Бастауыш сыныптарда математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар. Сыныптан тыс жұмыс түрлері


ІІ сынып. Математикалық ойын есептер



бет9/15
Дата16.01.2022
өлшемі0,58 Mb.
#112384
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
сыныптан тыс

ІІ сынып.

Математикалық ойын есептер.

1«Торғай нешеу?»


Талдан ұшты көп торғай,
Емес бірақ көп торғай.
Алдында оның бастаушы,
Артында оның қостаушы.
Және тағы қарасақ,
Қайта оны санасақ,
Соңында біреу қап келді,
Алдында төртеу, топ келді,
Үшеуі қатар жарысқан,
Түзіліп үшеу қалыспан.
Ойың жүйрік болса егер,
Торғай нешеу, есепкер

(Бес торғай)
2 Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (30 қаз)

3. 6 аламаның 2-ін
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады. (4)


4.Аулада 60 үйрек,
Қорада 20 үйрек,
10 үйрек тығылды
10 үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек? (70 үйрек)

5.11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы? (24)


6.Табақта 55 алма
Қолымда 5 алма
Барлығын қосқанда
Болады неше алма? (60 алма)

7.Қолымда 55 алма
5-ін бердім апама,
5-ін бердім атама,
Нешеуі қалды өзімде? (45 алма)

8.100 асықтың 30-ын,
Досым сұрап алды
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолымда қалады. (70 асық)

9 .Биік терек алда тұр,
Басында көп алма тұр.
Бұтақ сайын бес алма

Бес бұтақта неше алма?
Кәне, ойлап бағайық,
Шешімін тез табайық!
(Алма теректе өспейді)

10. Аулада – бес үйрек,
Қорада – үш үйрек.
Су іздеп балпаңдап,
Жөнелді екі үйрек.
Қора мен аулада
Санашы неше үйрек?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет