Функционалды сауатты тұлға - қоғамның құндылықтарына сәйкес, қоғамдық ақуалдың қалыптасқан мүдделеріне қарай әрекет етеді. Бүгінгі күнге қажетті мамандықты таңдап дұрыс шешім қабылдап, заманауи ақпараттық технологиялардың тілін біліп, кез келген әлеуметтік ортаға бейімделеді. Негізгі белгілері: қоғамдық ортада өмір сүре білетін, тіл табыса білетін, белгілі бір сапалық қасиеттері бар, жалпы негізгі және пәндік құзыреттіліктерді меңгерген адам болып саналады. Жеке тұлғаның басты функционалдық сапасы белсенділік, шығармашылық пен ойлауға қабілеттілік және стандартты емес шешімдер қабылдай алуы, өзін-өзі дамытуға, өздігінен оқуға, өз білгенін іске асыру болып табылады. Осы тұрғыда оқушылардың функционалдық сауаттылығы өмірден алатын білім, білік және дағдылары адам жұмысының әртүрлі саласындағы алуан түрлі тапсырмаларды шешудің, еңбек өнімділігі мен әлеуметтік-экономикалық дамудың тұтас алғандағы әлеуметтік қатынастардың оқушының меңгеретін білім мазмұнымен байланысы арқылы қалыптасады, осы аталғандарды қалыптастыруды этнопедагогиканың элементтерімен тығыз байланыстырып қарауға болады. - Оқушының сауатты оқу әрекетін қалыптастыру технологиясы
- жобалау технологиясы
-
- Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы
- Оқытуда оқушылардың жетістіктерін бағалау технологиясы
Достарыңызбен бөлісу: |