Бастауыш сыныптарда математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар. Сыныптан тыс жұмыс түрлері


сынып. Математикалық санамақтар



бет5/15
Дата16.01.2022
өлшемі0,58 Mb.
#112384
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
сыныптан тыс
4 математика3 тоқсан, kahot, КАК ЗАПУСТИТЬ СВОЙ STARTU1, ЭЛЕКТРОННАЯ ЦИФРОВАЯ ПОДПИСЬ И СЕРТИФИКА1, Тапсымалар вирус, f60423376f3107, Алгоритм қасиеттері1, Бастауыш сыныптағы математика сабағында оқытудың əртүрлі əді1, Оқу үрдісінде электронды оқулықты қолдану технологиясының ерекшеліктер1, жоспары
1 сынып.

Математикалық санамақтар.

1. Мамам, папам екеуі,
Үш ұл, тоғыз немере.
Неше шеге жетеді
Киім ілсек шегеге?
2. Шөбі шалғын еңісте,
Жайылып жүр өрісте –
Әңгі есек – жеке,
Екі теке,
Үш түйе,
Төрт бие,
Бес қошқар,
Сиыр – алты,
Барлығы қанша жалпы? (Барлығы 21)
3. Қанша бала?
Бір топ бала тоғаннан,
Он бес балық ұстадық.
Бөліскенде, олардан,
Тиді әркімге үш балық.
Айтыңдаршы, ал енді,
Бала саны қанша еді? (5 бала)
4. Неше қаз?
Көлде ұшты жеті қаз,
Қайта қонды үшеуі.
Ұшып кетті нешеуі? (4 қаз)
5. Қанша жаңғақ?
Жанқалтамда әуелі,
Он үш жаңғақ бар еді.
Науат пенен Маратқа,
Самат пенен Қанатқа,
Апасына Қанаттың,
Екі – екіден тараттым.
Қанша жаңғақ қалғанын
Айта қойшы, ал жаным? (3 жаңғақ)
6. Қанша кісі?
Атам, әжем, ағаммен,
Әкем, інім және мен,
Анам және енесі,Енесінің бөлесі –
Шешіңдерші қанеки,
Отыр едік шай ішіп.

Жеңгем кірді майысып,
Арқасында кіші інім,

Саны қанша, айта ғой,
Үйдегі бар кісінің? (10 кісі)

7. Қалтам қанша?
Өзімде бар сан қалта,
Шалбарда екі жан қалта,
Арт жағында қос қалта,

Жейдеде екі төс қалта,
Пиджакта екі іш қалта
Және екі тыс қалта,
Бір төс қалта және бар,
Сонда есепте,
Кәне, ал,
Менің неше қалтам бар? (11)
8 Ақ қалпақ, көк қалпақ!
Барлығы – алты қалпақ.
Ақ қалпақ бесеу болды,
Көк қалпақ нешеу болды? (1)
9. Бір - бірімен жарысқан
Төрт аю, бір арыстан,
Екі қоян, бір түлкі –
Бәрі нешеу, кім білді? (8)

10. Бес бұтақты ағашта –
Бұтақ сайын бес алма.
Біреуін бер Азатқа,
Сонда қалмақ неше алма?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет