенің баға жетпес қайнар көзі.

Бастауыш сыныртарда ертегі, аңыз, әңгіме оқытудың және сабақ тақырыбына байланысты мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылтпаш пайдаланудың маңызы зор. Баланы қызықтырады, баланы оқи отырып, тыңдай білуге үйретеді. Қиялын дамытып, адамгершілікке тәрбиелейді, тілін ширатып, жан-дүниесін, мінез-құлқын қалыптастырады. Мысалы, 3-сыныпта ана тілін оқыту барысында мақал-мәтелдермен мынадай жұмыс түрлерін жасауға болады.



  1. Тақырып мазмұнына сай мақал-мәтелдер айтқызу, оны өз сөзімен, ойымен дәлелдету.

  2. Көрініске, табиғатқа, суретке қарап тұрып мақал айту + салу керек.

  3. Мақал-мәтелдер айтысы.

  4. Мақал-мәтелдерге сай оқиға ойластыру.

Мысалы: ңМал - баққанға бітедің.

Асанға атасы базардан бұзау сатып алып берді. Бұзауы сүйкімді, әрі момақан. Асан бұзауына шөп орып, су беруге ерінбейтін. Ербол оған қатты қызықты. Бірақ ол ойынды, сотқарлықты жақсы көретін.Бір күні көршісі Ерболға да ата-анасы бұзау сатып алды. Ербол бірнеше күн бұзауына қарап жүрді, бірақ шөп орып беруге ерініп, ойынға қызығып кетіп қалатын. Суды да уақтылы бермейтін. Бір күні бұзауы ауырып өліп қалады. ңМал –баққанға ғана бітедің-деген осы емес пе?

Оқушыладың ана тілі пәніне қызығушылығын арттырудың бір түрі – көркем әдебиетті үнемі оқып отыруға әдеттендіру. Оқушы ана тілі пәніне көңіл бөлмей, ол бойынша үйге берілген тапсырманы да орындамайтын болса, мұндай жағдайда, оқушыларға көптеген ертігі, немесе әңгіме оқып беріп, сонан соң өздеріне ертегі немесе қысқа мәтіндер оқып келу ұсынылады және олардың ішінен біреуі туралы хабарлама дайындау тапсырылады. Ослай оқушылардың ана тілі пәніне ықыласы бірте-бірте арта береді.

Балалардың кітапқа деген құмарлығын арттыру үшін ңКітап әлеміне саяхатң атты көрме ұйымдастыруға болады. Мұғалім суретті кітаптарды көрсетіп, әңгімелерді мәнерлеп оқиды. Балалар әңігімеден алған әсерлері бойынша сурет салады. Осындай суреттерден көрме ұйымдастыруға болады.

Оқушылардың нана тіліне деген ынтасын арттырып, оны дамыту көптеген әдістемелік жұмыстардың нәтижесінде ғана іске асады. Соның ішінде сабақтың қызық өтуін қамтамасыз ететін бір әдіс – дидактикалық ойындар.

Дидактикалық ойындар – көп салалы, күрделі педагогикалық құбылыс. Оны балаларды оқыту әдістерінің бірі, оларды жан-жақты тәрбиелейтін құралдардың бірі деп айтуға болады.

Дидактикалық ойын оқыту процесінде мынадай екі мақсатта қолданылады: оқу (танымдық) мақсатта, екіншісі - ойын ойнау мақсатында.

Мұғалім өзі де ойынға қатысады, баланы үйретеді. Бала ойнай отырып, үйренеді.

Бастауыш сыныпта ана тілі сабақтарында дидактикалық ойындарды жаңа тақырыпты түсіндіру барысында, қайталау, пысықтау, жаттығу сабақтарында да пайдалануға болады. Бастауыш сынып оқушылары әлі де ойын баласы, сондықтан мұғалім оларды жалықтырмай әр түрлі ойын түрлерімен сабақты қызықты өткізуге тырысуы қажет.

Дидактикалық ойындар оқушылардың ой-өрісін дамытып, ойлау қабілетін арттырумен қатар, үйретілген, өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгеруге үлкен әсер етеді. Ойындар оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін жетілдірумен қатар, сөздік қорларын молайтып, сауатты жазуға баулиды. Ойын оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз байланыста жүргізілгенде ғана дұрыс нәтижелер берері сөзсіз.

Тақырапқа сай жүргізілген ойын түрлері ойын Элементтері оқушының ойлау белсенділігін арттырады. Сондықтан мұғалім әр сабақта дидактикалық ойын түрлерін орнымен қолданса, оқушының ынтасын арттыра отырып, пәнге деген қызығушылығын, білімі мен ынтасын, сол пәнге деген сүйіспеншілігін арттырады.

´тілетін тақырып бойынша әр түрлі ойын түрлерін жүргізуден басқа өлең, тақпақ, жаңылтпаш, жұмбақ, мақал-мәтелдерді қолдану, түрлі дидактикалық материалдарды пайдалану оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырады.

Ана тілі сабақтарынад мынадай ойын түрлерін жүргізуге болады: ңКім көп біледі?ң ойын тәртібі бойынша мұғалім және оқушының алдында санағыш жатады. Берілген тапсырмаға сәйкес дұрыс жауап берген бала таяқшаларды қорапқа салып отырады.

А н а т і л і (3-сынып)

Сабақтың тақырыбы: Қанағат қарын тойғызар. (Ел аузынан)



Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларға мәтін мазмүнын таныстыру және оның негізгі идеясын ұғындыру. Олардың сөздік қорын молайту, тілін дамыту.

ә) дамытушылық: 1. Оқушылардың кейіпкерлер бейнесін талдау арқылы қарапайым мінездеме беру дағдыларын жетілдіру.

  1. Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.

б) тәрбиелік: Оқушыларды ақылды, қайратты, қанағатшыл және еңбекқор болуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа байланысты суреттер, тірек сөздер жазылған қағаз.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, пікірлесу.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сабақтың барысы:


  1. µйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу, олардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ.Жаңа сабақты түсіндіру.

  • Балалар, біз бүгін ңҚанағат қарын тойғызарң атты жаңа тақырыппен танысамыз.

  • Ертеде бір оқымысты болыпты. Ол барлық халықтың, жан-жануарлар, жәндік, өсімдіктің тілін біледі екен.

Бір күні ғұлама бақ ішінде келе жатып, құмырсқаның илеуіне тап болады. Әлгі адам бір құмырсқаны ұстап алады да:

  • Сенің басың неге үлкен?

  • Ақылым көп.

  • Құйрығың неге үлкен?

  • Қайратым көп.

  • Ал белің неге жіңішке?

  • Қанағатым көп, - дейді құмырсқа.

  • Егер саған бір бидайдың дәнін берсем, қаншаға жеткізер едің? – дейді.

  • Бір жылға жеткізер едім, - депті құмырсқа.

Оқымысты құмырсқаны сауытқа салап, қасына бидайдың бір дәнін қояды.

Бір жыл өткен соң сауытты алыпқараса, құ мырсқа бидайдың жартысын ғана жепті.



  • ңБір дән маған бір жылға жетедің, - деп едің, жыл өтті, ал сен жартысын ғана жепсің. Оның қалай? – деп сұрайды оқымысты.

  • Иә. Ол дәнді бір жылда жеп бітірсем, қазір менің халім әлдде қайда жақсы болған болар еді. Бірақ сен бір жылдан кейін мені босатуды ұмытып кетсең, мен бостан-босқа ашташ өлген болар едім. Сол себепті, бір жыл бойы жарты дәнді қанағат қылдым, - дейді.

  • Егер босатуды ұмытып кетсем, қалған жарты дәнді қанша уақытқа жеткізген болар едің?

  • Төрт-бес жылға жеткізген болар едім, - депті құмырсқа.

ІV. Сергіту сәті.

V. 1. Мәтінді мәнерлеп оқыту

  1. Ролге бөліп оқыту.

  2. Автор.

  3. Құмырсқа.

  4. Оқымысты.

VІ. Жаңа сабақты бекіту.

А) Қызығушылықты ояту.

Әр топқа тапсырмалар беру.

1 – топ. “Құмырсқа туралы мәтін жаз.

Бір күні келе жатып, бір топ құмырсқаның дән, құрт т.б. тасып келе жатқанын көрдім. Олар тасыған заттарын илеуінің ішіне кіргізіп, тысқа қайта шықты.


2 – топ. “Құмырсқа туралы білгенін еске түсіру”

Құмырсқа – еңбекқор. ´зі кішкене болғанымен өзінен ауыр затты көтереді.


3 – топ. Ассоцициялау.

топырақ аяғы қара

басы құмырсқа құйрығы

илеу белі мұрты


Мәтін туралы тапсырма беру.

1 – топ. Тірек сөздермен әңгіме құрау.

Оқымысты, құмырсқа, илеу, ақыл, бидай.

2 – топ. Сөйлемді ретімен құрастыр.

Оқымысты құмырсқаны сауытқа салып, қасына бидайдың бір дәнін қояды. Ертеде бір оқымысты болыпты. ±ұлама бақ ішінде келе жатып, құмырсқаның илеуіне тап болады.

3 – топ. Суретпен жұмыс.

Суреттерді ретімен қойып әңгіме құрау.

Қызықты оқиға.

Кеннеттен құмырсқаға айналып кеттім деп ойла да, қызықты бір оқиға жаз.

Мен ойламаған жерден құмырсқа болып кеттім. Алдымен ін қазып алар едім. Содан соң тыным таппай дән жинап қысқа дайындалар едім.

VІІ. Жаңа сабақты қорытындылау.

Дискуссиялық жұмыс.



  • Оқымысты құмырсқаны сауытқа салып бір жыл бойы қамап қоюы дұрыс па?

  • Иә.

  • Дұрыс, себебі ғұлама құмырсқаның қанағатын зерттеу арқылы оның ақылды, қайратты, үнемшіл, қанағтшыл екенін білді.

  • Дұрыс емес, себебі құмырсқа – еңбекқор. Талай жұмысынан қалды. Оны бір жыл бойы қамап қою обал.

VІІІ. Оқушылар білімін бағалау.

ІХ. Үйге тапсырма беру.

Құмырсқаның “Қанағат қарын тойғызар” әңгімесін мәнерлеп оқып, түсінігін айту және суретін салып келу.


Сабақтың тақырыбы: Егінші мен қасқыр (литван ертегісі).

Сабақтың мақсаты: а) білімділік:

Оқушыларға ертегі мазмұнын меңгерту.



ә) дамытушылық:

Оқушылаға бағыт-бағдар бере лтырып, өздіктерінен жұмыс істету, ой-өрістерін дамыта отырып, өздіктерінен қортынды шығаруға машықтандыру және оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттыру.



б) тәрбиелік:

Оқушыларды еңбексүйгіштікке, мейірімділікке тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлауын дамыту технологиясы.

Сабақтың көркемділігі: ребус, қима қағаздар, суреттер, үлестірмелі парақшалар.

Сабақтың жоспары:

  1. Психологиялық дайындық.

  2. Үйтапсырмасын тексеру.

  3. Ой ашар. Жаңа сабақ.

  4. Ой қозғау:

  • мәтінді оқу.

  • өзіндік жұмыс.

  • сөздікпен жұмыс.

  • топпен жұмыс.

  1. Ой толғаныс.

  • сабақты қорыту.

  1. Ойын ойнату.

  2. Үй тапсырмасы.

  3. Бағалау.


Сабақтың барысы.

  1. Психологиялық дайындық.

Оқушылармен сәлемдесу, оқу құралдарын даярлату. Оқушылардың зейінін сабаққа аударып, жігерлендіру үшін мына өлең жолдарын айтқызудан бастадым.

Кел балалар ойнайық,

Ойнайық та ойлайық.

Қандай сұрақ болса да

Шешпей оны қоймайық.


  • Балалар қазір қандай мезгіл?

  • Күз мезгілі.

  • Күзде қандай жеміс-жидектер піседі? Оларға нелер жатады?

  • Ал дәнді дақылдай қай кезде піседі? Оларға нелер жатады?

  • Олай болса біз өз топтарымызды осы дәнді дақылдармен тайық.

“Бидай”, “жүгері”, “тары”, “күріш”, “арпа”.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.

“Шегіртпе мен құмырсқа” мысалы. Әр топтан бір-бір оқушы оқиды.

  • Шегіртке жазды қалай өткізді?

  • Ол құмырсқаға неге келді?

  • Құмырсқа шегірткеге не деді?

  • Мысалды сахналау.

ІІІ. Ой ашар. Жаңа сабақ.

“Ребус” шешу. Жауабы “Егінші мен қасқыр”



  • Біздің бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы “Егінші мен қасқыр” екен. Бұл литван ертегісі. Балалар, ертегі дегеніміз не, кім айтады?

  • Ертегі дегеніміз шындық өмірге сүйене отырып, адамдардың ой-қиялынан туған оқиға.

  • Балалар, литван халқын біліміз бе?

  • Литван халқы, қазақ, өзбек сияқты бұл да бір ұлт. Оларда Европада өмір сүреді. Кейбір ертегілер ауыздан ауызға беріліп, неше жыл бойы өмір сүреді. Сондықтан оның авторы ұмытылып кетеді. Сөйтіп оны халық ертегісі деп атап кетеді. Солардың бірі бүгінгі литван ертегісі.

- Ертегіні оқып беремін.

- Түсіндіремін.

- Тізбектей дауыстап оқытамын.

- Сұрақтар қоямын.

- Адам қандай кәсіппен айналысады?

- Ол қасқырмен не жайында әңгімелеседі?



  • Егіншінің кәсібі қасқырға неліктен ұнамады?

Ролге бөліп оқыту.

Сөздік жұмыс.

Диірмен – бидайды ұнтақтайтын құрал.

Кәсіп – айналысатын іс.

Сергіту сәті.

Егін шығып жайқалды

Желмен бірге шайқалды.

Уақыт бізді күтпейді

Орып алам егінді.

Топпен жұмыс.


  • Тапсырмалар беру.

“Бидай” тобы – егіншіге мінездеме беру.

Егінші – еңбекқор.

мейірімді.

“Жүгері” тобы - қасқырға мініздеме беру.

Қасқыр – жалқау

шыдамсыз.

“Тары” тобы - қима қағаздармен мақал құрастыру, мағынасын ашу.

“Еңбек етсең ерінбей

Тояды қарның тіленбей”.

“Еңбектің наны тәтті

Жалқаудың жаны тәтті”.

“Күріш” тобы – нанның қалай дайын болтыны жайлы шағын әңгіме жазу.



“Арпа” тобы – нан туралы, еңбек туралы, күз туралы өлең шығару, жұмбақ, мақал-мәтел айту.

  1. Сабақты қорыту.

“Бидай өсіру” ойыны.

  • Балалар, қараңдаршы егіншінің бидайы қандай жайқалып өсіп тұр. Біз де еңбек етіп осындай бидай өсіре аламыз ба?

  • Қане онда “бидай өсіру” ойынын ойнайық. Қай топтың бидайы жақсы өседі екен. Ол үшін біз әр бидайдың артындағы сұрақтарға жауап беруіміз қажет.

  1. Егінші мен қасқыр не жайлы сөйлесті?

  2. Қасқыр неліктен егіншілікпен айналысқысы келмеді?

  3. Нан қалай дайындалады екен?

  4. Еңбек туралы мақал айт.

  5. Мақадың мағынасын түсіндір.

  6. Жұмбақты шеш.

  7. Бидайдандайындалған тағамдарды ата.

  1. Үйге тапсырма беру.

Ертегіні түсініп оқу.

  1. Бағалау.

Оқушылардың білім дәрежесіне қарай бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет