Математикалық ребустар.
Математикалық жұмбақ «Бұл не?»
1 Жоқ өзінде бас та,
Қас та,
Мойын да.
Ұзындығы жазулы түр бойында. (Сызғыш)
2 Алпыс төрт тең бөлмеде
Отыз екі тұрғын бар:
Ақ, қара қып бөлгенде
Бірін-бірі қуғындар.
Ханы үшін де, жаны үшін де
Бермейді ойлар намысын. (Шахмат)
3 Жиырма төрт батыр,
Бірін-бірі жеп жатыр (Дойбы)
4 Екі аяқты бір ізді,
Үстіне адам мінгізді. (Велосипед)
5 Тышқаннан басқа батпаған,
Бір шланг, төрт баған. (Піл)
6 Мың найзалы жалғыз батыр
Жауларына алғызбай тұр. (Кірпі)
7 Жүз төрт түйме,
Он бір ине. (Есеп шот)
8 Қатар жазып саусақты,
Түйістір екі бармақты.
Екі қолдың арасы,
Қандай әріп қарашы? (М)
9 Төрт әріптен тұрамын,
Түрлі сөзді құрамын.
Т-ны кесіп тастасаң,
Биігірек жер болам.
Қайта ойланып қарасаң,
Сый-құрметі — төр болам.
Жарты Т-дан бастасаң
Лаулап жанған от болам.
Бұл қай сөз? Төрт)
10 Тұрады жоқты сұрап. (Икс)
ІV сынып.
Логикалық жаттығулар
1.Үш ағайынды. Арман, Аян, Абзал ағайынды үшеуі әр түрлі сыныпта оқиды. Абзал Арманнан, ал Аян Абзалдан кіші емес. Бұл үйдің үлкені, ортаншысы, кішісі кім? (Ең үлкені Аяң, ең кішісі Арман, ортаншысы Абзал).
2. Қай сан жасырынып тұр? Жауабы:1)10-9=1 2. 100-99=1
3. 13. 15 Екі санды салыстыр. Екі санның ұқсас белгілерін ата. Екі санның бір-бірінен айырмашылығын ата. (Жауабы:Екеуі де екі таңбалы, ондықтары бірдей.ЕКі санның бірліктері әр түрлі, 13,15.)
4.Қызықты шаршылар .Шаршыладың бос торкөзіне сандарды таңдап қою керек.Мұнда кез келген бағытта орналасқан үш санның қосындысы қандый да бір алдын ала берілген сан болуы керек.15саны
5 Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді? (Ж а у а б ы: Нөл.)
6 Көшедегі өткелді жолақтап ақпен бояп қояды. Егер олардың арасында 30 боялмаған жолақ болса, ақ жолақтар саны қанша болғаны? (Ж а у а б ы: Отыз бір.)
7 Неше машина керек? Әр машина 5 тонна жүк көтерсе, 20 тонна 200 кг жүкті тасу үшін неше машина керек? (Ж а у а б ы: 5 машина, себебі 4 машинаға жук сыймайды.)
8 Үш пар ат 30 км шапса, әр ат неше км шабады?
9 . 66 санын ешбір амал қолданбай оны жартысына арттыру керек.Е с к е р т у. 66 саны карточкаға алдын ала жазылады.(Ж а у а б ы: 66-ны 99 шығатындай етіп аударып көрсету керек.)
10 Екі жарым килограмм ет екі жарым сағатта піссе, жарты килограмм ет неше сағатта піседі?
Кім тапқыр?
«Ұрылар саны қанша?» ойыны
Заманда сонау алыс бұрынғы өткен
Панасыз, қамқорсыздың күнін кешкен
Жалғыз сиыр, қараша үй айдалада
Бір кемпір жұртта қалды елдің көшкен
Оқшау үйді топ ұры байқап қалды
Ұрлау, тонау кәсібі ойға оралды
Жақын келіп байқастап, жиі-сұмдар
Үйден шығар дыбысқа құлақ салды
Бұл ісін ұрылардың кемпір сезді.
Неде болса тәуекел жұмды көзді
Суды сүтше сапырып, өлеңдетіп
Сонда былай айтыпты мына сөзді
Сапырып-сапырып Сарманға бер
Құйып-құйып Құрманға бер
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іш, өзіңнен соң маған бер!
Мұны естіген ұрылардың құты қашты.
«Бес есе бізден көп» деп қатты састы
Байтал түгел бас қайғы болмасын деп
Ел таппақ боп ес барда тұра қашты
Бұл аңыз белгілі еді жұртқа-барша
Айтпақ болдық өлеңғып шамамызша
Қиялы оқтан ұшқыр, ойлы есепкер
Айта ғойшы ұрылар саны қанша? Жауабы:(2 екі)
Қорытынды.
Математикадан сыныптан тыс жұмыс бүкіл оқу процесінің құрамды бөлігі ,сабақтағы жұмыстардың заңды жалғасы болып табылады.
Сыныптан тыс шаралардың негізгі міндеттері : оқушылардың практикалық дағдылары мен білімдерін кеңейте және тереңдете түсу, логикалық ойлауды ,тапқырлықты, математикалық қырағылықты дамыту.Сөзімді қорытындылай келе ,өзімнің іс –тәжірибемнен байқағаным,оқушының математиканы толық меңгеріп, қиналмай үлгеруі үшін , мұғалім бірінші сыныптан бастап оның логикалық ойлау қабілетін қалыптастыра беруі керек.Қызықты есептер жас ерекшелігіне қарай сараланып беріліп отырса,тиімді болары сөзсіз.Ең басты көңіл аударатын мәселе-баланың математикаға деген қызығушылығын арттыру.Беріліп отырған материалдарды мұғалім сабақта немесе сыныптан тыс уақытта қолданса ,оқушылардың математикаға қызығушылығы артар еді.Осындай сабақтар балалардың шығармашылық белсенділігін арттырып,ой қызметінің қиналысын талап ететін тапсырмаларды орындауға қызығушылығын тудырады.
Қолданылған әдебиеттер.
1 Б.М.Қосанов, Р.К. Өміртаева «Математикадан дидактикалық ойындар және қызықты жаттығулар».
2 С.Елубаева. «Математикадан жүргізілетін сыныптан тыс шаралар»
3 Ш.Құрманалина «Математиканың бастауыш курсын оқыту»
Достарыңызбен бөлісу: |