«Бастауыш сыныпта ақпаратты коммуникативті технологиясын пайдаланудың тиімділігі» «Қанша білсең, ізден тағы, тағы да, білікті адам жетер тілек, бағына»



Дата08.02.2022
өлшемі23,66 Kb.
#123276
Байланысты:
Кусанова А


«Бастауыш сыныпта ақпаратты коммуникативті технологиясын пайдаланудың тиімділігі»
«Қанша білсең, ізден тағы, тағы да, білікті адам жетер тілек, бағына» деген ғұлама Баласағұнның сөздері менің өмірлік қағидам. Ұлы педагог Ушинский: «Мұғалім білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, іздеуді тоқтатса, мұғалімдігі де жойылады» деген болатын. Сондықтан әр бір мұғалім күнделікті сабағына өмір талабына сай дайындалып ақпараттық – коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалануы тиіс. Ол заман талабы.Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында «Білім беру жүйесінің басты – міндеті ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желіге шығу делінген.
Бүгінгі таңда білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибесіне сынап қараудың маңызы зор.
Инновациялық білім беру құралдарына:
аудио-видео құралдар
компьютер
интерактивті тақта
интернет
компьютер – мультимедaялық құрал
электрондық оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешен инновациялық сайт және тағы басқалары жатады бұны бір сөзбен айтқанда оқу үрдісінде немесе сабақтарда ақпараттық – коммуникациялық технологияларды пайдалану деп атауға болады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Сондықтан оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологиясы-білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау, білімді қабылдау, білім сапасын бағалауы, оқу тәрбиесі үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін бойында ақпараттық мәдениетті, сауатты адам-ақпараттың қажет кезін сезіну, оны табу, бағалау және тиімді қолдану қабілетін арттыру керек. Осыған орай ақпараттық заманда өмір сүретін адам өзін-өзі шектей білетін негізгі нормалар мен ережелерді игеруі тиіс. 
Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Мультимедиялық оқулықтар біріншіден оқушылардың қызығушылығын арттырады, екіншіден зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге, тыңдауға және алған мағлұматты нақтылауға мүмкіндік береді, сонымен қатар оқушының білім алу кезеңінде оқу іс-әрекетіне белсенділігін арттыра түседі. Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттердің біріне айналды.
Қазақстан Республикасының «Білім» туралы Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр.
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың педагогикалық әдістемелік негіздері қалыптасу үстінде. Оқу процесінде оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын тиімді пайдалану және қолдану айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ, оқушылардың өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр.
Білім – болашақ бағдары, кез-келген оқу орынның басты міндеттерінің бірі – жеке тұлғаның құзіреттілігін дамыту. Ақпараттық құзыреттілік – бұл жеке тұлғаның әртүрлі ақпаратты қабылдау, табу, сақтау, оны жүзеге асыру және ақпараттық – коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін жан-жақты қолдану қабілеті. Ол – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, білік, дағдыны тәжірибеде қолдана алу қабілеті болып табылатын жаңа сапа.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру мен ақпараттық- коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану оқушының өз мамандығына қызығушылығы мен мамандық сапасын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда қоғамның даму жолдарын анықтайтыны сөзсіз.
АКТ-ны оқу-тәрбие үрдісінде қолдану оқушының қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырады. Өз сабақтарымда АКТ пайдалану арқылы оқушылардың жаңа ойларын, әсерлі идеяларын тартымды етіп көрсететіндігін аңғардым. Жаңа материалдарды бірігіп талдауда да маңызы зор болды. Бұл оқушы және оқытушы жаңа ақпараттарды жеңіл түрлендіреді, жаңа нысандарды жасауға және жылжыту тиімділігіне жетеді. Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.
Ақпараттық технологияларды педогогикалық тұрғыдан дұрыс пайдалана білу оқушының сабаққа деген қызығушылығы артып, сабаққа деген ынтасы оянады, өз бетімен жұмыс істеуге, дебат ұйымдатыруға, проблемалық сұрақтарға жауап беруге, өмірмен байланыстыруға еркін де кең мүмкіндік береді.
Ал, оқытушы үшін де маңызы өте зор, ол мына жетістіктермен ерекшеленді: мұғалім үздіксіз ізденіс үстінде жүреді, жеке тұлғаны қалыптастырудағы жауапкершілігі артады, инновациялық технологияларды қолдану іскерлігі, әдіс- тәсілі артады, жас мамандардың қызығушылығын туындатады, интернетке кіру жүйесі арқылы әлемдік деңгейде іс - тәжірибе алмасуды қалыптастырады және оқытудың түрлі әдіс тәсілдерін игеруге қолы жетеді, оқытушының сабақты қызықты, жүйелі түрлендіріп өткізуге машықтанады.
Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс.
Ұлы педагог Ушинский: «Бала балқытылған алтын, оны қандай қалыпқа салып құям десе де мұғалімнің қолында» дегені әр ұстазға қойылар үлкен сын деп ұғамын, ал ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру оң ықпалын беріп отыр.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор деп білемін.
Қазіргі заман талабы оқушыларды бастауыш сыныптан бастап, ақпаратты коммуникативті технологиясын пайдаланудың тиімділігімен таныстыру керек. Ол үшін ұстаз компьютерлік технологияларды жетік меңгеруі керек.Әрбір мұғалім компьютерлік технологияларды пайдалану үрдісін тұтас қарастыруға үйреніп, сан-алуан байланыстарды, бәлкім, «сәтсіздіктің» және т.б.себептерін ашуға ұмтылады.Бастауыш сыныптарда ақпаратты коммуникативті технологияны пайдаланбас бұрын оқушыларға компьютердің құрамдас бөліктерінің дұрыс атауларын жатқа білу және оларды қалай қолдану керек екендігін үйрету керек. Компьютердің алдымен бес құрамдас бөліктерімен таныстыру. Монитор, пернетақта,тышқан манипуляторы,жүйелік блок,басылымға беру құрылысы т.б.бөліктері туралы ақпарат беру.Осы аталған бес бөліктің қандай қызмет атқаратыны туралы оқушыларға түсінік беру.Бастауыш сыныпта ақпартты коммуника-тивті технологиясын пайдаланудың тиімділігі әсіресе бейнелеу өнері пәні,еңбекке баулу пәні сабақтарында оқушылардың жұмыс жасауына өте тиімді әртүрлі бейнедегі суреттерді,графиктік сызбаларды бояй отырып та басып бере алады және уақытты үнемдеуге мүмкіншілік береді.Ана тілі,қазақ тілі,дүниетану пәндері үшін тест жұмыстарын орындау барысында оқушылар уақытын үнемдеуге өте тиімді. АКТ бастауыш сыныптарда қайталау сабағында, өзін-өзі тексеру барысында, тест жұмыстарын жүргізуде үйден оқулықта берілген тапсырмаларды өздері жазып-сызып дайындап ақ қағаз бетіне шығарып келеді де,тек жауаптарына ойлануына мүмкіндік туғызады. Мысалы сурет,еңбек сабағында геометриялық фигуралардан үй,құстың ұясы т.б.тапсырмаларды орындау керек болса,бала оны сызып жатпай дайын түрде фигураларды ақ қағаз бетіне түсіріп алуына мүмкіндік туғызады.Компьютер арқылы ақ қағазға дайындап шығарып келеді де,бояу,қию жұмыстарын аяқтап тиісті бағасын алады.АКТ бастауыш сыныптарда үнемі пайдалана бермейді бала үшін зиянды жақтарында мұғалімнің ескергені жөн. Заман талабына сай ашық сабақтар беру барысында көрнекіліктерді интерактивті тақтамен көрсетуге тиімді.Мұғаліммен оқушының арасындағы жұмысын жеңілдетіп,баланың ойлануына,көзбен көріп,қолмен ұстап нәтижеге жетеді.Баланың сауатты жазуына көмегін береді.Жіберген қатесін көзбен көріп,қолмен жазып түзете білуге үйретеді.Мен өз сыныбымда АКТ тиімді пайдалана отырып,көптеген нәтижеге,жетістіктерге қол жеткіздім

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет