Қызықты есептер.
1. Меніменен алты қыз
Бірге қырдан асты.
Төрт қыз, бес ұл қосылып
Неше болды, тапшы?
2. Екі алма қолға алдым,
Екі алма қалтаға салдым.
Үшеуін алды Айша
Бәрі сонда қанша?
3. Інім жеті жаста,
Ағам жиырма жаста.
Інім ағамнан
Кіші қанша жасқа?
4. Үй мен мектеп арасы
Үш шақырым шамасы.
Барып келгенде жаяу
Қанша жүріпсің санашы?
5. Үйде аға - жеңгем,
Үш әпке, жездем.
Апам, әкем, шешем,
Інім және мен.
Келді досым Төкен,
Еріп келді Бекен.
Барлығымыз қанша?
Айтшы санын көкем!
6. Екі киі
Алты мүйіз,
Сегіз балта,
Тоғыз қалта,
Отыз малта.
Жаңылма, бала,
Түгендеп сана.
7. Өсіп тұрған бір қайың ағашы тәулігіне 40 литр
су ішеді екен. Ал осындай екі қайың ағашы 80 литр суды
қанша уақытта ішуі мүмкін?
8. Сен қазір 7 жастасың.Әкең және шешең 40 жаста.
Сен 9 жасқа келгенде олар неше жасқа келеді?(42 жаста болады)
9. Себетте 6 алма бар еді.6 алманы бөліп алды.Бірақ сбетте әлі 1 алма бар.Ол қалай?(1 алманы себетімен алды)
10. Су жағсына тауықтың,үйректің 7 балапаны келді.
Суда бірақ 5 балапан жүзіп жүр.Сонда 2 балапан қайда? (2 балапан тауықтыкі)
Достарыңызбен бөлісу: |